Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет40/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   80
Қуат-қайратым-
Тұла бойымды тастап,
Қашқан сыңайлы.
Ақыл-санамның да Айбатын-
Құдiреттi бiр күш жасқап, 
Басқан сыңайлы...
Билеушi бектерiңнiң 
Жанын алған кiм едi?!
Дауыстар: 
- Тəңiрiнiң түнегi...
- Сұмырай Ажал
Қызыл қанат əзiрейiл... 
Поэманың алдыңғы бөлiмiнде Сарын-Арумен кездесiп тұрған 
сəтiнде күңiренген Ажал-дауыс:
...Бұ дүниеде-үлесiң:
Сен-жер бетiнде
Қырық жыл ғана өмiр сүресiң,
Қорқыт,-
деген болатын. Сол Ажал-дауыс ендi көр түбiнен бұрынғыны 
қайталай айтып:


101
Пəлi?!
Бүгiн-тура қырықтасың
Яки, мендiк ырықтасың
Қорқыт,-
деп мазақтай күледi. Жер астынан шыққан Əзiрейiл-Ажал 
аузынан айтылатын поэтикалық толғау-дастанның мазмұнын 
тереңдетiп, оқиғаны ширықтыра түсетiн жолдар. Көркемдiк 
нақышы мен ырғақ мақамы арқылы да Ажалдың адам атаулыны 
үрейлендiретiн сұсты қалпы аңғарылып тұрғандай. 
Ажалмен тайталасқан сəттегi Қорқыт тұлғасы тiптен күр-
делене түседi. Өз құдiретiн дəлелдемек болған Ажал - Əзiрейiл 
Билеушi – Бекке қайтадан жан кiргiзедi. Қайтадан тағына мiнген 
бек қобыз кiмдiкi екенiн, көр кiмдiкi екенiн сұрайды. Дауыстар 
қобыздың да, көрдiң де Қорқыттiкi екенiн айтады.
Бар пəле-кiмде, 
Қорқыт?!
Айтшы,
Қобызда ма,
Сенде ме?!-
деп сұраған билеушi бекке Қорқыт:
-Тек!
Пəле өзiң тақылеттес
Ақыл-есi кемде,
Билеушi-Бек-
дейдi. Ызаланған бек қалың топқа:
Қорқытты
Тiрi күйiнде
қобызымен қоса көмiңдер-
қайтып шықпастай қып Көрiне!-
деп бұйырады. «Қайда барсаң Қорқыттың көрi» деген ел ау-
зындағы мəтел өзiне қазылған көрден қашып, шартарапты кезiп 
кеткен Қорқыт атамызға байланысты туса, ақын бұл желiнi мүлде 
басқа арнаға бұрып, тың оқиға тудырған. Яғни, Қорқыт өзiне емес, 
Билеушi-Бекке арнап қазылған көрге түсуi керек. Ендiгi оқиға 
ежелгi жазба мұра - «Қорқыт ата кiтабындағы» «Доқақожаұлы ер 
Домрул» атты жырмен үндеседi. Ақын ондағы оқиғаны желi етiп 
алғанымен, өзгеше өрнекпен құрған. Əзiрейiл-Ажалдан жан берiп, 
жан алушы - Тəңiрдiң өзi екенiн естiген соң, Қорқыт оның құдiретiне 


102
құлшылық етедi. Пендесiнiң өзiн шəк келтiрмей танығанына риза 
болған Тəңiр-дауыс: «Өз жанының орнына басқа бiреудiң жанын 
тауып берсiн», - дейдi. Қорқыт ет жақындары - əкесi Қарақожаны, 
анасы Қамқаны, досы Рəпiлдi, көңiлдесi Никенi атайды. Бұлардың 
бəрi ажал алдында дəрменсiз. Тiптi əкесi Қарақожа:
Қайдан бiлем мен байғұс,
Кiм екенiн əкесi-
Көр иесi Қорқыттың?!
Шешесiнен сұрап көр-
Сол бiледi анығын...-
дегенге дейiн барады. Анасы болса:
Менiң берер
Артық-ауыс жаным жоқ-
деп, бiр-ақ қайырады. Əкесi Қарақожа:
Қаратауымды алсын-
Жайлауы болады.
Ақ отауымды алсын-
Ойнағы болады.
Үйiр-үйiр жылқымды алсын-
Мiнерi болады.
Ақтылы қойларымды алсын-
Шiдерi болады.
Алтын, күмiсiмдi алсын
Жинаған
Жанымды өзiме қи,
Балам,-
деп Қорқыттың аяғын құшып жалбарынады. Досы Рəпiл:
Егер сен-
Ғайыптан күсiп,
Ақ мұнарлы қамалға түсiп-
Гəуiрлерге тұтқын болсаң
Ғұмыр бойына терiп,
Тiрнектеп жиған барымды берiп,
Ыстығыңа күйiп,
Суығыңа-тоңар ем...
Құтқарар Мықтың болар ем!
...Жан беруге –Осалмын-
деп ағынан жарылып, шынын айтады. Көңiлдесi - Нике де жанын 
беруден бас тартады. Осындай қиын сəтте Қорқытты құтқарған 
– жары Сарын-Ару. Ол Əзiрейiлге Қорқыт үшiн өз Жанын алуды 
өтiнiш етедi. Ендi Сарын-Арудың алдында Ажал дəрменсiз халге 


103
түседi. Аяғы ауыр арудың жанын алуға батылы бармайды. Əрi 
оған шексiз риза болады. Келесi сəтте Қорқыт өз жанын алуға 
ризашылық бiлдiредi. Соңғы сəтте қобызбен күй тартып, өмiрмен 
бақұлдасуға мұрсат сұрайды. Күй тартылғанда көр iшiндегi 
əзiрейiл-Ажал iзiм-қайым жоқ болып кетедi. Қобыз шалса қалың 
топ сiлтiдей тынып, күй тоқтаса «Қорқыттың көрi», - деп шуласып 
қоя бередi. Қорқыт болса Сарын-Аруды ертiп, топтан сытылып 
шығып кетедi.
Төртiншi көрiнiсте Қорқыт-Абыз Желмаясының терiсiнен 
жасалған киелi кiлемiн төсеп, Сырдарияның үстiнде күй тартып 
отырады. Ақын бұл жерде Қорқыттың сəбиiне арналған «Əуп-
пай» күйiн шалуын тiлге тиек етедi. Бiр сəт қалғып кетiп, ажал 
жылан болып келiп, шағып алады. Қорқыттың соңғы аманаты – 
өзiн Қазалыға жерлеу жəне қобызды ұлына тапсыру.
Ақынның оқиғаның ерекше ширыққан тұстарын «күн тұты-
лып, жер қозғалғандай болады» деген жолдармен ажарлауы 
дас танның көркемдiк шырайын, мифтік қатпарын аша түседi. 
Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрi» аңыз дастаны – аңызды өзi-
нiң көркемдiк-идеялық мақсаттарына сай өңдендiре, өзгерте 
драмалық тартысқа құрған, Қорқыт-Абыздың күрделi де тылсым
болмысын танытқан мифопоэтикалық астары терең туынды.
Е. Раушановтың «Қызық емес оқиға» атты шағын поэмасына 
(ақынның өзі баллада деп атайды) арқау болған – Адам ата мен 
Хауа ананың жұмақтан қуылу оқиғасы. Бұл өте кең тараған діни-
мифологиялық сюжет.
Балладаның лирикаға тəн жанр екені белгілі. Сондай-ақ лиро-
эпикаға да қатысты. Яғни, бұрыннан белгілі оқиға же 
л 
ісі ли-
рикалық-психологиялық шеңберде суреттеледі. Қазіргі ұғым 
-
да ауыр, өзгеше сюжеттің өлең түрінде баяндалуы болып 
саналатын лириканың бұл түрі романтизм дəуірінде ерекше 
дамыды. «Көптеген балладалар аңыздармен байланысты болса, 
енді біреулері ғажайып құпия уақиғалармен байланысты болып 
келеді. Романтикалық балладаларда əлем мистикалық, жоғарғы 
күштердің патшалығы түрінде көрініп, оқиға құпия шеңберде 
өрістейді, əрекет етуші бейнелер аруақтар, өлілер болып келеді. 
ХХ ғасырда, романтикалық дүниетанымның тоқырап, реализмнің 
белең алған кезінде баллада біртіндеп мистикалық сипаттан арыла 


104
бастады, дегенмен оған деген қызығушылығын мүлде жоғалтқан 
жоқ», – деп жазады Э. Я. Фесенко. Еуропалық əдебиеттегі баллада 
тарихына көз жіберсек, архетиптік балладалық сюжеттерге ерек-
ше назар ауады. Балладалардың фольклормен терең та 
мырлас 
болып, көнелік сипат иеленуі синкретті лироэпикалық жырлармен 
байланыстырылады. Қазіргі ұлттық əдебиетімізді бұл жанрдың 
дамуы тақырыптық, мазмұндық, көркемдік тұрғыда сан салалы. 
Біз талдауға алып отырған туынды архетиптік сипаттағы дайын 
сюжетті арқау еткендіктен, сөзімізді осы бағытта өрбітпекпіз.
Баллада жанрының даму тарихында «дайын сюжетті» пай да-
лану көркемдік мақсатта жүзеге асып, сол сюжет желісі транс-
формацияға ұшырайды. Аталмыш баллада оқиғасы Адам ата мен 
Хауа ананың жұмақтың есігін жауып шыққанынан бас талады:
Əлқисса, тарс жабылды зілмəн есік,
Дір етті алма ағашы тұрған өсіп.
Хауа ана, Адам ата сыртқа шықты,
Тікен-мұң жүректерін тырнап, осып.
Қасиетті Құран кітаптың 7-Ағраф сүресіне назар аударайық: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет