Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет38/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80
 Мен - Өмірдің теңімін,
 Өлім маған тең емес, -
деген сөзді тек рухы биік жан айта алса керек. Ақынның осы 
өмірді сүю, Мəңгілікке талпыну идеясы “Қорқыттың көрі” 
дастанының негізгі өзегіне айналған.
“Қасиет-нама” тараушасына енген өлеңдер топтамасындағы 
Иассауиге арналған өлеңдерден имандылық пен тазалықты пір 
тұтқан жүректің бұлқынысы аңғарылады. Иран-Ғайып тілінің 
өзгеше өрнегі мен кестесі аталмыш өлеңдерден де ерекше көрінеді. 
Текке жария етпедім,
Көкірегімде нұр барын,
Жайнамазым- Дəптерім,
 
 
Намаз – жазған жырларым, -
деген тебіреністі жолдар ақындық болмыстың ақиқат сырын 
танытады.
Ежелгі дəуір əдебиетін зерттеуші ғалым А. Қыраубайқызы: 
«Өмір мен өлім тақырыбы адамзат мəдениетінің ең көне құнды 
деректерін берген «Гильгамеш» пен «Авеста» жазбаларында 
да бар», «Гильгамеш те Қорқыт ата сияқты өлімнен құтылу 


97
үшін арпалысады», «Қорқыт аңызындағы өлімнен қашу идеясы 
«Қорқыт ата кітабындағы» ержүрек Темірұл (Домрул) туралы 
жырдан көрініс тапқан», - деп жазады. Ел аузындағы Қорқыттың 
өлімнен қашуы туралы желіні «Қорқыт ата кітабындағы» 
«Домрулдың қызыл қанатты Əзірейілмен айқасауы» жырымен 
қабыстыра отырып, осы «дайын» сюжеттер» негізінде Иран 
Ғайып «Қорқыттың көрі» дастанын дүниеге келтірген.
“Қорқыттың көрі” аңыз-дастаны – барынша буырқанған 
ақындық шабытты айғақ еткен бірегей туынды. Бұл драмалық 
поэманың кейіпкерлері – күллі түркі дүниесінің қасиетті абызы
пірі Қорқыт ата мен Жаналғыш-қызыл Қанат Əзірейіл, Қорқыттың 
əкесі – Қарақожа-Оғыз ата, анасы-Қамқа-Қыпшақ ана, билеуші-
бек – Қаһан, Қорқыттың жары - Сарын ару, досы Рəпіл, көңілдесі 
– Нике. Бұлардан басқа дастан оқиғасына əр түрлі Дауыстар 
жəне Қырық қыз қатыстырылған. Оқиғаның өтетін уақыты – 
«Расул (Мұхаммед) Пайғамбар заманына жақын тұс (VII-VIII 
ғасыр), өтетін жері – «Баят (Сырдария өзені) бойы» (Дастанның 
кіріспесінде көрсетілген мəлімет осындай)
Аңыз-дастан мазмұнына көз жүгірткенде ең алдымен 
аңғарарымыз – оқиға мазмұнына өзімізге таныс, халық жадында 
сақталып келген аңыздар желісінің алынғандығы. Иран-Ғайып 
аңыз оқиғасын шығарма өзегіне ала отырып, өзінің суреткерлік 
қиялына сай, поэтикалық бояуы қалың көркемдік шешім жасаған. 
Қорқыт ата туралы аңыз-əпсаналардың ішінде ең əйгілісі – абыз-
бабаның ажалдан қашуы, сондай-ақ қобыз аспабын жасап, одан 
мұңлы да ғажап əуенді күй төгілткені. 
Аңыз дастанның бірінші бөлімінің бірінші көрінісінде за-
манына налыған Қорқыт көктегі ие - Тəңіріне мұң шағады. Бұл 
көрініс «Аспан асты… Жер үсті… Ұлы дала… Табиғат» аясында 
өтеді. Тəңірмен тілдеспекке көкке қарай ұмсынған Қорқыт 
күңіренісінде күллі адамзаттың ұлы мұңы жатқандай.
… Кем түйсініп, Аз ұғам:
Мүмкін сенің базынаң…
Бейне нахақ наласындай Ғаламның
Жатырында
Үш жыл жаттым Анамның!
Əуел баста-ақ
Маған қимадың
7–1036


98
Тоғыз ай 
Тоғыз күншiлiк
Шарана-Ғұмырын Адамның, -
деп тебiренген Қорқыт толғанысының өзегi, оның ана құрса ғында 
үш жыл жатқандығы туралы аңыздан бастау алады. Ел аузын дағы:
Қорқыт туар кезiнде
Қара аспанды бу алған,
Қара жердi су алған,
Ол туарда ел қорқып,
Туған соң əбден қуанған,- 
деген жыр жолдары Иран-Ғайып дастанында былайша өң денедi:
Мен келерде-
Ай менен күн шағылысып,
Аруана-тiршiлiк
Күйiсiнен жаңылысып,
Ауа қозданып-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет