Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет37/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   80
Қан емес, сүт атылды арда бұлақ,
...Айғыр топ қашып шықты жалға бір-ақ.
Сүт қуып бара жатты соңдарынан
Қырға өрлеп, өрге шауып, жарға құлап.
Поэманың бірінші бөлімі осы оқиғамен аяқталады. Екінші 
бөлімде қызыл əскер кеткен соң ауылға қайтып оралған адамдар 
төрт түлігі аман, шаңырақтары ойрандалмай орнында тұрғанын 
көріп бір таңданса, бассыз жатқан өлі денені көріп екі таңданады. 
Бітім-болмысы бөлек, ақ көйлекті кірпияз жан өлерінде қос 
қолымен төсін жауып, етегін қымтап алыпты. Оқиғаға тосыннан 
араласқан əруақ-кемпір үлкен идеялық жүк арқалаған символдық 
бейне. Сондықтан да автор оны ерекше қалыппен суреттеген. 
Басына қылыштың өтпеуі, қазақ қолындағы қылыштан ғана басы 
кесілгенде қан орнына сүттің ағуы, елірген қызылдарды сол сүттің 
қуалауы, өліп жатқанда да төсін жауып, етегін қымтап алуы, ел 
жиылып, қабір қазып, жерлемек болғанда тіпті отыз кез лақатқа 
сыймауы ертегі оқиғасына ұқсас болғанымен, поэма ертегі емес. 
Кемпірге қатысты əрбір ғажайып оқиғаның өзіндік астары бар. 
Кемпірмен бірге аталатын ақ мая да осындай символдық мəнге 
ие. Кемпір мен үдере қашқан ауыл адамдары сыйынатын Еділ 
ананың арасында тығыз байланыс бар. 


94
Сонымен, кемпірдің мүрдесі отыз кез лақатқа сыймай, елді 
таң қалған үстіне таңдандырып тұрғанда ақтардың келе жатқан 
хабарынан ауыл қайта дүркірей қашады. Ақтар кеткен соң ауылға 
оралған адамдар мүрдені де таба алмай қалады. 
Ақ қашып, қызыл қуған заманның зобалаңына ұшыраған 
Қарой ауылының көрген қасіретін паш еткен поэтикалық орал-
ым дар мен бейнелеулер поэманың көркемдік мазмұнын тереңдете 
түскен. Зобалаңы көп заманның «некесіз көрде туған сұм ғасыр» 
болып суреттелуі, қап-қара құмның қан жұтуы халық кешкен 
қасіретті сезіндіре түсер жолдар. Ақ пен қызылдың ортасында 
қалған Еділ аулының кейуанасын ақтың оғы жалмаса, шалды 
қызылдың қылышы турайды. Сол сəтте ғайыптан пайда болғандай 
ақ маялы кемпір алға түсіп, аман қалған қазақтар сол кемпірге 
ілесіп, сытылып шыға береді. Ақ маяны көздеген қызыл əскердің 
аты үркіп, құлап өледі. Халық санасына сіңген киелі ұғымдардың 
ақ мая, ақ кемпір, ақ сүт, ақ қара бас аққу, топ қаз түрінде көркем 
символдық детальдар болып қызмет атқаруы бұл поэмаға 
мифопоэтикалық сипат дарытқан. Кие, қасиет – халық рухын 
сақтаушылар һəм қорғаушылар. Бұл ұғымның өзі жаратылыстың 
тылсым сырымен, Жаратушының құдіретімен сабақтасады. 
Қызыл əскердің оқыстан ажал табуынан да сескенбеген 
«айғыр топтың» көз алдында ақ мая тұра қалып сілкінгенде ақ 
қара бас қуға айналып сала береді. Кереметке ұласқан қанды 
түнде топ қазақ топ қазға айналып, аққуға ілесіп, шашырап, 
жаңа шығып келе жатқан күн астына қарай ұшып бара жатады... 
Мұндай мифтік құбылушылық желісі қазақ ертегілері мен 
аңыздарында көптеп ұшырасады. Дəстүрлі желі десе де болады. 
Аруаққа сыйынып, одан медеу сұраған ауылды сол аруақтар 
əлемінен келген ана құтқарып, аспан əлеміне көшіріп əкеткен. Бұ 
дұниеден о дүниеге өту де мифтік құбылыс түрінде түсіндірілетін 
көне аңыздар бар. Мұның өзі рухтың мəңгіліктігі туралы сенімді 
аңғартады. Құтылу мақсатында жүзеге асатынына «Қырық 
қыз» мифі мысал Мифтік құбылушылықтың кей жағдайларда 
адамның қауіп-қатерден құтылуы мақсатында жүзеге асатын түрі 
бар. Осындай дəстүрлі мифологиялық əңгімелердің поэтикалық 
суреттеулерге ұласып, көркемдік-идеялық жүк арқалауы көне 
дүниетаным туындатқан мифологиялық ойлаудың көркемдік 


95
ойлауға сабақтасып, пішіндік өзгерістермен рухани игілікке 
қызмет етуінің көрінісі.
Аққу мен қаз – байырғы қалыптасқан наным-сенім бой-
ынша киелі құстар санатында. Қазақ мифологиясында бұлар 
то 
темдік құстар. Зұлмат кезеңге тап болған Қарой ауылының 
адамдарының қазға айналып ақ қара бас қуға ілесіп ұшып кетуі-
нің тұспалы рухтың қандай қысылтаяңда құтқарылып, ғұмырын 
жалғастыратынының мысалы. Аспанға ұшу түп негізге оралу
аманат жанның өз тұрағына келуі. Ақ қара бас қудың өзі ерекше 
киелі, қасиетті құс сипатында ишараланады. Діни аңыздарда 
Алланың шерісі Əзірет Əлі бақилық болғанда оны ақ түйеге 
мінген жұмбақ адам келіп алып кетеді. Бұл поэмада ақ мая мінген 
Еділ ана рухы ауыл адамдарын аспанға қарай бастап кеткен. 
Өлімді рухтың тəнді тастап шығуы деп түсіндіретін діни таным 
«аспанға көшу» сюжетіне астар болған. Сəттік алдамшы фəниден 
мəңгілік ақиқат бақиға қарай құс болып ұшып кету көркемдік 
ұғымда Қарой ауылы шеңберіне жинақталған ұлттық болмыстың 
жасампаздығының тұспалы. Ақынның айтпақ ойы, ұстанымы 
осы сюжеттік шешіммен нақты көрінген. 
Қазіргі поэмаларда əуелден бар «дайын сюжетті» пайдалану 
– теоретиктердің көрсетуінше «синкертизм дəуіріне» тəн. «Бұл 
дəуірде екі оқиғалық архетип – көркемдік дамудың кезекті 
дəре жесі ретінде дайын сюжетті тілдің берілуінің кумулятивті 
жəне циклды түрі көрінді». Эйдетикалық (дəстүрлі) поэтикада 
«сюжет шығармашылығы тоқтап, енді оны пайдалану басталды» 
дейді О. М. Фрейденберг. Бұл зерттеушінің кумулятивті жəне 
циклды схеманы біріктіріп, «мифологиялық сюжет» ұғымында 
қарастырғаны белгілі. 
Сонымен, «дайын сюжеттің» мағынасын төмендегідей бел гі-
лер анықтайды: а) оның архетипі «мифологиялық сюжетте» бері-
ліп қойған; ə) кумулятивті жəне циклды сюжет дайын. Сюжеттік 
типтің жаңа құрылымы туындамайды; б) сюжет тек берілген 
архетиптік негізде ғана емес, дайын блоктар мен мотивтер негізінде 
құрылады; в) сюжет авторға тəн емес. Оның жеке туындысы болып 
саналмайды, өйткені оған дəстүрден келген. 
Көрсетілген сипаттарға назар аудара отырып, И. Оразбаевтың 
«Қорқыттың көрі» поэмасы мен Е. Раушановтың «Қызық емес 


96
оқиғасы» балладасын дайын сюжет негізінде туған шығармалар 
дейміз. «Дайын сюжетті» пайдаланғанда автор өз вариациясын 
ұсынуы немесе өңдеуі мүмкін екенін ескерсек, ақынның кең 
таралған мифологиялық сюжетті пайдалануындағы көркемдік 
мақсат пен авторлық ұстанымын басты нысан етеміз. 
«Дайын» мифологиялық сюжеттерді пайдалану ұлы Абай 
дəстүрінде бар. Ақынның «Ескендір», «Масғұт» поэмалары шы-
ғыстық мифтік сюжеттерге құрылған. Мағжанның «Қорқыт», 
«Қойлы 
байдың қобызы», «Ертегі» поэмаларына да «дайын» 
сюжет тер негіз болған.
Өзіндік үнімен, өлеңдегі дара бітім, бөлек мінезбен танымал 
көрнекті ақын Иран-Ғайыптың “Қорқыттың көрі”атты дастаны ел 
аузында кең таралып, халық жадында көне дəуірлерден жатталып 
келе жатқан мифтік сюжетке негізделе жазылған.
Ақынның өлеңдерінде мəңгілік өмірді аңсау сарыны басым. 
Бірсыпыра өлеңдер топтамасынан тірліктің жалғандығына налы ған, 
өзін тек өмір сүруге тиісті тұлға ретінде санаған асқақ үнін ести міз. 
Ақын ойынша, ерекше Ақыл-Ойға ие Адам баласы өлуге тиіс емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет