Оқулық Алматы, 012 удк


Шүйгіші көлден көлге, судан суға, Көзіме бір көрініп, Көк ала үйрек, –



Pdf көрінісі
бет44/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80
113
Шүйгіші көлден көлге, судан суға,
Көзіме бір көрініп, Көк ала үйрек, –
деген тілекпен түйінделеді.
Көк ала үйректің шарқ ұрып, жерге қона алмау себебін ақын 
поэманың екінші бөлімінде түсіндіреді. «Семейден топырағым 
болар білем» деп арыздасқан Кемпірбай сөзі қалың қазаққа 
мəлім. Сол Семейден топырақ бұйырған Кемпірбайдың моласы 
қасапхананың астында қалған. Кеңес өкіметі салтанат құрып 
тұрған бір жылдары молалар тапталып, қасапхана салынған. Бұл 
қасіретті ақын:
Аруақтың көрден шығып қаңқа басы,
Бақидың басталыпты жанталасы.
Жалғасып келе жатыр содан бері
Өлі мен тірілердің жанталасы.
Тажалдың күні шықса шалқып алдан,
Жұқ болмас жұмырына жарты жалған.
Беттері тірілердің бүлк етпепті,
Тұрағын өлілердің тартып алған, –
деп жырлайды. Жаратушыны мойындамайтын атеистік сана 
үстемдік еткен қоғам рухани дүние игіліктерін мүлде керек 
етпейді. Моланы таптау, өлілерге маза бермеу – өткенді жоюдың, 
ата-бабадан мұра болып қалған рухани байлықты құртудың 
бір көрінісі. Ақын бұл əрекетті фəни мен бақидың, тірі мен 
өлінің тартысы түрінде мифопоэтикалық аяда алып бейнелейді. 
Бақидың мəңгілік тұрғындары аруақтар қауымы болса, фəни 
тұрғындарының пиғылы оларды мазасыздандырады:
Аруақтар аласұрып тыншымайды,
Обалын шіркіндердің кім сұрайды?
Моласын мұңдасының қайта таппай,
Жалғыз-ақ Көк ала үйрек шырқырайды.
Көк ала үйрек болмысты өлең, яғни ақындық рух өзінің қа-
жетін, тегі мен негізін іздеп аласұрады. 
Бір кездері қан сасыған, қасіреттің қазанын қайнатқан қас-
пахна қаңырап қалған. Ақын поэманың үшінші бөлімін қасап-
хананың бүгінгі осы халін тілге тиек етіп бастайды. Кемпірбайдың 
моласын шыр айналған көк ала үйрек бір кездері қан сасыған бұл 
маңайдан шошып, ұшып кеткен. Үрей шашқан қасапханаға қарап 
тұрып, лирикалық қаһарман арыстарды қойдай тізіп айдаған, ажал 
8–1036


114
құштырған замана зобалаңына да налиды. Сүйектің сұраусыз 
кетуі ұлттық салт, ғұрыптағы үлкен қасірет. Поэтикалық толғаныс 
аясындағы көк ала үйрек, жер астында шуылдаған аруақтар, 
бұлардың ортасында солармен тілдесіп тұрған лирикалық 
қаһарман поэманың мифтік сарынын күшейте түскен. «Естілер 
аруақ үні тыңдағанға», «ғайыптан қасіретті үн келеді» деген 
жолдар осыған дəлел. Тылсым əлемге қарай тартылған лирикалық 
кейіпкерге бұл дауыс Кемпірбайдың тілімен үн қатқан қапалы көк 
ала үйрек болып сезіледі. Аруақты құрмет тұтып, қастерлеген 
қазақы сенім мен ғұрып ақын ойының өзегіне алынған:
Алдайды жалған дүние бүгін жолдас,
Аруағын зарлатқан ел түбінде оңбас.
Ей, қазақ, бүйте берсең, аз ұрпағың
Торғайдай тозып бітер, түгің қалмас.
Көтеріп қорлығын да, мазағын да,
Қиналдық қасіреттің азабында.
Аруақтар аза тұтып жатқаннан соң
Болмайды енді ешқашан маза мұнда!
...Мазарын мазақ етсе, мыңқ етпейтін,
Намысы сөнген халық – өлген халық.
Аруақ үні болып жеткен бұл сөздерге лирикалық қаһарман мұң 
шаға жауап қатады. Аруақ пен лирикалық қаһарманның диалогы 
поэманың көркемдік мұратын, эстетикалық əсерін арттырған. 
Тыл сымнан, ғайыптан естілген аруақ үні қайта ғайып болғанда 
аспан жақтан қанатын жайып келген Көк ала үйректің болмысы 
мүлде ерекше:
Дауысы Кемпірбайдың болды ғайып,
Орнымда қала бердім мен мұңайып.
Сол кезде аспан жақтан Көк ала үйрек
Қанатын көбелектей келді жайып.
Төбемде айналады шыркөбелек,
Білмеймін, бұл ғажапқа кім не демек?
Үйректің кейпінде деп ойлаушы едім,
Құс емес, ұсқыны да мүлде бөлек.
Мистикалық қалыптағы өлең бейнесі ақын суреттеуінде осы-
лайша көрінген. Жоғарыда айтып өткен нұр, сəуле желісі де ақын 
санасынан тыс қалмаған:


115
Торғындай қанаттары дірілдейді,
Сусылдап ұшқаны да білінбейді.
Төгіліп сүйкімді бір нəзік сəуле
Толқытып жүрегімді күлімдейді.
Дəстүрлі таныммен сабақтасқан бейнелеу – нəзік сəулені төгілуі 
– нұрдан жаратылған рух мəңгіліктігінің бір сəттік нышаны. Көк 
ала үйректің көрінуі мен сəуленің төгілуін сəтті үйлестірген ақын 
мифтік кеңістікке барынша тереңдейді. Кемпірбайдың кеудесінде 
сайраған еркін күнін армандаған Көк ала үйрек жерге қонбайды. 
Поэманың төртінші бөлімінде Көк ала үйрек туралы траге дия -
лық һəм лирикалық толғаныста өзекті тарихи əрі руха ни мə селе лер 
қозғалған. Кемпірбайдың кіндік қаны тамған Деге лең мен Мыр-
жықтағы атажұрты зұлматтың ошағында күлге айнал ғаны, ұлттық 
рухтың шерлі қалпы Көк ала үйрек айналасына жинақ тал ған. 
Сиқырлы Көк ала үйрек құлағына,
Шалынбай аруақ үні тұрады ма?
Келеді қайдан болсын салып ұрып,
Баяғы бауыр басқан тұрағына.
Кемпірбайдың моласына келгенімен, таба алмай шыр айналған 
Көк ала үйрек заман желінің екпінімен қаңғып жүргендей. 
Қонбаса Көк ала үйрек қайта жерге,
Қалады не қасиет байтақ елде? –
деген аруақ үні – Кемпірбай мұңын ақын поэма финалында 
дамытқан:
Халықтық қасиеттен жұрдай болсаң,
Қайрылып Көк ала үйрек қонсын қалай?
«Қым-қуыт, түпсіз терең кең əлемді шарлай ұшқан» Көк ала 
үй рек тек өлеңнің ғана емес, ұлттық рухтың тұлғасына айналып, 
барынша дараланады. Кемпірбайдай ақынның кеудесіне қонған 
өлең бойына күллі қасиет пен кие сіңірілген. Кеудесінде зор 
қайғы бар шерлі құс жауыздық атаулыны қарғап, ажалсыз болған 
соң көк аспанды мəңгі шарламақ. Ақынның айтпағы, поэтикалық 
емеуріні рухты қастерлеуге, өткенді құрмет тұтып, оған тағзым 
етуге саяды. Кемпірбай толғап айтқан Алланың аманаты кеуде-
дегі шыбын жан ғана емес, жаратушы сыйлаған ақындық, рух 
əлемінің бір жаратылысы өлең, яғни, Көк ала үйрек. Ол түбі қонар 
айдынын іздеп, тағы бір мекені – көк төсінде мəңгі қалықтай 
бермек. Сондықтан да ақын поэмасын:


116
Бар оның қанатында ғаламат күш,
Дамылсыз жер мен көкті аралатқыш.
Адамнан қайыр күтіп қапаланбас
Алланың бір өзіне аманат құс! –
деп түйіндейді.
«Көк ала үйрек» поэмасында Кемпірбайдың қоштасу өлеңін-
дегі бір деталь тұтастай тақырыпқа, рухани болмыс тұлғасына 
айналып, мифопоэтикалық тəсілмен барынша күрделенген. Ли-
рикалық қаһарман «Ат басын бұрдым, Семей, саған қарай» деген 
жолдан бастап-ақ мифтік кеңістікке қарай қадам басқан. Сол 
кеңістікте Кемпірбай аруағымен, Көк ала үйрекпен жолығып, 
олардың мұңдарына өз мұңын қосқан. Ұлттың қасіреті мен 
қайғысын толғап, иесі мен киесіне сұрау салған. Осы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет