Іс-әрекет нәтижелерін зерттеу әдісі. Бала іс-әрекетінің өнімі олардың салған суреттері, жапсыруы, құрауы, құрастыруы, қолдан жасалған заттары, өздері шығарған ертегілер, өлеңдер. Зерттеуші үшін олардың барлығы бірдей құнды бола бермейді. Баланың тікелей үлкендердің нұсқауымен атқарған жұмысы олардың бойындағы түсіну және берген нұсқауды орындау мүмкіндіктерін, зейінділігін, шын ниеттілігін т.б. ашуға көмектеседі.
Балалар салған суреттер белгілі дәрежеде олардың авторларының
ақыл-ойының дамуын білуге мүмкіндік береді. Балалар салған суреттерден олардың өзін қоршаған ортаға көзқарасы айқын сезіледі.
Балалар салған суреттеріне, құрастыру материалдарынан жасаған жұмыстарының нәтижесіне қарап, қыздардың тіккен кестесіне, ер балалардың ағаштан жасаған шеберлік жұмыстарына, саздан жасалған мүсіндеріне қарап, бала психикасының дамуы туралы қорытынды жасай аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |