Грамматикалық құрылысты, игерудің өз даму кезеңдері болады. Бірінші кезең бір мен екі жасқа дейін - түбірлі сөздерден құралатын сөйлемдер кезеңі. Бұл кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдер ажыратылады. Баланың сөйлеуі ересек адам сөйлеуіне аз ұқсайды, ол көбінесе үлкендер пайдаланбайтын сөздерді қолданады. Мұндай сөйлеу автономиялы сөйлеу деп аталады. Сөйлеудің дұрыс дамуы жағдайында
автономиялы сөйлеу тез өтеді. Тілдің грамматикалық құрылысын дамытудың екінші кезеңі үш жасқа дейін созылады. Баланың сөйлеуі біршама байланысты сипатқа ие болып, заттық дүниедегі көптеген қарым-қатынастарды оның түсінгендігін білдіруге мүмкіндік береді. Үш жасқа қарай бала бірсыпыра септік жалғауларды игереді. Заттық қатынастарды білдіретін сөйлеу формаларын игеру баланың заттардың қолданылу тәсілдерін игеруді жүзеге асыратын іс-әрекеттердің сипатымен түсіндіріледі. Бала нақты заттық қатынастарды бейнелейтін грамматикалық мәндердің байланысына ерте бағдар ала бастайды. Мәселен, «Балға қойды», «Балғамен соқты» дұрыс қолдануды игере отырып, мен жалғауындағы құралдық мағынаны түсінеді де, оны барлық құралға стереотипті түрде көшіреді: «пышақмен», «қасықмен», «күрекмен» және т.б. Тілдік қарым-қатынастар практикасында бұл стереотип түсіп қалады да, дұрыс септік жалғаулар пайда болады. Ана тілінің грамматикалық формаларын меңгеру баланың тілді сезінуін дамытады. Сәби сөйлемдегі сөздерді тәп-тәуір байланыстырады. Ерте сәбилік шақта бала ана тілін меңгеру жағынан оның негізгі синтаксистік кұрылымдарын, грамматикалық формаларын және дыбыстарды игере отырып, орасан зор жұмыс атқарады.
Белсенді сөйлеуді қалыптастыру баланың бүкіл психикалық дамуының негізі болады. Заттарды өз қолымен ұстап, әрекет етіп көріп, қасиетін ажыратады. Осының өзі баланың сөздік қорын дамытады. «Киіміңді әкел! «Әжені шақыр! «Атаза таяғын алып бер» десе баланың түсінігі кеңейіп, қарым-қатынас шеңбері артады. 3 жасқа қарағанда әр сөздің мәнін, қолданылатын орнын ажыратьш, түсінеді. Мысалы: «тәте» сөзі өзінің жасы үлкен барлық адамдарға айтылатын сыйластық атауы екенін, мама деген сөздің анасына бағытталып айтылатынын түсінеді. 2 жастың соңында сөздің мәні мен мазмұнын түсініп, қысқаша қызықты ертегіні тыңдап, бірнеше қайталап айтып беруі талап етеді. Әңгіме, ертегіні тындау арқылы қабылдау, есте сақтау, зейін қою, ойлаудың алғашқы белгілері байқалады.
Үш жастағы балаларда жаңадан пайда болатын дағдарыстар
Ерте балалық шақ және мектепке дейінгі жас арасында 3 жас дағдарысы болады. Бұл бала өмірінің неғұрлым қиын сәттерінің бірі. Өзінің «менін» бөлініп шығу дағдарысы, әлеуметтік қатынастар жүйесін қайта қарау. Бала бағыты өзгереді. Егер де жаңа қатынастар дұрыс қалыптаспаса, оның ұсынысы қолдау таппаса, дербестілік шектеледі, балада үлкендермен қарым-қатынасында көрінетін дағдарыстық
құбылыстар пайда болады. Л. С. Выготский және оның ізінен Э. Келлер 3 жас дағдарысының 7 сипаттамасын суреттейді.
3 жас дағдарысының 7 сипаттамалары:
Негативизм - бала ересектер қойған талаптарға жағымсыз реакция көрсетеді. Негативизм таңдамалы болуы да мүмкін, ол отбасы мүшесінің біреуінің тілін ғана алмайды немесе бір ғана тәрбиешіні тыңдамайды, ал басқаларымен қалыпта қатынаста болады. Әрекеттің басты мотиві - барлығын керісінше жасау.
Қыңырлық (упрямство) - бұл баланың өзі қалаған нәрсесін жасауға ұмтылуы. Өтпелі кезеңде қырсықтыщ (строптивость) көрініс беруі мүмкін. Бұл нақты бір адамға емес, ерте балалық шақта қалыптасқан қатынастар жүйесіне бағытталған. Дербестілік тенденциясы байқалады: бала барлығын өзі жасап өзі шешкісі келеді. Негізінен бұл жақсы құбылыс, дегенмен дағдарыс кезінде бұл өз еріктілікке алып келуі мүмкін.
Наразылық-бүлікші (қасарыспалық) - кейбір балаларда ата- аналарымен конфликтілі жағдай жиі кездесуі мүмкін, олар үлкендермен үнемі соғыс күйінде болады.
Деспотизм (шексіз билеушілік ) - отбасында бір ғана бала болса көрініс береді. Бала қоршаған адамдарға өзінің билігін көрсетеді.
Багасыіздану (обесценивание) - 3 жас дағдарысының ең қызық сиапттамасы. 3 жасар бала ұрыса бастайды, сүйікті ойыншығын лақтырып тастауы мүмкін, бұл құбылыстың барлығы баланың басқа адамдарға деген өзіне деген қатынасының өзгеруі жайында хабар береді. Бала 3 жасқа келгенде көптеген жаңа әрекеттердің түрі пайда бола бастайды. Осы кезде психикасы да ерекше қарқынмен дамиды. Мұндай жаңа әрекеттерге сәбидің ойнайтын ойыіныіныің түрленуі, сурет салуы, жапсыру, құрастыруы жатады. Бейнелеу әрекетінің әр түрі мен шұғылданып, қарындашпен қағазға өзінше жазу жазып, шимайлап, түзу таяқшалар сыза бастайды. Бұлар сурет салу дегеннің өзі бір заттың бейнесін қағазға түсіру екенін түсінеді. Баланың алғашқы сурет-салуы үлкендердің басшылығымен жүзеге асады. Бала үлкендерге еліктеу арқылы өзінің есінде қалғанын ұқсатып қағаз бетіне түсіреді. Бірте- бірте өзінің салған шимай суретіне ат қойып өзінің не салғанын айта бастайды. Салған суретін тұжырымдап, сөзбен айтып беруі баланың бейнелеу өнерімен әрекет етуінің бастамасы болып есептеледі. Кейде осы жастағылар өзінің нені салып бейнелегенін де ұмытып қалады да, басқа бір нәрсеге ұқсатып айта салады. Мысалы, оған күннің суретін сал десең ол үйді салады. Олар алғашқыда ненің бейнесі болса да
дөңгелек немесе түзу сызықпен бейнелей береді. Шындығында балада бейнелеу өнері дағдысын қалыптастыру үшін, үлкендер салған суретіне немесе мүсініне бағыт беріп қолдап, басшылық жасап отыруы қажет. Өйткені бейнелеу өнері арқылы есі, қиялы, ойлауы, қабылдауы, ерік сезімі дамиды.
Сәбилік кезеңде пайда болатын негізгі әрекеті рөлдік дидактикалық қимылды ойындар. Осы кезде бала үлкендердің әрбір әрекетіне еліктеп, көптеген заттармен әрекет етуді меңгереді. Қоршаған орта туралы түсінігі кеңейеді. Барлық психикалық үрдістер дамиды. Заттар мен әрекеті де ойын арқылы дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |