Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет40/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   86
Байланысты:
китап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:

  1. Сәбилік кезеңдегі баланың қабылдауының ерекшеліне тоқтал

  2. Көріп қабылдаудың естіп қабылдаудан айырмашылығы бар ма?

  3. Сәбидің суретті, кеңістік пен уақытты қабылдау ерекшеліктерінің

мектеп жасына дейінгі баланың қабылдауынан айырмашылығы неде?

  1. Сәбидің ойлауының, сөйлеуінің ерекшеліктеріне тоқталыңыз

  2. Сәбидің зейіні мен есінің басқа жас кезеңдеімен салыстырғандағы Ерекшелігіна тоқталып өтіңіз

  3. Сәбидің эмоциясының ерекшеліктеріне тоқтал

Тест сұрақтары:

  1. Сәбилік кезеңде бала зейінінің көлемі қандай болады?

  1. тар

  2. кең

  3. ауқымды

Д) биік

Е) үлкен


  1. Сәбидің зейінін ашық түсті затқа, қатты дыбысқа, ерекше түстерге аудара беруінің себебі неліктен?

  1. зейінінің ырықсыздығынан

  2. зейінінің тарлығынан

  3. зейінінің тұрақсыздығынан

Д) зейінінің ырықтылығынан

Е) зейінінің шашыраңқылығынан



  1. Еріксіз есте сақтау қай жастағы балада күшті дамиды

  1. үш жастағы балада

  2. бір жастағы балада

  3. бір жастағы балада

Д) төрт жастағы балада

Е) бес жастағы балада



  1. Бала қай кезеңде өзімшіл, басқа баланы түсінбейді және басқалардың көңіл-күйіне ортақтаса алмайды.

  1. сәбилік

  2. мектепке дейінгі

  3. нәрестелік

Д) жеткіншектік

Е) ересектік



  1. Сәбилік кезеңде басқа балалармен қарым-қатынасқа түсу түрі қандай?

  1. тұрақты емес

  2. тұрақты

  3. шашыраңқы

Д) сәтті

Е) сәтсіз



  1. Қарапайым сюжетті жалпылама қабылдау қай кезеңдегі балаға тән?

  1. сәбилік

  2. естиярлық

  3. ересектік

Д) қарттық

Е) нәрестелік



  1. Бала әдемі ойыншықпен ойнап отырса да, одан да ашық түсті дыбысы жақсы қызықтыратын ойыншықты көрсетсең, қолындағысын тастай салып, жаңа ойыншыққа ұмтылады. Бұл неге байланысты?

  1. зейіннің тұрақсыздығына

  2. зейіннің тұрақтылығына

  3. зейіннің таңдамалылығына

Д) зейіннің шашыраңқылығына

Е) зейіннің үйреншіктілігіне



  1. Сәбилік кезеңде жоғарғы жүйке жүйесінің қозуы тұрақсыз әрі қысқа мерзімде болады. Зейіннің үнемі тұрақсыздығынан бір объектіден екінші объектіге ауысып отыруының себебі осы. Мұны қалай атаймыз?

зейінінің шоғырлануы әлсіздігі

  1. Үш жастағы бала затқа көз жүгіртіп қарайды да, фигураның өзіне ұнаған көзге түскен ерекше белгілеріне көңіл аударады. Осындай жағдайда затты бала қалай қабылдайды?

жеке бөліктерін қабылдайды

  1. Баланың сыртқы бағдарлау іс-әрекетінің көмегімен орындалатын ойлауы қалай аталады

көрнекі іс-әрекеттік ойлау

  1. тарау. Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың танымдық
    үрдістерін дамытудың ерекшеліктері


  1. Мектепке дейінгі баланың психологиялық даму
    ерекшеліктері


Жоспар:

  1. Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының негізгі бағыттары

  2. Мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің дамуы және оның қызметі

  3. Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің ерекшелігінің мәні

Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының негізгі
бағыттары

3-тен 6 жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі кезең деп есептейді. Бұл кезде бала алғашқы кезеңмен салыстырғанда тез өсіп, салмағы тез артады. Жоғарғы жүйке жүйесінің дамуы да жоғарлайды, бойының өсуінде де өзгерістер байқалады. Мысалы, 5 жасында 6-7 см-ге артса, 6 жаста 7-8 см өссе, 7 жасында 10 см өседі. Баланың кеуде клеткасының өсуіне байланысты аяғы мен дене пропорциясы өзгереді. Бұлшық еттері дамиды, денесі кішкене кезеңмен салыстырғанда сымбатты бола бастайды. Қимыл қозғалысының дамуы бұлшық етінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар қан айналым жүйесінің жұмысында да өзгерістер байқалады. Жүрегінің көлемі 4 жасында 1 жаспен салыстырғаннан 4-5 есе артады. Сәбилік кезеңмен салыстырғанда қан тамырларының соғуы да жиілейді. 5-6 жаста қан тамырларының соғуы төмендейді, бірақ ересек адаммен салыстырғанда баланың қан тамырының соғуы жиі болады. 7 жасқа келгенде бас миының салмағы артады, яғни 3 жаста 1200 грамм болса, 7 жаста 1250 грамм болады. 3 жасқа дейінгі баланың екінші сигналдық системасының дамуы психикасының дамуына өзіндік септігін тигізеді. Өйткені бала құрбы- құрдастарымен, айналасындағы үлкен адамдармен жиі-жиі тілдік қарым-қатынаста болады, бұның өзі баланың логикалық ойлауына ерік сапасы мен есінің, қабылдауы мен қиялының, зейінінің дамуына да әсер етеді. Соның нәтижесінде баланың алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда қоршаған ортамен қарым-қатынасы артып, жас кезеңіне тән өзіндік ерекшелігі қалыптасады.



  1. жастан кейінгі кезең сәбилік кезеңнен мектепке дейінгі кезеңге өту деп есептеледі. Осы кезде бала заттар мен өз бетінше әрекет етуге талпынады, бірақ әлі де болса үлкендер тарапынан қамқорлық күтеді. Сөйлеуі дұрыс дамып жетілмеуіне байланысты, сөзі анық емес, түсініксіз болады.

  1. жастан жоғары қарай сөздік қоры дамып, өзінің ана тіліндегі барлық сөзді меңгеріп, түсінеді, тілдік қарым-қатнасы жоғарғы сатыға көтеріледі. Ойлауы да көрнекі амалдық, бейнелік болып, кейбір мәселені өздігінен шешіп ой қорытындысын шығара алады. Баланың санасының мазмұны күрделініп, 3 жастың соңына таман мазмұнды рөлдік ойындар ойнайды.

  2. жасқа келгенде денесінің бұлшық етінің күші артып, ептілігі, икемділігі, қимыл-қозғалысының икемділігі байқалады. Допты немесе басқа бір заттарды нысанаға лақтырып қағып алуды үйренеді, бірақ көргені мен естігенін ұзақ есінде сақтап, өз мағынасында тез жаңғыртып

  3. бере алмайды. Рөлдік ойындарында күнделікті көріп жүргенін ғана бейнелейді.

  4. жасқа келгенде қимыл-қозғалысының нақты дамуына байланысты, жүру, жүгіру, секіру, қабырғадан өрмелеу, еңбектеу, шаңғы, шана, велосипед тебуді үйренеді. Үлкендермен еркін қарым-қатынас жасауына байланысты баланың грамматикалық сөздік қоры молайып, тәрбиешінің айтқан сөздерін жақсы түсініп, оған өзінің түсінігі бойынша жауап береді. Осы кезде тәрбиешінің берген тапсырмасын және қарапайым еңбек әрекеттерін де орындайды. Үлкендердің басшылығымен көптеген әдет- дағдыларды меңгеру де бала психикасының дамуына ықпалын тигізеді. Ертегі мен әңгімедегі кейіпкерлерге өзінше баға беріп, талдау жасайды, соның нәтижесінде қиял, ойлау, есте сақтауының дамығандығын байқаймыз. Бала ұжыммен бірігіп, ойнап, еңбек әрекетінің нәтижесінде өзінің жасаған жұмысына эмоциялық баға беріп, эстетикалық талғамы артады. Бала 6 жасқа келгенде ерекше қарқынмен дамып, дене бітімі күрделінеді, барлық органдарының жұмыс істеу қабілеті артады, оқу- әрекетін орындаған да, қағаз-қарындашпен де еркін әрекет ете алатын болады. 6 жасқа келгенде сөздің тура және жанама мағынасын түсінеді. Бұл жаста ойынның мазмұны күрделініп, өмірдегі барлық шындықты бейнелуді көздейді.

Мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің дамуы және
оның қызметі

Баланың жүйке жүйесінің күшті немесе әлсіздігін өмірдегі мынадай көрсеткіштері дәлелдейді. Оның ұйқысының тыныш болуы, тез ұйықтауы немесе тыныш ұйықтай алмауы, қатты ұйықтауы сол сияқты жүйке жүйесі күшінің жылдам немесе жай қалпына келмеуінен де байқалады. Бала ашыққан кезде өзін қалай ұстайды, оны уақытымен тамақтандыра қоймаса айқайлап жылап немесе көңілсіз, әлде тыныш бола ма соған да байланысты, яғни сыртқы ортаның әсер еткен әр түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі тепе-теңдігі, бір қалыптылығымен де жауап қайтарады. Жүйке жүйесінің күнделікті өмірдегі негізгі көрсеткіштері ұстамдылық, тұрақтылық, тыныштық, көңіл-күй қалпының өзгеруімен және бірден жарқырап қуанып, жабырқап, қайғыруынан байқалады. Сөзі мен қимыл-қозғалысының біркелкі болмауы да осыған мысал бола алады. Жүйке жүйесінің қозғыштығының көрсеткішіне өзін қоршаған ортаға жаңаны тез қабылдап, бағдарлай алуы, өмірдегі өзгерістерге тез бейімделуі, ептіліктер мен дағдыларды тез игеруі, көпшілік ортада өзін еркін

ұстап, жаңа ортаға тез бейімделуі, жан-жақты қабілеттілік әрекеттің бір түрінен екінші түріне тез ауысуы, еске тез сақтап, қайта жаңғырта алуы, шапшаң қимылдап, тез сөйлеу, сезгіштіктің пайда болуы мен көрінуі де жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Жүйке жүйесінің әсерленгіштігі сырттан әсер ететін тітіркендіргіштерге жауап беру қабілеттілігінен де көрінеді. Кейбір балаларды ашуланшақ, күйгелек, шыдамсыз десек, енді біреулердің қуанғаны да, ренжуі де түсініксіз дейді. Енді біреулерді икемді, епті десек, оған қарама-қарсы ебедейсіз, олақ, бейімділігі жоқ та балалар бар. Бұл қасиеттер баланың сыртқы әрекеттердің әсеріне оңай бейімделе алмауынан, көп күш жұмсауынан көрінеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің


ерекшелігінің мәні

Темпераменттің табиғи, қарапайым көріністері балалық шақта жақсы байқалады. Бала өскен сайын оның сыртқы ортамен қарым- қатынасы күрделене түседі де, оның айналасындағы үлкендерден алатын әсері де мол болады. Соған байланысты темпераменттің өзгеріске түсетін ерекшеліктері бүркемеленеді.

Темперамент баланың жеке басының реакциясының негізгі түрі болып келетін қасиет. Балалық шақта ол таза күйінде де кездеседі. Бірте-бірте өмір сүру барысында саналық өзгеріске түсіп отырады. Даму барысында темпераменттің бір белгісінің әлсіреп, екіншісінің күшеюі салдарынан мінез-құлықтың кейбір жақтарының өзгеріске ұшырап отыруы да ықтимал. Даму барысында туындайтын осындай сапалы өзгерістердің осы күрделі үрдісінің бәрі сайып келгенде тұрмыс- салтына, әрекеттері мен тәрбиесіне тәуелді. Өйткені өмір жағдайлары темпераментке материалдық негіз болып табылатын жүйке жүйесі қызметінің өзгешеліктеріне ықпал жасайды. Мысалы бір жағдай психикалық үдерістердің әсерлігі мен эмоциялық қозуына ағысы мен күшінің дамуына жағдай туғызуы, ал басқа жағдайлар керісінше психикалық даму қарқынын баяулатып, оның белсенділігін басып, тежеуі мүмкін.

И.П.Павлов шартты рефлекстер әдісі арқылы жоғарғы жүйке қызметінің және жүйке жүйесінің, негізгі қозу мен тежелудің зандылықтарын ашты. Жүйке жүйесінің негізгі күші тепе-теңдік қозғалғыштығы бойынша төрт типте жиі ұшырасады. Бұлардың үшеуін күшті тип, біреуін әлсіз тип деп айтады. Мысалы күшті типтің біріншісі ұстамсыз тип. Олардың жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу тежелу үдерістері бір-бірімен сәйкес келмейді.

Қозу типі басым келіп отыратын ерекше қозғалыстағы тип, күшті типтің екіншісі ширақ тип. Мұның қозу мен тежелу үдерістері бір- біріне тең келіп тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ баяу қозғалатын тип, қозу мен тсжелу үдерістері баяу көрініп отырады. Ұстамсыз тип - холерик, сангвиник-

тер де ширақ тип, қозу мен тежелуі тең қозғалысы баяу -флегматик, жүйке жүйесі әлсіз тип - меланхолик деп анықталған. Бір топтағы немесе сыныптағы балалардың ішінде әртүрлі темперамент типтерінің өкілдері кездеседі. Кеңес психология ғылымының профессоры Вольф Соломонович Мерлин темпераменттің көрінуі туралы сапалы психологиялық қорытынды таблица жасады.

Сангвиник

Күшті қозғалғыш тепе-теңдік тип. Реакция туғызу қабілеті жоғары. Кейде әлсіз нәрсеге де, қатты мардымсыз бір нәрсеге де ашуланып қалады. Оның мимикасы, қимыл-қозғалысы белсенді. Өмір жағдайының өзгеруіне тез бейімделгіш. Өзінің көңілі ауған іс- әрекетіне барлық ынтасымен кіріседі. Іс-әрекеттің бір түрінен екінші түріне тез ауысып, бейімделіп кетеді. Оның бет бейнесінен көңіл- күйі, адамға деген ықылас-сезімі анық көрініп тұрады. Өзінің зейіні тез шоғырланады. Ұшқыр ойлы, өткір тілді, бірақ әлі де түйсінуі өте сезгіш. Жоғарғы табалдырығы төмен жарық тітіркендіргіштер мен дыбысты жақсы ажырата алмайды. Белсенді, күшті, қайратты, батыл, үнемі мен айтамын деп қолын жиі көтеріп отырады. Ол тәрбиеге тез үйренеді. Өзінің сезгіш ерік күші жақсы дамыған, өзін көпшілік ортады жақсы ұстайды. Жылдам қимылдайтын, тез сөйлейтін, жаңаны тез қабылдағыш, зейінді, айналасындағылармен тез тіл табысып кететін, көпшілік орта да өзін еркін, көңілді ұстайтын тип.

Холерик

Бұл күшті тип. Кез келген іске барлық күш жігерімен кіріседі. Белсенді, бірақ реакция туғызу қабілеті белсенділігіне қарағанда басымырақ. Сондықтан да бетімен кеткен, ұстамсыз, шыдамсыз, күйгелек, сангвинник сияқты тез икемділгіш емес.

Флегматик

Күшті, тепе-теңдігі бірқалыпты, тыныш тип. Эмоциялық қозуы бір қалыпты, жайбарақат, оның жарқырап қуануы да, қайғыруы да қиын. Бүкіл топтағы балалар бір затқа қатты күліп жатса, ол өзінің сабырлы

қалпын сақтап қала береді. Тіпті үлкен қолайсыздық пен сәтсіздікке жолықса да өзін байсалды ұстайды. Эмоциялық күйі бет бейнесінен байқалмайды. Қимыл-қозғалысы, сөйлеген сөзі бірқалыпты, қайрат- жігері күшті, жұмысқа қабілеттілігімен ерекшеленеді. Реакция туғызғаннан белсенділігі басымырақ, шыдамды, өзін-өзі ұстай білуімен ерекшеленеді. Тапқырлығы, зеректігі жоғары, зейінін жылдам шоғырландыра алмайды. Икемсіз әрекеттің жаңа түріне үйрену жаңа ортаға бейімделіп кетуі қиын жүзеге асады. Тез тіл табысып кете алмайды. Өз пікірін сыртқа шығарып айтуға да қиналады.

Мелонхолик

Әлсіз тип, өте сезімталдығы жоғары, тез жараланғыш, оларды әлсіз тітіркендіргіштер мазалайды. Сондықтан да сәл ұсақ-түйектің барлығына қатты мұңаяды немесе ашуланады. Бұлар болмашы нәрсеге көзіне жас алып, жылай салады. Мимикасы, қимыл-қозғалысы мәнерсіз болады, сөйлегенде даусы естілмейді, жай жылайды, сирек күледі, бірақ оқыс қатты күледі. Белсенділігі төмен, сабақта қолын сирек көтереді. Оның өзінде бір көтеріп, бір түсіріп, өзіне-өзі күмәнданып отырады. Қорқақ, жалтақ, ерік күші әлсіз, табансыз жұмсақ, қабілетсіз, тез шаршайды. Зейіні ырықсыз, тез ауытқып кетеді, психологиялық шапшаңдығы баяу.

Мектепке дейінгі кезеңде темперамент типтерін ажыратуда жас ерекшеліктерін білудің маңызы зор. Сол сияқты жүйке жүйесі қызметі қасиеттерінің тұрақсыздығын да ескеріп, басшылыққа алу керек. Мысалы, жүйке жүйесі қызметінің типі адамда іштен туа қалыптасады және оны түгелдей өзгеріске ұшырату неғайбыл. Дегенмен Н. Н. Павлов жүйке жүйесі қызметі типтерінің жекелеген қасиеттерін өзгертуге болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Мысалы, қозу процесі тежілуінен басым, күшті, ұстамсыз типі анықталды. Жаттығу арқылы өзінің тежелу үдерісі күшін біршама арттырып, оны қозу үдерісімен теңестіруге болатындығы дәлелдеген. Осыдан И.П.Павлов күшті қозғалғыш типтерді жаттықтыру арқылы тежелу үдерісінің күшін арттырып, бір-бірімен теңестіруге болады деген қорытындыға келеді.

Кейде ұстамсыз типтің бірнеше варианты болатынын ескеру керек. Өйткені қозу үдерісі шегіне жетіп, тежелуі әлсірейтін тип те болуы мүмкін, немесе екі үдеріс те күшті, бірақ қозуы шамадан тыс келетін тип те ұшырасады. Сөйтіп уақыт өткен жай қайталап отыратын жаттығулар арқылы ұстамсыздықты кейіннен біршама түзетуге болатындығын дәлелдейтін ерекше фактілерді жиі кездестіреміз, яғни жаттықтыру арқылы нерв жүйесінің әлсіз типін шынықтыруға болады.

Баланың қолайлы тәжірибенің нәтижесінде кез келген қиындықты ойдағыдай жеңе алатындығы сөзсіз. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына тек жасының өсуі ғана емес, сонымен қатар темпераментінің де ықпалы бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет