Берік және бөлшектелген танымдық ынталар балада оқуға үздіксіз жаңа білім алуга деген тілек тудырады. Оқи білу алдымен оқу тапсырмасының мәнін үйрету үшін орындалатын тапсырма екенін, оқу тапсырмасын практикалық жағдайлардан ажырата білуді түсінуге меңзейді. Математикалық есепті таңдап алған мектеп жасына дейінгі бала өз ықыласын оны шығару үшін қандай іс-әрекеттерді орындау қажет екеніне емес, есептің шартында сипатталған жағдайға аударады. Мысалы: Анасы төрт конфет жеді, ал өзінің ұлына екі конфет берді. Екеуі қосылып неше конфет жеді?» - деген есепті шығарудан бас тартып, ондағы сипатталған «әділетсіздікке» ашуланды. «Ал анасы Арманға конфетті неге аз берді. Тең бөліп беру керек еді?» - дейді. Басқа жағдайларда бала есептің жауабын тезірек табуға тырысады
және бұл иін өзіне таныс қосу мен алу амалдарын жорамалдап қолдана алады. Мұның екеуі де оқи білмеудің белгілері. Есептің шарттарында сипатталған жағдайдың өзінен-өзі, өмірдегі жағдайдың сипаттамасы ретінде, басты орын алатындығында емес, жалпы есептерді шығаруды үйрену материалы ретінде қызмет атқаратындығында екенін, есеп шығарудың мәні оның жауабын тезірек алумен тынбайтындығын, оған қоса есеп шарттарына сүйене отырып, қандай арифметикалық амалды қолдану қажеттігін дұрыс анықтау және осы іскерлікпен алдағы уақытта да пайдалану екенін бала түсінуі тиіс.
Мектепке дейінгі кішкентайлар және естиярлар шағында балалар оқу тапсырмасын тек одан алған білім мен дағдыны бірден ойын ойнағанда, сурет салуда немесе іс-әрекеттің өзге бір тартымды түріне пайдалануы мүмкін болғанда ғана қабылдайды.
Арнайы ұйымдастырылған үйрету жағдайларында мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың меңгергенді бірден жүзеге асыру мүмкіндігі мен байланыстан тыс тапсырмаларды қабылдай білуі қалыптасады. Білімді игерудің келешекте «пайдасы» тиетіні мүмкін болып шығады.
Мектепке дейінгі бүкіл балалық шақтың ішінде тікелей оқу тапсырмасының формасына қарағанда, дидактикалық ойын білімді игерудің тиімді құралы болып табылатынын байқаулар көрсетіп отыр. Алайда егер мектепке дейінгі кішкентайлар мен естияр шақта айырмашылық зор болса, ересектерде де бұл айырма едәуір төмендейді. Бұл балалардың оқу тапсырмасын қабылдау іскерлігі артқандығының айқын көрсеткіші болып табылады.
Оқу тапсырмаларының мәнін түсіну балалардың үлкендердің берген амалдарды орындау тәсілдеріне назар аудара бастауына, осы тәсілдерді саналы түрде игеруге тырысуына жеткізеді. Мектеп жасына дейінгі балалар мақсатқа бағытталған бақылауға, заттарды сипаттауға, салыстыруға және топтауға, әңгімелер мен суреттердің мазмұнын байланысты түрде баяндауға, есептеу мен арифметикалық есептерді шығарудың тәсілдерін үйрене бастайды. Негізгі мәнге тапсырманы орындаудың дұрыстығы, үлкендер қойған талаптарды бұзбау ие болады. Бұл жағдайда балалар үлкендерге қарайды, қандай да бір талаптарының орындалу дұрыстығына баға беруді өтінеді. Мысалы, кеңістік қатынастарын (үлгі бойынша өрнек салғаңда) дәл көшіруге мектепке дейінгі ересектерді үйрету үдерісінде балалар тәрбиешіге әлденеше рет сұрақ берді: «Қараңызшы, менің жасап отырғаным дұрыс па?», «Бұрышқа бұрыш түйісуі, мына үшбұрыш анау үшбұрышқа қарсы орналасуы қажет. Дұрыс па?».
Үлкен адамның балалар жұмысына беретін бағасы, әр қилы баланың, жұмыс барысы мен нәтижелерін салыстыруы арқылы, бала өз іс-әрекетін өзі біршама дұрыс бақылай, өз білімі мен іскерлігін бағалай бастайды, Ол тапсырмаларын орындауға байланысты өзін-өзі тексеру, өзін-өзі бағалау дағдылары қалана бастайды. Көбіне мектепке дейінгі ересектер өздері тым жеңіл деп санайтын тапсырмаларды көңілсіз орындайды, өз көзқарастары тұрғысынан білім мен іскерліктің қол жеткен деңгейіне көбірек сәйкес келетін тапсырмаларды орындауға тырысады. Үлгі бойынша өрнек жасауға тапсырма алған балалардың сөздері мынадай: «О, мынау! Бізге мұны жасау түкке тұрмайды, солай ма, Сымбат?», «Сіз маған қиынырақ бірдеңе беріңіз, мен мұны білемін», «Ой, қандай қиын! Біз көптен бері осындай өрнек жасасақ деп жүр едік?»
Өзінің білімі мен іскерліктерін бағалауда балалар көбінесе қателеседі. Олар үшін жұмыс үдерісінде өзін тексеру біраз қиындыққа түседі. Бірақ өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі бағалаудың пайда болуы мектептегі оқыту кезеңінде аяқталатын оқу іс-әрекетін меңгерудегі басты қадам болып табылады.
Еңбек іс-әрекетінің бастапқы формаларын меңгеру. Еңбек іс-әрекеті (өнімді еңбек жөнінде сөз болып отыр) қогамга пайдалы өнімдерді - адамзатқа қажетті материалдық және рухани байлықтарды жасауға багытталган іс-әрекет. Өзінің нәтижесі жағынан да, ұйымдастырылуы жағынан да еңбек іс-әрекетінің қоғамдық түрі болып саналады. Ол әдетте ұжым ішінде өтеді. Өз іс-әрекетін еңбекке қатысушы өзгелердің іс-әрекеттерімен сәйкестіре білуге, ортақ мақсаттың жетістіктері бірлесе қол жеткізуге бағдарлайды. Сол сәттегі көңіл-күйі мен ықыласы қандай екеніне қарамастан адам еңбек етуге міндетті. Еңбек іс-әрекетінің барысы белгіленген нәтижеге қол жеткізуге бағындырылған болуы тиіс. Сондықтан зер салу, күш жұмсау сыртқы және ішкі кедергілерді жеңумен байланысты еңбек үрдісінің белгілі дәрежеде, қиындығы да болады.
Еңбек үрдісінің әрбір түріне қатысу үшін адамға белгіленген өнімді алуға мүмкіндік беретін белгілі білім, іскерлік пен дағды қажет.
Еңбек іс-әрекетінің осы ерекшеліктерінің бәрі адамның психикалық қасиеттеріне қойылатын талаптардың шеңберін анықтайды. Өнімді еңбекке саналы түрде қатысу алдымен еңбектің қоғамдық мәнін түсінуге, нәтижесі өзге адамдарға да пайдалы болып шығатын іс- әрекеттің орындау ниетіне жетелейді. Ол сондай-ақ өзгелермен бірлесіп іс-әрекет жасай білуді, белгіленген өнімді алуға бірлесе қол жеткізуді талап етеді. Еңбек өзінің іс-әрекеттерін жоспарлауға және олардың
нәтижелерін көре білуге мүмкіндік беретін ойлауды дамытудың белгілі деңгейін талап етеді.
Іс-әрекетті белгілі мақсатқа бағындыра білу, оларды саналы түрде реттеу, пайда болған қиындықтарды жеңу сияқты ерік-жігер саналарына еңбек ерекше жоғары талаптар қояды. Өзінің кемелденген түрінде бұл психикалық, қасиеттер мектеп жасына дейінгі баланың мүмкіндіктерінен асып түседі. Бірақ осының бәрі белгілі бір шамада мектепке дейінгі жаста қалыптаса бастайды. Әйтсе де білім мен іскерлікті игеру мектеп жасына дейінгі балаларда негізінен оқу тапсырмаларын орындаудан тысқары өтеді, еңбекке қажетті қасиеттердің қалыптасуы балаларда көбінесе еңбек тапсырмаларын орындаудан өтеді. Осындай тапсырмаларды балаларға бергенде олар бұл тапсырмалардың ойыннан заттық немесе жемісті іс-әрекеттерден айырмашылығы бар еңбек тапсырмалары екенін бірден түсініп кете бермейді.
Өнімді еңбекпен балалардың алғашқы танысуы олардың еңбек тапсырмаларын орындауы кезінде емес, әңгіме, оқылған кітапты тындау, суреттерді қарау, үлкендердің еңбегін байқау арқылы жүреді. Балалар өздерінің ойындарында үлкендердің еңбек іс-әрекеттерін не қарым-қатынастарың елестетеді, тек осы жолмен еңбектің қажеттілігі, оның қоғамдық мәні, коллективтік сипаты жөнінде түсінік алады. Ойын үстінде істерді бөлісу мен үйлестірудің алғашқы формалары мен оларды бірлесіп орындау дағдылары қалыптасатынын біз бұрыннан білетінбіз.
Іс-әрекеттің жемісті түрлерінде мектеп жасына дейінгі балалар берілген нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді орындауды үйренеді, өзінің алдына белгілі мақсатты қоя білуді және оның жетістігін жоспарлауды меңгереді. Оқу тапсырмаларын орындау балаларды міндетті талаптардың жүйесіне сәйкес іс-әрекет жасау, өз жұмысын тексеру, және бағалай білудің қалыптасуына себепші болады.
Осының бәрі - еңбек іс-әрекетінің сыңарлары, бірақ олар іс- әрекеттің көптеген түрлерін бытыратып жіберген сияқты болып көрінеді. Осыларды біріктіру еңбектің қоғамдық мәнін түсінуді өзара байланыстыру, өз іс-әрекеттерін өзге адамдардың іс-әрекеттерімен сәйкестендіру, нәтижелілік пен мақсатқа бағытталғандық, міндетті талаптарға бағыну - балаларда еңбек іс-әрекетінің бастапқы түрлерін қалыптастыру болып табылады. Осындай біріктірудің жолы - еңбек тапсырмаларын балалардың орындауы үшін жағдай жасау. Өзге адамдар үшін белгілі мәні бар сыртқы нәтижесі айқын байқалатын жетістікті шамалайтын тапсырманы еңбек тапсырмасына жатқызуға болады. Нәтижеге ие болу әбден міндетті және бұл үшін белгілі дәрежеде күш
жұмсалуы қажет. Осы нәтижеге қол жеткізудің мәнділігін түсіне білгенде, оған алдына мақсат қоя отырып тырысқан жағдай ғана мұндай тапсырмаларды орындау еңбек болып шығады.
Балабақшаның жағдайында балаларға берілетін еңбек тапсырмаларының түрлері біршама сан алуан. Бұған үлкендердің әр түрлі тапсырмаларын орындау, кезекшінің міндеттерін атқару, бөлме өсімдіктері мен жануарларын күту, балабақша учаскесінде жұмыс істеу, қағаздан, картоннан, ағаштан, шүберектен т. б. ойыншықтар дайындау жатады. Балалардың жұмысын үлкендер тиісінше ұйымдастырып және бағыттап отырған жағдайларда ғана бұл тапсырмалар балалар үшін еңбек тапсырмаларының мәніне ие болады, еңбек іс-әрекеттерінің жәрдемі арқылы орындала бастайды.
Еңбек тапсырмаларын орындау жағдайларын ұйымдастыруға мыналар кіреді: 1) балаларды жұмыстың қажетті тәсілдеріне үйрету; 2) олардың тиісті дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру (жекелеп алғанда құралдар мен материалдарды ұстап тұра білу іскерлігі); 3) жұмыстың мәнін, өзге адамдар үшін оның маңызын егжей-тегжейлі түсіндіру; 4) балалардың өз іс-әрекеттерін жоспарлауы мен үйлестіруіне жәрдемдесу.
Еңбек тапсырмаларын бірлесе орындау кезінде балалардың біріктіру формасының ерекше мәні бар. Жұмысқа мектеп жасына дейінгі бірнеше бала немесе тіпті балабақшаның бүкіл бір тобы қатыса тұрса да, әр бала өзінше бөлек әрекеттен, олар ие болған нәтижелерді басқа балалардың қолы жеткен нәтижелерден тыс қарастыру және бағалау жағдайлары жиі байқалады. Өзге бір жағдайларда балалардың әрқайсысы өз жұмысын өзгелермен қатыспай жеке орындайды, ал оны балаға бірден ортақ жұмыстың бөлігі ретінде бергендіктен жеке баланың еңбек нәтижесін топтың қолы жеткен нәтижесі ретінде бағалайды.
Ортақ тапсырма өзара байланысты бірнеше жеке тапсырмаларға бөлінсе, балаларды біріктірудің осындай формалары олардың еңбек іс-әрекеттерінің бастамаларын қалыптастыру үшін неғұрлым тиімді болады. Алдыңғы бала (немесе балалар тобы) ортақ тапсырманың өзіне қатысты бөлігін орындамайынша, келесі бала іске кірісе алмайды және бір бала орындаған жұмыстың нәтижесі келесі бала жұмысының сапасы мен жалпы нәтиже үшін шешуші мәнге ие болады.
Айталық, балалар ойыншық текшелерді жуып жатыр. Екі бала оларды жуып, біреуі шайқап, екеуі сүртіп, біреуі жиыстырып тұр. Егер балалардың алғашқы екеуі өз жұмыстарын жаман атқарса, үшінші бала олардың жұмысын қосымша істеп тындырады (дұрысына келгенде, ол текшелерді қайтадан жуады да, өзгелердің қолын байлайды) немесе
текшелерді лас күйінде қалдырады. Келесі кезеңдегі іс-әрекет алдыңғы кезеңдегі балалар тапсырманы орындағанына байланысты болады.
Балалар бірлесуінің мұндай түрі, олардың өз іс-әрекеттерінің бірлесу сипатын сезінуге жеке істерді ортақ істің буыны ретінде қарастыруды, құрдастарының және өз ісінің нәтижелеріне белгілі талаптар қоюды үйренуге жағдай жасайды. Балаларды еңбек үстінде біріктіру олардың жақсы жоспарлауды үйренуіне септігін тигізеді, барлық жұмыс үдерісін тетелес буындарға ажырата білу іскерлігін қалыптастырады. Осының бәрі еңбек тапсырмасын біртіндеп ұжымдық еңбек іс-әрекетіне айналдырады.
Балаларды біріктірудің алғашқы шарты ойын үстінде болатынына көз жеткізгенбіз. Алайда еңбек тапсырмаларын орындау ойынға қарағанда біршама ерекше. Мұнда қатысушылар арасындағы қарым- қатынас міндетті түрін белгіленген нәтиже, белгілі сапалы өнім алуға, яғни еңбек іс-әрекеттеріне тән және ойында болмайтын шарттардың қажеттігімен реттеле бастайды.
Еңбек тапсырмаларын бірлесе орындаудың күрделі формалары және олармен байланысты еңбек іс-әрекетін игерудегі еңбек іс- әрекетінің бастапқы формалары мектепке дейінгі естияр шақта-ақ мүмкіндік алады. Сонымен бірге осы жаста таза еңбек тапсырмаларын орындау тиімділігі ойын іс-әрекетіне енгізілген тапсырмалардың орындау тиімділігінен төмен болады. Балаларға белгілі тапсырманы тікелей еңбек тапсырмасы ретінде беріп, ал шеберхана ойыны барысында балалар жұмысшылар рөлінде болғанда балалардың іс- әрекеті үлкендердің шынайы еңбегіне неғұрлым көбірек ұқсады.
Әйтсе де балалардың еңбек іс-әрекеттері шынында да жоғары нәтиже бергендігі емес, осы іс-әрекеттерді балалардың өздері еңбек істері ретінде түсіне білгендігі маңызды ғой. Еңбек іс-әрекеттерін түсіне білудің өзі психикалық дамудың өзіне тән ерекшелігін анықтайды және балаларды қоғамның саналы мүшесі ретіндегі болашақ өмірге даярлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |