Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7



бет37/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   86
Жоспар:

  1. Сәбилік шақта жаңа іс-әрекеттің пайда болуы

  2. Психикалық дамыту және үйрету.

  3. Заттармен әрекет етуінің бала психикасының дамуына әсері

  4. Заттар мен әрекет ету барысында қарым-қатынасқа бейімделу

  5. Заттармен әрекет ете отырып, жетістіктерге жетуі.

Сәбилік шақта жаңа іс-әрекеттің пайда болу

Бала 3 жасқа аяқ басқанда неғұрлым кең өркен жаятын және психикалық дамуды анықтайтын іс-әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Бұл ойын және іс-әрекетінің үнемді түрлері (сурет салу, жапсыру, құрастыру, мүсіндеу).

Ойынның бала іс-әрекетінің ерекше түрі ретінде баланың қоғамдағы орнының өзгеруімен байланысты өзінің даму тарихы бар.

Қоғам дамуының алғашқы сатысында азық-түлік табудың негізгі әдісі қарапайым құрал-саймандарды, таяқты пайдалану арқылы жеуге жарамды түбірлерді қазып алған. Бала өмірінің алғашқы жылынан бастап-ақ үлкендердің қызметіне араласып, азық-түлік табудың және қарапайым құрал-саймандарды қолданудың әдістерін іс-жүзінде үйренеді.

Еңбектенбөлекойынболғанемес. Аңшылыққа, малшаруашылығына және кетпен мен егін егуге көшкен кезде балалар түсіне бермейтін және арнайы даярлықты керек етпейтін еңбек құралдары пайда болды. Болашақ аңшыны, малшыны, егіншіні даярлаудың қоғамдық қажеттілігі туды. Үлкендер балаларға арнап негізгі құрал-саймандарының (пышақ,

садақ, қақпан, қармақ, арқан) түрлерін кішірейтіп қолдан жасап берді. Осы ойыншық құрал-саймандар бірте-бірте ұлғайып үлкендер қолданатындай болды және үлкендер де балалардың жаттықтыру ойындарына мейлінше көмектесті. Еңбектің әр саласына қатыстыруға әзірледі. Мұндай қоғамда әзірге арнаулы мекеме жоқ. Балалар жаттығу үдерісінде үлкендердің басшылығымен құрал-саймандарды пайдалану тәсілін игерді.

Қоғам дамуының сатысында рөлдік ойын пайда болды. Ол ойын арқылы балалар өздерінің қажеттіліктерін үлкендермен бірге өмір сүруге ұмтылысын қанағаттандырады. Сол арқылы бала үлкендермен байланыс жасаумен ортақ өмірінің қоғам мүшесі ретіндегі негізгі қажеттілігін қанағаттандырады.

Рөлдік ойынның алғы шарттары заттық әрекетте пайда болады. Ал кейінірек оны өздігінен атқаратын болады.

Баланың бүкіл өмірі үлкендерге байланысты болғандықтан барлық іс-әрекетті ұйымастырып, бағыт беріп отырады. Ол жүруді, заттарды дұрыс қолдануды, сөйлеуді ғана емес, ойлауды, сезінуді, өзінің мінез- құлқын басқаруды ерте сәбилік шақтан үлкендерден үйрене бастайды. Былайша айтқанда, баланың практикалық қана емес, психикалық іс- әрекеті де үйрену нәтижесінде қалыптасады. Бұл үйрету әрдайым саналы түрде жүргізіле бермейді. Көп ретте үлкендер балаларды стихиялық жолмен үйретеді, оны өздері де байқамай қалады. Тіпті балалар үлкендердің көмегінсіз-ақ өздігінен сурет салуға, оқуға, санауға, арифметикалық есептерді шығаруға үйрене алады-мыс деген пікір бар. Бұл өте қате пікір. Бала үлкендердің әсерінен, адамзат қоғамының әсерінен айырылса, нендей халге ұшырайтынын біз білеміз ғой.

Әрине, баланың тәрбиесі стихиялық жолмен емес, ақылға салып, мақсат көздей, оған нені үйрету керектігіне әдейі қамқорлық жасай жүргізілгені, сөйтіп оның жан-жақты дұрыс дамуын қамтамасыз ететіндей болғаны абзал. Ол үшін үйрету мен даму арақатынасының қалай үлескені, олардың байланысын, балалық шақтың әр түрлі сатысында баланы неге және қалай үйрету керектігін анықтап білу қажет.

Әдеттегі тұрмыстық бақылаулар бала неғұрлым жас болған сайын, ол үйреткенді ұғуға соғұрлым қабілетсіз, олардың бойына сіңірген білімі мен іскерлігі мейлінше қарапайым, оңай екендігін көрсетеді. Шынында да, екі жасар сәбиге әріптердің қалай жазылатынын көрсету қандай мағынасыз болса, төрт жастағы балаға атом ядросының құрылымы туралы айту да сондай көңілге қонымсыз болар еді. Сондықтан үйрету

әдістерін сәбидің жас айырмашылығына қарай ойластырған жөн. Мысалы, адамның суретін қалай салу керектігін ауызша түсіндіргенді үш жасар сәби түсінбейді, ал оның орнына сызып көрсетсе, бала соған еліктеп өзі де сыза бастайды.

Жоғарыда айтылғандардан, үйрету егер психикалық дамудың бала жеткен дәрежесіне лайықталып жүргізілсе ғана табысты болуы ықтимал деген қорытынды шығады. Дегенмен, бақылау еш талассыз болғанымен, мұндай қорытынды шығару түбірінен қате. Ол бойынша психикалық даму үйретуге тәуелді болмастан, өзінен-өзі өрби беретін сияқтанады. Шынында бұлай емес екендігін біз жақсы білеміз. Бала қоғамдық тәжірибені бойына сіңіре, адамға тән әр түрлі іс-әрекетті игере отырып дамиды. Ал, оған бұл тәжірибені беретін де, оның бойында бұл іс-әрекеттерді қалыптастыратын да үйрету. Демек, үйрету баланың дамуына ыңғайластыра жүргізілмеуі, оның артында қалмауы тиіс. Үйрету дамудың жеткен дәрежесін есепке алады. Мұндағы мақсат - сол жерде тоқтап қалу емес, онан әрі дамуды қалай жүргізу керектігін, келесі қадам жасалуы қажеттігін білу. Үйрету психикалық дамудан озық жүреді, оны өзінің соңынан ертеді.

Егер біз, мысалы, бала әлі жөнді түсініп болмайтын, өзі қағазға түсірген шатпақтан белгілі нәрселерді (допты, түтінді, ағайын) тани бастағанын көрсек, онда оның келесі қадамы суретті әдейілеп ойлап бейнелеу. Енді баланы күні бұрын алдына мақсат қоюға үйретуге кірісуге болады және бұл керек те. Өйткені бұл оның психикалық дамуына жәрдемдеседі.

Үйретудің психикалық дамудағы жетекші рөлі бала жаңа іс- әрекетті меңгере отырып, әуелі оны үлкендердің басшылығымен және көмегімен, содан соң өздігінен орындауға машықтанатынынан көрінеді. Баланың үлкендермен бірлесе орындайтыны мен оның өзінің жеке атқаратын қызметінің арасындаңы айырмашылық баланың таяудағы даму аймағы деп аталады. Таяудағы даму аймағының көлемі баланың үйренгіштігінің, оның бойында осы қазір бар даму қорының маңызды көрсеткіші.

Үйретудегі әрбір жаңа қадам баланың таяудағы даму аймағын пайдаланады және сонымен бір мезгілде онан әрі үйретудің алғышарты болып табылатын жаңа аймақ жасайды. Мәселен, сәбиге тіл үйрете отырып біз оның қалыптасқан есту, көру, қабылдауларының мүмкіндіктерін, үлкендерге еліктеуін, түсінігін пайдаланамыз. Сөйлей білу, өз кезегінде, психикалық дамуда шұғыл ілгері басуға жол ашады, ал мұның өзі үйретудің жаңа формаларына өтеуге мүмкіндік береді. Олар сөздің әсерімен неғұрлым жетілген қабылдау мен ойлауға негізделетін

болады. Алайда тәрбиенің таяудағы даму аймағына кері әсер ететін, оны сарқып тастайтын формалар да болуы мүмкін. Әр түрлі білім мағлұматтарын балаға орынсыз тықпалаған жағдайда осындай болады. Әдетте түрлі бұйымдар жайлы мектеп жасына дейінгі балаларға белгілі бола бермейтін мағлұматтарды тақылдап айта беретін, ұзақ- ұзақ өлеңдер мен әңгімелерді жатқа айтып беретін, бес-алты жасында «үлкендердің» газеттеріндегі мақалаларды оқитын балаларды ақылды деп есептейді. Оның үстіне мұндай «зеректілердің» көпшілігі өздігінен ойлауды талап ететін ең қарапайым есепті шешуге қабілетсіздігі былай тұрсын, тіпті оны шешудің үлкендер көрсетіп берген амалын игеруге де шамасы келмейтін болып шығады. Үйрету психикалық дамудан озық жүріп, оған жол ашатын болғандықтан, ол психикалық үдерістердің даму бағытын анықтап, белгілі, психикалық қасиеттердің қалыптасуына және бұрын болған қасиеттерді қайта құруға жеткізе алады.

Мектеп жасына дейінгі балаға көбіне қабылдаудың бөлшектенбеуі, ойлаудың нақтылығы, ерік пен естің ырықсыздығы сияқты қасиеттер тән. Бұл ерекшеліктер психологиялық зерттеулер арқылы талай рет бекітілген болатын. Балалардың үлкен суреттер мен заттарды суреттеулерінен олардың өздерінің суреттерін әдетте заттардың жалпы сұлбасын немесе олардың жеке бөлшектерін, ұсақ-түйектерін қабылдай алатыны көрінеді, ал оларды бірден тұтастай қамтуға көбіне күштері жетіңкіремейді. Әлде не туралы талқылай отырып мектеп жасына дейінгі бала көбіне жекелеген, оған бұрынғы тәжірибеден белгілі заттармен жағдайларды ескереді. Міне, шешесі баласын оқуға үйретіп отыр. Олар бірлесіп. «Мысық» деп оқиды. «Мысық? Бұл қалай мысық? - деп сұрайды балдырған. Кеше кішкене баласына келген мысық па?» Мектеп жасына дейінгі баланың бір нәрсеге көңіл тоқтатуы қиынға соғады, үлкендер талап еткенді есінде сақтау оған күшке түседі. Ал, ойын немесе басқа бір қызықты іс-әрекет үдерісінде болса, осы материалды кереметтей есінде сақтай алар еді.

Ұзақ уақыт бойы айтылған қабылдау, ойлау, зейін қою, есте сақтау сапалары жас мөлшерінің ажырамас белгілері болып табылады деп есептеліп келді. Мектепке дейінгі үйретуді де осыған ыңғайлауға тырысты.

Ерте жас кезінде әрекет заттық болып келеді. Бұл кезде көбіне балаға заттың арнаулы аты, ол неден жасалғаны, бәрі-бәрі қызықтырады. Ол жуынуды сабынмен, сүлгімен, қасықты қолдана бастайды. Әрекет үдерісін баланың көңілімен аударады. Ол көптеген нәрселерді үлкендерден үйрене бастайды. Мектепке дейінгі іс-әрекет басқа да іс-

әрекет түрін үйренуге мүмкіндік береді. Онда жеке ойын, сурет салу, еңбек ету қабілетін иемденеді.

Негізінен білік жеке автоматты іс-әрекет формасының жаттығуды қайталаудағы қорытындысы. Баланың білік қабілетін қалыптастыруға үлкендер ықпал етеді. Бала үлкендермен көп жұмыс жасаса, барлық нәрсені өз бетімен жасайтын болады. Әлеуметтік гигиена біліктің бағыты ретінде балаға тікелей әсер етеді. Оның көз алдына өзінің келбеті елестеуі мүмкін. Бала киінгенде немесе жуынғанда өзін айнадан толық қарайды, өзіндегі өзгерісті байқайды. Бала өзінің сырт келбетіне бақылау жасайды. 1 жастан 3 жасқа дейін балада ең бастысы тәрбие болады. Жаңа жаңалықтар баланы алға ұмтылуға итермелейді. Үлкендер балаға үнемі көңіл аударып отырса бала тез арада барлығын бағалап, сарапқа салады және өз көзқарасын ашып айтады.

Ерте жастағы іс-әрекет дамуының кейбір ерекшеліктерін қарастырамыз:


  • Балада әлеуметтік білік қалыптасады.

  • Әрекет процедурасын орындауда қажеттіліктің ұйымдасады. Оған қажеттілік пен тазалық жатады.

  • Бала іс-әрекет тәрбиесінің ережелерін меңгереді.

  • Балада жеке өзіндік сапалық қасиеттер қалыптасады.

Заттармен әрекет етуінің бала психикасының дамуына әсері

Баланың психикалық дамуына заттық әрекеттердің дамуы едәуір дәрежеде әсер етеді. Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік шақта заттық іс-әрекетпен алмасады. Заттық іс-әрекеттің дамуы заттармен жұмыс істеудің қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Адам үшін заттардың бекітілген, тұрақты маңызы бар. Адам жануарлармен салыстырғанда тұрақты нәрселер дүниесінде өмір сүреді. Маймылдың да саптаяқтан су іше алатыны әркімге белгілі. Бірақ жануарлар үшін заттардың ситуациялық маңызы бар: егер су саптаяққа құйылған болса, маймыл оны саптаяқтан, егер су шелекте болса, шелектен, ал егер еденде төгіліп жатса, еденнен ішеді. Бала үлкендерден заттардың адам іс-әрекеті арқылы бекітілген тұрақты маңызын бағдарлауға үйренеді. Баланы қоршаған заттық дүниелер жихаз, киім-кешек, ыдыс-аяқ-заттардың адамдар өмірінде белгілі бір маңызы бар. Бала ерте сәбилік шақта бұйымдардың маңызын түсінеді. Заттың бекітілген мазмұны балаға өзінен-өзі берілмейді. Ол шкафтың есігін сансыз рет ашып-жабуы, сол сияқты ұзақ уақыт қасықпен еденді тарсылдатуы мүмкін, бірақ мұндай белсенділік оны заттарды атқаратын

міндетімен таныстыра алмайды. Заттардың функциялық қасиеттері сәбиге үлкендердің тәрбиелік және оқыту ықпалдары арқылы ашылады. Бала түрлі заттармен жасалынатын іс-әрекеттер түрлі дәрежеде ерікті болатынын біледі. Кейбір заттар өздерінің қасиеттері жағынан іс- әрекеттің белгілі бір тәсілдерін қатаң сақтауды қажет етеді. (бұған қорапшаның қақпақпен жабылуы, пирамиданың шығыршықтарын өткізу, матрешкаларды жинастыру тәрізді арақатынастағы әрекеттер жатады). Басқа заттарда әрекет тәсілдері олардың қоғамдық міндетімен қатаң бекітілген. Олар зат-құралдар (қасық, қарындаш, балға). Нақ осы арақатынастық және құралдық әрекеттерді игерудің баланың психикалық дамуына неғұрлым елеулі әсер ететінін атап өту маңызды. Ерте сәбилік шақтағы игерген зат-құралдардың сан жағынан келіп кетер ештеме жоқ. Мәселен санда емес, осы заттар балада әрбір жаңа зат-құралдан оның өзіне тән міндетін іздестіруге деген мақсатын қалыптастыратындығында.

Ерте сәбилік шақтың соңына қарай (үш жасқа қарай) іс-әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтай бастайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау жатады. Іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді болатынын ескеріп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.

Заттар мен әрекет ету барысында қарым-қатынасқа бейімделу

Заттық іс-әрекеттен алынып жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан-ақ басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге асады. Сөздік қарым-қатынас баладан қатынасу қабілетін талап еткен жағдайда, яғни үлкендер оны түсінікті сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен құра білуге көндірген жағдайда пайда болады. Егер үлкендер баланың әрбір тілегін қағып ала отырса, онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай қалады.

Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады: нақ осы кезде сөйлеуді игеру аса тиімді өтеді. Егер бала қайсыбір себептермен осы жылдарда тілді дамытудың қажетті жағдайларынан айырылып қалса, онда кейін жіберілген қателіктердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан екі-үш жаста баланың тілін дамытумен қарқынды шұғылдану қажет. Үлкендермен бірлескен

іс-әрекет үстінде балалар ерте сәбилік шақта-ақ айтылған сөздер мен олардың ар жағында тұрған ақиқат болмыстың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды. Сөздерді олар белгілейтін заттар мен іс-әрекеттерге апарып жатқызу бірден бола қоймайды. Үлкендердің сөзі мен іс-әрекеттерінің ара-қатынасын белгілеу қабілеті де ұзақ дамып, оның өмірінің бірінші жылында қалыптасады. Үш жасқа қарай сәбидің үлкендердің сөзін түсінуі сапалық жағынан өзгереді. Бала бұл мезгілде жекеленген сөздерді ғана түсініп, үлкендердің нұсқауы бойынша заттық әрекеттер жасауға ғана қабілетті болып қана қоймайды. Сәби үлкендердің тікелей өзіне бағытталмаған кез келген сөздерін қызыға тыңдай бастайды. Үлкен адаммен баланың тікелей қарым-қатынас жасау ситуациясынан тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну маңызды жетістік болып саналады. Ол сөйлеуді баланың тікелей тәжірибесінің өресі жетпейтін болмысты танудың негізгі құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Заттармен әрекет ете отырып, жетістіктерге жетуі

Ерте сәбилік шақ аса маңызды жетістіктеріге толы (бір жастан екі жасқа дейін). Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әр түрлі «қашықтықтан» өтеді. Бала психикасында алғашқы үш жылда болатын сапалық қайта өзгерістер айтарлықтай қомақты болады. Сондықтан адамның туған сәтінен есейгенге дейінгі психикалық дамуының орта жолы қайсы деп ойланған көптеген психологтар оған үш жасар кезеңді жатқызды. Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас жасай алады. Мұның өзінде ол қарым-қатынастың сөздік формаларын ғана емес, мінез- құлықтың қарапайым формаларын да игереді. Үш жасар бала едәуір белсенді, айналадағыларына түсінікті тәуелді болады.

Бір жастан үш жасқа дейінгі баланың психикасының дамуы бірнеше факторларларға байланысты. Баланың психикалық дамуына тік жүруді үйрену едәуір ықпал жасайды. Нәрестелік шақтың соңында сәби алғашқы қадамдар жасай бастайды. Тік тұру қалпына ауысу ол үшін қиын іс. Кішкентай аяқтарымен аттап басу үлкен күшке түседі. Кеңістікте белсенді қозғалып жүру дағдысы (локомодация) әлі қалыптаспағандықтан, бала үнемі тепе-теңдікті жоғалтып алады. Құлап қалу қаупін де жеңіп, осынау алғашқы қадамдарды жасау үшін қайта- қайта күш жұмсауға оны не итермелейді? Жүру кезінде жұмыс істеп тұрған аяқ, қол, арқа және бүкіл дене бұлшық еттерінен пайда болатын бұлшық ет сезімі маңызды ынталандырушы болып табылады. Өз

денесін өзі билеу сезімі бала үшін өзін-өзі мадақтау қызметін атқарады. Баланың қозғалып жүру ниетін, сол сияқты тілегін мақсатына жету мүмкіндігі және сонымен қоса, үлкендердің қатысуы мен мақұлдауын қолдайды. Өте тез арада, алғашқы әлсіз қадамдардан соң үйлесімді тура бағытты қимылдар жасау қабілеті қалыптаса бастайды. Екі жасқа қарай бала орасан зор ынтамен өзінің жүрген жолынан кедергілер іздестіреді. Қиындықтар және оларды жеңу сәбиде жағымды эмоциялық көңіл-күй туғызады.

Қозғалып жүруге қабілеттілігінің (дене қимылының табысы бола отырып) психологиялық салдары. Қозғалып жүруге қабілеттілік арқасында бала сыртқы дүниемен неғұрлым еркін де дербес қарым- қатынас жасау дәуіріне енеді. Жүруді игеру кеңістікте бағдарлану қабілетін дамытады. Бұлшық ет сезімі қашықтық пен заттың кеңістікте орналасуын есептеу өлшемі болады. Бұл көру, қимылдау мен сезінудің бірлескен қызметтері арқылы жүзеге асады. Өзі қарап тұрған затқа жақындай отырып, бала оның кеңістікте орналасу қалпын практикалық түрде игереді. Жүру арқылы бала өзінің таным объектісі болатын нәрселер шеңберін әлдеқайда кеңейтуге мүмкіндік алады. Ол ата- аналары бұрын оған ұсынуға болмайды деген сан алуан заттар мен іс-әрекет жасауға қабілетті болады. Жаңа заттарды тексерудің жаңа тәсілдерін туғызып, сәбиге нәрселердің осы уақытқа дейінгі жасырын болып келген қасиеттері мен олардың арасындағы байланыстарын ашады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет