Жоспар:
Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың психологиялық мәселелері
Мектепке психологиялық даярлаудың педагогикалық- психологиялық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі бала психикасының дамуына мектеп алды дағдарысының ықпалы
Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың бағыттар мен оқуға бейімдеу жолдары
Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың
психологиялық мәселелері
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауында елімізде алдағы онжылдықта атқарылар істер мен оны жүзеге асыру жолдарының мүмкіндіктерін айқындап берді. Президенттің білім беру, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселесіне тоқталуы осы сала қызметкерлерінің өз ісіне деген жауапкершілігін арттыра түспек.
Қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру жанұяның, балабақшаның тіпті барша халықтың міндеті. Қоғам алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Балаға берілетін тәрбиенің өзегі жанұядағы қарым-қатынастан басталады десек те, ғылымға негізделген түрлі психологиялық-педагогикалық әдіс-тәсілмен берілетін ойын түрлері балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты психологиялық тұрғыда оқу үдерісімен өз үйлесімін табады.
Балабақша білім беру жүйесінің бірінші сатысы ретінде балаларды мектепке даярлауда маңызды қызмет атқарады. Бала мектепке қаншалықты сапалы және уақтылы дайындалса, соғұрлым оның келешекте білім алуы нәтижелі болады.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» білім беру жүйесіне үлкен жаңалық және салмақты жауапкершілік әкелді. Онда «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту - баланың жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін дамыту ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейін» құру талабы алдымызда тұр.
Баланың мектепке оқуға психологиялық даярлығы балалар психологиясы ғылымы мен білім беру жүйесі саласындағы өзекті мәселелердің бірі.
Жалпыға ортақ білім беру, ағарту саласындағы негізгі буын — мектептер арқылы орындалады. Ал осы «Мектеп есігін ашу неше жастан басталуы керек, оған қандай даярлықтармен келу керек?» - деген мәселелер балалар психологиясы ғылымында әлі талас тудырып келе жатқан, тұрлауы табылмаған мәселе болып отыр. Осы тақырыпты зерттеумен айналысқан жүздеген ғалымдар еңбегі теңдессіз мәліметтер бергенімен, зерттеу нәтижелерін білім беру жүйесіне ендіру осы уақытқа дейін эксперименттік сипат алып отыр. Баланың жеке басын жан-жақты дамыту мен мектепке даярлау ісі - бүгінгі таңда білім беру саласындағы аса маңызды шаралардың бірі.
Жалпы білім беретін мектептердің 1- сыныбына қабылданған балалар, мектептік оқу жүйесінде айтарлықтай қиындықтарға ұшырайды. Олардың сәтсіздіктерінің басты себебі - мектептік оқуға даяр еместігінде.
Оқуға берерде баланың тек биологиялық жасына немесе дене дамуының көрсеткіштеріне сүйенбей, мектепке психологиялық даярлығының өлшемін жасап шығаруға болмайтынын тәжірибе көрсетіп отыр.
«ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарына арналған Мемлекеттік бағдарламасы» мен Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының (2007ж.) талаптарына сәйкес, мектепалды даярлық сыныптарының жұмысы қайта жандандырылуда. Бұл игі шараның үлкен жетістіктерінің бірі - бір сыныптас балалардың жас мөлшерлерінің реттелуінде және баланы заманауи талаптар тұрғысынан дамыту ісінің мақсатты түрде, жоспарлы әрі қарқынды жүргізіле бастауында.
Республика мектептерінде мектепалды сыныптарын тәмамдаған балалар 1-сыныптарға қабылданады. Ал мектепке отбасынан, бала бақшадан келген балалар, аудандық, қалалық білім басқармаларының нұсқауы және тікелей басшылықтарымен, мсктептік оқуға даярлық деңгейлерін тексертуден өтеді. Бұл үрдістің қажеттілігі - балаларды
қабылдап алатын ұстаз, олардың әрқайсысының білімі, іскерлігі, дағдысының көлемі туралы мағлұмат алуы. Баланың бұдан ары қарайғы жалпы дамуы мен білім алуы барысында бұл мәліметтер маңыздылығы аса құнды құрал болып табылады.
Бұл бағытта ұлы педагогтар К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская т.б, ал ресей ғалымдарынан Л.С.Выготский, А.П.Усова, А.Н.Леонтьев Д.Б.Эльконин, Л.И.Божович, В.В.Давыдов, Ю.А.Левин, Е.Е.Кравцова т.б, еңбектерін атап өтуге болады.
Сонымен қатар бұл мәселе төңірегінде отандық ғалымдарымыз кеңестік дәуірде Н.Құлжанова, бертін келе Қ.Қойбағаров, Қ.Сейсембаев, Б.Баймұратова, А.К.Меңжанова, Қ.Аймағамбетова, Х.Т.Шериазданова, Г.М.Қасымова, Ж.Рысбекова, М.Сәтімбекова, М.А. Асылхановалардың зерттеу еңбектерін атап өтуге болады.
Мектепке даярлық деңгейін анықтауда басшылыққа алынатыны - көбінесе, оқу және жазу іскерліктерінің шамасы. Ал баланың жаңа ортаға түсуіне байланысты көңіл-күйінің сипаты сынып-сабақтық жүйеге төзімін білдіретін еріктік қасиеттері, жазба білімдерді қабылдап, игеруге қажет таным процестерінің даму деңгейлері тексеріле бермейді. Бұдан шығар қорытынды баланың мектептегі оқуға даярлық көлемінің педагогикалық тұрғыдан қарастырылатындығы.
Жеке адам тек білімділігімен ғана емес, жан-жақтылығымен бүкіл адами қасиеттерінің жиынтығымен ерекшеленеді. Мектепке жаңа оқуға түскен бала даралық сапаларымен таныла отырып, бір ортаға бейімделіп, төселу кезеңін бастан кешіреді. Бұл жолдағы қиындықтар барлық бейімделу сатыларындағы қиындықтармен пара- пар. Яғни, баланың кұрдастарымен қарым-қатынасы, мұғаліммен қарым-қатынасы; мектепке қатынасы; сыныбына қатынасы, сабаққа қатынасы; өзіндік сана-сезімі, құрдастарымен тіл табысуы; сөйлеу ерекшелігі; түсіну, ұғыну деңгейлері - осының бәрі бала психикасына едәуір күш түсіреді. Мұғалімге оқушы жай-күйін еппен бағдарлап, жаңа ортаға абайлап баулу үшін, алдындағы тәрбиеленушілерінің психикалық ерекшеліктері туралы алғашқы деректер қажет-ақ. Бұл деректер баланың мектептегі оқуға психологиялық тұрғыда даярлығын анықтау барысында алынады. Ал психологиялық даярлықты анықтау ісін, тәжірибеден байқағанымыздай, көп жағдайда мектеп психологы жүргізеді. Сауатты ұйымдастырылған психодиагностикалық тексеру мен мектепке психологиялық даярлықты анықтау құралдарына қазақ тілді мектептер әлі зәру.
Басқа тілден аударылып, қолданысқа ылайықты пайдаланыльш жүрген әдістемелер мағыналық өзгерістерге ұшырап, психологиялық
өлшеу құралдарына қойылатын талаптарды (валидтілік, беріктік, сәйкестік) сақтай бермейді. Бұл - бір. Ал екіншіден, бір әдістеме әр түрлі жерде, әркімнің аударуымен түрліше сипат алып отыр. Сондықтан, балалардың мектепке психологиялық даярлығын диагностикалау мәселесі осы мақсаттағы психодиагностика мазмұнын жүйелеп жасау, тексеру немесе өлшеу құралдарын дайындау сынды келелі істерді күтуде. Мектепке психологиялық даярлықтың қандай мәселелерді қамтитыны, оны анықтау мазмұны туралы деректер мемлекеттік тілде жеткілікті сапада, жеткілікті мелшерде емес. Орыс тілінен тәржімеленген еңбектердің мазмұны ұлттық ерекшеліктерге сәйкес келе бермейді. Бүгінгі күн талабына лайық, осы заманғы қазақ бүлдіршіндерінің психикалық ерекшеліктерін анықтайтын ортақ құралдар жасалынуы тиіс. Осы мәселені шешу мақсатында, баланың «мектеп» деп аталатын жаңа әлеуметтік ортаға түсуге даярлық жұмыстарын кәсіби сауатты ұйымдастыру үшін, әрі 12 жылдық білім беруге көшу барысында болашақ мамандарға көмек ретінде «Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың психологиялық мәселелерін» жан-жақты қарастыруды жөн санадық.
Баланы мектепке психологиялық даярлаудың
педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
Қоғамның даму әлеуеті білім деңгейі мен білімділік көлемімен өлшенеді. Әлеуметтік ортадағы адамзат баласының білімділігінің негізін қалайтын қасиетті орын - мектеп. Ғылымның әрбір саласынан хабар беретін мектеп оқуы жүйелілігімен, бірізділігімен ерекшеленеді. Жалпы білім беретін мектептің алғашқы сатысы бастауыш білім болса, сол бастауыш білімнің де, өз кезегінде сүйенер негізі бар. Ол - білім беру жүйесінің бастапқы буыны мектепке дейінгі тәрбие. Сәбилерге алғашқы мәдени-гигиеналы дағдыларды үйретуден бастап, саналы тәртіп, салиқалы ой қорытындысын жасауға дейін көтеретін бұл тәрбие ошақтары болашақ оқушыны мектептегі оқу ісіне даярлаудағы маңызы зор екендігі еш талас тудырмайды.
Еліміз бастан кешкен экономикалы дағдарыс, балалық шақтың белгісіндей, осы бір аялы мекендердің өміріне де салқынын тигізбей қоймады. Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің 2001ж. съезінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «1994-1998 жылдардың аралығындағы кезеңде мектепке дейінгі тәрбие беретін ұйымдардың жүйесі шын мәнінде қиратылып біткен. Бұл мәселені шешу керек» -
деп атап айтқан болатын. Мектепке дейінгі мекемелердің күрт азаюы салдарынан, жалпы білім беретін мектептер табалдырығын аттаған балдырғандардың мектептегі оқу ісіне даярлығының көлемі де төмендеп кетті. Баланың мектеп талабын түсінбеуі ішкі ережелерге бағынбауды тудырады; оқушылық міндетті жеткілікті дәрежеде сезінбеу - мұғалім тапсырмасын дұрыс орындауды, ұғынуды болдырмайды.
Мектепке психологиялық даярлық бала өмірін, оның табиғи қажеттіліктері мен әуесқойлықтарын қанағаттандыратындай етіп ұйымдастыруды, жаңа білімдер мен жаңа қызығушылықтарды қалыптасуы үшін, баланы үнемі жаңалықтармен қамтамасыз етіп отыруды көздейді.
Мектепке психологиялық даярлық мәселесі туралы ресей ғалымымдары үшін де өзекті мәселеге айналды. Бұл туралы И.В. Дубровина былай дейді: «Мектептің 1-сыныбына барынша жақсы даярлықпен келетіндер - мектепке дейінгі кезеңде отбасында, бала бақшада жүйелі түрде үйрету жұмыстары жүргізілген балалар». И.В.Дубровина өзін көпжылдық эксперименттерінің нәтижесіне сүйене отырып, оқушының 1-сыныптың басындағы оқу үлгеріміне мұғалім де, бағдарлама да емес, баланың мектепке даярлығы әсер етеді, сондықтан баланы дер кезінде мектепке даярлай білу керек, бірақ «даярлық» сыртқы сипатқа: баланың оқи, санай білу іскерлік сұрақтарға жауап бере алуы, т.б. емес, белгілі бір психологиялық ерекшеліктерге: мектептік оқуға қатынасы, танымдық белсенділігі, көңіл-күйінің тұрақтылығы т.б. негізделе жүргізілуі қажет деп қорытындылайды. Бірақ, бұл мектепке психологиялық даярлық мәселесінің жалпы көрінісі. Осы тақырыпты зерттеумен айналысқан әр ғалым бұл ұғымға түрліше анықтама береді. Мәселен, В.Д.Шадриковтың зерттеуінде «мектепке психологиялық даярлық, бір жағынан, ағза мен психика дамуының генетикалық бағдарламасымен анықталса, екінші жағынан, баланың жеке тәжірибесі мен білімдер қорымен өлшенеді. Мұндағы мәселе - биологиялық даму мен психикалық дамуды қатар қарастыруда емес, оларды салыстыруда да емес, біртұтас зерттеуде», - делінеді.
Мектепке психологиялық даярлық ұғымы құрамына мотивтік, эмоциялық-еріктік, танымдық сапаларды жатқыза отырып, М.Н.Лобанова мектепке психологиялық даярлық нақты тапсырмаларды орындау іскерлігімен емес, мектеп талаптарын орындауға негіз болар алғы шарттардың қалыптасуымен сипатталатынын атап көрсетеді. Және де, «даярлықтың әр құрылымы ырықты түрде емес, балаға мектеп ұсынатын талаптар арқылы анықталады», -дейді.
Баланы мектепке психологиялық тұрғыда даярлау мәселесін ең алғаш көтерген белгілі дидакт К.Д.Ушинский болды. Ол «Мектепті оқуға дайын бала - оқығысы келу тілегі мен іскерлігімен, ұзақ уақыт бойы зейінін шоғырландыра алу қабілетімен, дағдыланбаған жағдайда баяу меңгерілетін нәрселерді жылдам игеретіндігімен сипатталады». Ұлы ағартушының бұл көзқарасы, мектепке баратын баланың психологиялық даярлық сапасын дөп басып көрсете алуымен ерекшеленеді. Мәселен, осы күнгі мектепке даярлық мазмұнын құрайтын мотивтік даярлықты «оқығысы келу тілегі», танымдық даярлықты «‘зейінін шоғырландыру», «материалды игер» ұғымдары арқылы белгіленген.
1948ж. К.Д.Ушинский мен Л.С.Выготский зерттеулері негізінде, А.Н.Леонтьевтің басшылығымен баланың мектептегі оқуға даярлығының психологиялық мазмұны мәселесіне арналған зерттеулер тобы жүргізіле бастайды. Мектепке даярлық мәселесін мектеп талабынан бөліп қарастыра отырып, А.Н.Леонтьев, мектепте оқудың баланың есіне, қабылдауына және тілінің дамуына, яғни психикасыиың даму деңгейіне талап қоятындығын атап көрсетеді. Осы тақырып негізінде бала психикасын тануға арналған зерттеулер жарық көре бастайды:
Истомина З.М. - ырықты ес процесінің дамуы;
Запорожец А.В. - ерікті қозғалыс процесінің дамуы;
Мануйленко З.Б. - ырықты мінез-кұлық дамуы.
Осы зерттеулер негізінде жатқан теориялық ой, яғни - психикалық әрекеттің ырықты процесстері үнемі әрекет ретінде қалыптасатындығы - баланың психикалық дамуын зерттеуде түбірлі мәнге айналды.
960-жылдардың басына дейінгі кезеңде мектептік оқуға даярлық мәселесі педагогикалық талап тұрғысынан ажыратылып, психология ғылымының зерттеу нысаны ретіңде қарастырылу сипатына ие болды. Осы мерзімде жүргізілген зерттеулер нәтижесінде «мектепке психологиялық даярлық» ұғымы қалыптасты. Мектепке психологиялық даярлық мазмұны болып, әлі толық ашылмаған жаңа құрылымдар белгіленді.
1970-жылдары бастауыш оқу мерзімінің өзгеруімен және оқу материалының толықтыру мен жүйелену деңгейінің көтерілуімен, мсктепке психологиялық даярлық мәселесінің зерттелу жағдайы күрт жоғарылады..
Ал осы тақырып төңірегіндегі көзқарастар мен пікірлердің қайшылықтары мәселенің 1980-90 жылдардың өзінде әлі шешуін таппағандығын, жүйеленбегендігін дәлелдейді.
Мәселенің шешімі - мектепке даярлаудағы психологиялық тұрғыны іздестірумен өлшенеді. 1984ж. КСРО-ның білім беру саласы реформаланды. Мұндағы басты өзгеріс балаларды мектеп қабырғасына бұрынғыдай 7 жастан бастап емес, 6 жастан қабылдау бағдарламасы еді. Осы жаңалыққа орай, балалар психологиясының жас ерекшеліктері мәселесімен айналысып жүрген ғалымдардың қалыптасқан қағидаларды қайта қарауына тура келді. Белгілі психолог Л.С.Выготский теориясындағы «7 жас дағдарысы да «қайта құру» қармағына ілініп кетті. Атақты балалар психологы А.Л.Венгер Л.С.Выготскийдің «7 жас дағдарысы» ұғымын ғасырдың бас жағында енгізілгенін мәлімдей отырып, уақыт талабының өзгеру салдарынан, дәл осы дағдарыс мәселесіне де басқаша қарау керектігін абайлап отырып, түсіндірді.
1990-2000ж. аралығында жарияланған еңбектерден мектепке психологиялық даярлық мәселесінің бір жүйеге келгендігін көруге болады. Бұл кезеңге тән ерекшелік - мектепке психологиялық даярлықтың практикалық сипат ала бастауында еді. Мәселені Эльконин Д.Б. (1995), Немов Р.С. (1995), Бурменская Г.В. (1990) Слуцкий В.М. (1991), Урунтаева ГА. (1995), Чейни Д. (1992) зерттеулері балаларды мектепке психологиялық жағынан қалай даярлау қажеттілігі туралы жаңа теориялық тұжырымдармен толықтырса, Дубровина И.В. (1991); Овчарова Р.В. (1993), Рогов Е.І’ (1995), Шевандрин Н.И. (1995), зерттеулері мектепке психологиялық даярлықты жүзеге асыру жолдары туралы тәжірибелік маңызы аса құнды практикалық материалдар ұсынды. Ал Венгер Л.А Поливанова К.Н., Сушкова Е.Ю. (1989), Худик В.А. (1992), Гуткин Н.И. (1993), Гильбух Ю.З. (1993) зерттеулері мектепке психологиялық даярлық диагностикасын өлшеу әдістемелерінің жиынтығын құрады. Осылайша балалар психологиясы пәні мен психодиагностика пәндерінің тоғысында мектепке психологиялық даярлық диагностикасы деп аталатын жаңа пән өмірге келді.
Кез келген ғылыми зерттеу жұмысы тарихи дамуы жолынан өтеді. Балаларды мектепке даярлау процесі іс жүзінде Ресейде 1970-жылдардан басталса, батыс еуропа елдерінде 1950-жылдардың өзінде-ақ жалпы сипатқа ие болған.
Батыс Еуропада баланың мектептегі оқуға психологиялық даярлығының диагностикасы тәжірибелік әрекет ретінде қалыптасты. Мәселен, 1920-жылдардың басында Германияда мектепке барар баланы сынақтан өткізетін екі орталық жұмыс істеді: Лейпциг қаласындағы Винклер зертханасы мен Мюнхендегі Гуд және Пеннингтер орталықтары. Бұл тексерулердің міндеті - мұғалімнің, баланың ақыл-
ой қабілеті туралы мүмкіндігінше әрі тез, әрі батыл түрде мәлімет алуына көмектесу болатын..
1922-ж. Гамбургтегі психологиялық зертхана күшімеи өткізілген «Альтон сұрыптауы» деп аталатын тәжірибеге 240 оқушы қатысқан. Ондағы мақсат - оқушыларды қабілеттеріне қарай, 3 сыныпқа бөлу еді. Бұл зерттеудің ерекшелігі: сынақ - мұғалімдердің алғашқы айда оқушылар туралы алған әсерлері бойынша жіктелген топтарды тексеруте бағытталғандығы болатын. Сынақ құралы сөздік емес тесттер болды және олар жеке-дара өткізілді. Сынақ қорытындысы мұғалім пікірі мен тест нәтижелерінің сәйкестігін көрсетті. Білім берудегі ізгілік ұстанымына қайшы келгенімен, қабілет деңгейіне қарай топтастырып оқыту, бәлкім, тиімді де шығар.Америка Құрама Штаттарында мектепке барар балаларды психодиагностикалық тексеру жұмысын І937ж. Термен бастады. Американдық ғалым Д.Б.Эванс мектепке даярлықты жас мөлшеріне қатысты қарастырды. Д.П.Озубел оппоненттік жасады; мектепке даярлық баланың жасына емес, мінез- құлқына қатысты, себебі белгілі бір жас шамасындағы балалар жетілу қарқыны жағынан әр түрлі әрі өмірлік тәжірибелері де әр қилы болып келеді. «Мектепке психологиялық даярлықты» тек қана бір фактор - жас шамасына қатысты қарастыру жеткіліксіз. Бұл ретте Д.П.Озубелдің пікірі ғылыми дәлелденген тұжырымдар - дамудағы даралық ерекшелік факторы және дамуға орта ықпалы теориясымен сәйкес.
1954ж. чех ғалымдары А.Керн мен Я.Йирасек мектепке исихологиялық даярлық диагностикасы туралы ғылыми ізденістер жүргізіп, зерттеу қорытындысы ретінде әйгілі Керн-Йирасек тестін ұсынады. Олардың пікірінше, мсктепке түскен бала оқушыға тән кейбір белгілерді игеруі қажет:
ақыл-ой кемелі;
көңіл-күй кемелі;
әлеуметтік қатынастар кемелі.
А.Керн мен Я.Йирасек ақыл-ой кемеліне баланың заттардың жеке бөліктерін қабылдай алуын, ерікті зейінін, салыстыра ойлай алу қабілетін; көңіл-күй кемеліне баланың көңіл-күйінің тұрақтылығын, оқыс реакцияның түгелдей жойылуын жатқызады. 1965 ж. Америка зерттеушілері Ф. Л. Илг пен Л. Б. Эймс мектепке психологиялық даярлық диагностикасынан төмен көрсеткіш берген балаларды мектептен қайтадан шығарып алып, кептеген жаттығулар жүргізіп, даярлықтың белгілі бір деңгейіне жеткізіп барып, мектепке кайта беру керек деген пікір айтқан. Д.П.Озубел мынадай пікір айтады: бала мектептегі оқуға даяр болмаған жағдайда мектептегі оқу бағдарламасын
өзгертіп, сол арқылы бірте-бірте балалардың даму деңгейін теңестіру қажет. Көрсетпей кетуге болмайтын қайшылық - екі зерттеушінің де, балалардың мектепке даярлығының көлемін мектепке қабылданған соң тексеретіндіктерінде. Егер бұл үрдіс мектепке қабылдар алдында жүргізілсе, сыналушыларға қатысты ізгілік принципіне де, дамудағы диалектика заңдылығына да, психологтың кәсіби-этикалық ұстанымына нұқсан келмес еді.
Достарыңызбен бөлісу: |