Оқулық Алматы, 013 (07) ббк 88. я7



бет59/86
Дата06.01.2022
өлшемі0,49 Mb.
#14585
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   86
Байланысты:
китап

Сұрақ: Осы жәйттердің мән-жайын қалай түсіндіресіз?

  1. тапсырма

Ересектер тобындағы балалардың мәнерлеп сөйлеуін, дауыс ырғағын дұрыс қалыптастыру үшін тәрбиеші оларға тақпақтар жаттатты. Бірақ мұндай әрекеттердің балаларға ықпалы аз болды.

Сұрақ: Мұның себебі не? Баланың сөйлеуін жақсату үшін тәрбиешіге қандай кеңес берер едіңіз?

  1. тапсырма

Төмендегі әдіс-тәсілдер арқылы бала қиялының қандай түрлерін дамытып, қалыптастыруға болады?

а) Мектеп жасына дейінгі балалардың сүйікті сабағы кезінде, өздерінің қалауы бойынша, саздан әр түрлі бейне жасау тапсырылды. Бірақ тәрбиеші балалардың жас ерекшеліктерін және 4-тоқсан бағдарламасын ескеріп, жеміс-жидектерді, тағамдарды, жануарларды, ертегі кейіпкерлерін мүсіндеуді ұсынды.



  1. тапсырма

Л.Н.Толстойдың мына сөзінен мектеп жасына дейінгі балалар қиялының қандай ерекшеліктерін байқайсыз?

«Мен суретте сұр қоянды бейнеледім, содан соң сұр қоянды бұтаға өзгерттім. Бұл бұта да маған ұнамады. Одан мен қайта ағаш жасадым. Ағаштан үйілген пішен маясын жасадым, пішен маясынан бұлт жасадым».



  1. тапсырма

6 жасар балалар тіл дамыту сабағына тиісті материалды меңгеруімен бірге жанама міндеттерді де орындайды. Олар зейінін тек әңгіме мазмұнына аударып қоймай, әңгімені тыңдай отырып, тәрбиешінің қосымша айтқан тапсырмасын да орындайды, әңгіме мазмұны бейнеленген суреттерге де қарайды.

Сұрақ: Кітап оқу нәтижелі болу үшін зейіннің қандай қасиеттері пайдалы?

  1. тапсырма

Балалар белгілі уақыт ішінде айналасында шашылып жатқан геометриялық фигураларды түстері бойынша есіне сақтап, оларды артынша қайта жаңғыртуы (қайталап айтып беруі) керек.

Мерзімді уақыт өткен соң, белгі беріліп, жан-жаққа қарау тоқтатылып, ойын жүргізуші әр қайсысының жауабын тыңдайды. Жауап берген баланың тастап кеткені болса, басқалары толықтырып отырады. Ойын шарты бойынша кім есінде көп сақтап, айтып берсе, сол жеңімпаз болады.



Сұрақ: Ойын үстінде зейіннің қандай қасиеттері байқалады? Оларды қандай белгілері бойынша ажыратуға болады?

  1. тапсырма

Ермек пен Айгүл 6 жаста. Сырттан меңгеруші келіп, тәрбиешінің түстен кейін істейтін жұмысына нұсқау берді. Ермек есік ашылған бетте ішіп отырған тамағын тастап, меңгерушінің сөзіне құлақ салды. Ал Айгүл тамағын ішіп отырып, кімнің келгенін, не туралы айтқанын, оның үстінде қандай киімінің барын, тіпті тәрбиешінің берген жауабына дейін есінде сақтап, кейін сұрағанда қайта жаңғыртты.

Сұрақ: Балалар зейінінің айырмашылығын қандай белгілерінен байқайсыз?

Тест сұрақтары:



  1. Жан Пиаженің терминологиясына сәйкес келетін ойлаудың негізгі түрі

  1. көрнекі образдық

  2. көрнекі бейнелік

  3. практикалық

Д) көрнекі амалдық

Е) сөздік-логикалық



  1. Үлкендердің пайымдау логикасын әлі меңгермегендіктен мектепке дейінгі кезеңдегі баланың ойлауы қалай аталады?

  1. образды

  2. қимылды

  3. эмоциялы

Д) бейнелі

Е) практикалық



  1. Баланың дүниені танып білуі қандай таным үдерістерінің дамуына тікелей байланысты?

  1. қабылдау мен түйсіктің

  2. сезім мен зейіннің

С) ес пен эмоцияның

Д) қиял мен темпераменттің

Е) ойлау мен еріктің


  1. Баланың ойлау қабілетін дамыту үшін ұйымдастырылатын түрлі ережесі мен шарттары бар ойын түрі қалай аталады?

  1. дидактикалық

  2. қимылдық

  3. сюжеттік

Д) шығармашылық

Е) ұлттық



  1. Мектепке дейінгі кезеңнің соңына қарай қолданысқа енетін сөйлеу түрі

  1. контексті

  2. сөз-логикалық

  3. ауызша

Д) диалогтық

Е) ситуациялық



  1. Балаға әрекеттерін жоспарлап, жүйелеуге көмектесетін сөйлеу түрі

  1. эгоцентрикалық

  2. контексті

  1. сөз-логикалық

  2. ауызша

Д) диалог

  1. Өзара әңгімелесіп отырған адамдардың өздеріне ғана түсінікті, сырттан келгендер бұл жағдайды түсінбейтін түсініксіз сөз.

  1. ситуациялық

  2. контексті

  3. сөз-логикалық

Д) ауызша

Е) эгоцентрикалық



  1. Шамамен алғанда 6 жасында баланың сөздік қоры қанша болады?

  1. 3400-5000

  2. 300-400

  3. 1000-1500

Д) 1600-1800

Е) 2000-2200



  1. Балада ырықты есте сақтап, қайта жаңғыртудың алғашқы белгілерінің көрінуіне ықпал ететін ойын түрі

  1. сюжетті-рөлдік

  2. дидактикалық

  3. шығармашылық

Д) қимыл-қозғалыстық

Е) құрылыс



  1. Ешқандай мақсат қоюды талап етпейтін мектеп жасына дейінгі баланың қиялы қалай аталады?

  1. ырықсыз

  2. ырықты

  3. шашыраңқы

Д) ұшқыр

Е) арман


  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ерік және сезімінің
    ерекшеліктері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет