Агрессивтілік - әрекеттер моральдық және құқықтық сипаттармен түсіндірілмейтін ешқандай объективті себептерсіз туындайтын өшпенділік, көбінесе өзін қорғау немесе басқа адамды қорғауда көрінетін сипат.
Агрессия - (латынша аддгеззіо - қазақша шабуыл жасау) қандайда бір мақсатқа жетудің құралы ретінде көрініс береді, басқалардың шабуылынан қорғану мақсатымен сипатталады.
Адаптация- ағзаның, сезім мүшелерінің ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге, орта жағдайына біртіндеп бейімделуі.
Әңгімелесу - оқытудың аса күрделі әдісі, оны табысты өткізу үшін өте мұқият дайындық қажет және әңгімеге қойылатын барлық негізгі талаптарды ескеру қажет.
Әрекет - түрлі қажеттілікті өтеуге байланысты белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған процесс.