Мектепке оқуға психологиялық дайындығын
диогностикалаудың мақсаты мен бағдарламаларына
қойылатын талаптар
Мектепке психологиялық дайындықты анықтаудың негізгі мақсаты - мектепке бейімделе алмаудың алдын алу болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес, соңғы уақытта түрлі сыныптар құрылуда. Олардың міндеті - оқытуда қайта мектепке дайын және дайын емес балалармен жеке қатынас жасауды іске асыру.
Мектепте оқуға психологиялық дайындықты диагностикалау ең алғаш рет шет елдерде қолданыла бастады. Шет елдік зерттеулерде ол мектептік жетілу диагностикасы ретінде белгіленеді. Дәстүрлі түрде мектептік жетілдірудің үш аспектісін бөліп көрсетеді:
зияттылық
эмоциялық
әлеуметтік
Зияттылық жетілу деп фоннан фигураны ажыратуды білдіретін бөліп (дифференциациялық) қабылдауды, зейінді шоғырландыруды, аналитикалық ойлауды (құбылыстар арасындағы негізгі байланыстарды
түсіну қабілеті), логикалық есте сақтау мүмкіндігін, үлгіні қайта жасай білуді, сондай-ақ қолдың нәзік қимылдары мен сенсорлық координацияның дамуын айтады. Мұндай зияттылық жетілу бас миы құрылымы қызметінің пісіп жетілуін бейнелейді десе де болады.
Эмоциялық жетілу деп негізінен импульстық реакциялардың азаюы мен ұзақ уақыт тартымсыздау тапсырмаларды орындау мүмкіндігін айтады.
Әлеуметтік жетілуге баланың құрадстарымен қарым-қатынасқа түсуге қажетсінуі мен өзінің іс-әрекетін балалар тобының заңдарына бағындыра алуы, мектептегі оқу жағдаятының оқушы рөлін орындауға қабілеті жатады.
Бөлінген шамалардың негізінде мектептік жетілуді анықтайтын тесттер жасалады.
Мектептегі оқуға психологиялық дайындықты анықтай отырып, балалар практикалық психологы мұны не үшін жасап жатқанын анық білуі керек.
Баланың мектепке психологиялық дайындығын диагностикалауда мынандай мақсаттар болады:
оқу-тәрбие үдерісінде балаға дара қатынас жасаудың жолын анықтау үшін олардың психикалық дамуының ерекшеліктерін түсіну;
мектептегі оқуға дайын емес балаларды анықтау; бұл баланың мектепке бейімделе алмаушылығы мен үлгермеушілігінің алдын алуға бағытталған дамыту жұмыстарын жүргізу мақсатын көздейді;
болашақ 1-сынып оқушыларын олардың «таяудағы даму аймағына» сәйкес сыныптарға бөлу; бұл әрбір балаға өзіне тиімді режимде дамуға мүмкіндік беру мақсатын көздейді;
мектепте оқуға дайын емес балаларды бір жылға кейін оқуға шегеру; бұл тек алты жастағы балаларға қатысты.
Баланың мектепке оқуға дайындығын анықтауға арналған әдістердің көптігіне қарамастан, психологтар бірқатар талаптарға жауап беретіндей.
тексеру өте ұзақ болуы керек; ол балаларды мектепке жазу уақытының шеңберіне (сәуір-мамыр) енуі керек.
әдістемелер балалардың мектепке мотивациялық дайындығы туралы мәліметтер беру керек;
тексеру бағдарламасында баланың мектепке дайындығы туралы қажетті және жеткілікті компоненттер болуы керек.
Мектепке психологиялық дайындықты диогностикалауды
ұйымдастыру
Баланың мектепке психологиялық дайындығын айқындауды ұйымдастыру әртүрлі болады. Оның неғұрлым сәтті жағдайы балаларды сәуір-мамыр айларында балабақшада тексеру. Өйткені бұл уақытта болашақ 1-сынып оқушыларына 5 жас 6 ай болады және ұсынылған тексеру бағдарламасын осы жастан ерте жүргізуге болмайды.
Балабақша немесе мектептің хабарландыру тақтасына күні бұрын психологпен әңгімелесуде балаға қандай тапсырмалар берілетіндігі туралы хабарлар жазылған қағаз ілінеді. Бұл тапсырмалар төмендегідей формада болу мүмкін:
Бала білуі керек:
үлгіні елестете алу;
ереже бойынша жұмыс істеу;
желілі суреттерді бірізді орналастырып, олар бойынша әңгіме құрастыру;
сөздердегі жекелеген буындарды ажырату.
Балабақшада тексеру бір рет қабылдағаннан іске асырылады немесе бала өте баяу жұмыс істеп, тез шаршаса екі рет қабылдағаннан аяқталады. Мектепте де осылай жасауға болады.
Әңгімелесудің бірінші кезеңінде 1) «Үйшік» әдістемесінен жүргізеді. Оны 5 баладан топтармен жүргізіледі. 2) Әр баламен жеке жүргізілетін әдістемелер: «Оқушының ішкі позициясын» айқындауға арналған эксперименттік әңгіме, «Ия және жоқ», «Дыбыстық жасырынбақ», «Танымдық немесе ойын мотивтерінің басылымдығын анықтау».
Бұл әдістемелерді мектеп психологымен қатар, арнайы дайындалған бастауыш сынып мұғалімдері де жүргізе алады. Бұл тексеру процедурасын айтарлықтай жылдамдатады. Айталық, мектепке 150-дей бала келуі керек. 1-сәуірден бастап балаларды тексеру аптасына 3 рет жүргізіледі. Мектепке хабарландыру ілініп, онда ата-аналар көрсетілген мерзімде (наурыздың ортасынан сәуірдің басына дейін) келіп, балаларын әңгімелесуге жаздырып кетуі керектігі айтылады. Бір күнге 25 баланы жазуға болады. Оларды әр жарты сағат сайын 5 баладан қабылдап, 3 сағатта жұмысты аяқтауға болады.
Әрбір балаға алдын ала әдістемелер бланкісі мен таза парақтар дайындалады. Бұлар зерттеушілерге сурет салу және оның жауаптарын тіркеу үшін керек.
Бірінші тексеру процедурасында 5 бала түрлі сыныптарға тарайды. Әр сыныпта психолог немесе бастауыш сынып мұғалімі «Үйшік»
әдістемесінен басқа әдістемелерді жеке-жеке жүргізеді. Бір кабинет қана баланың аффективті-қажеттілік аясындағы танымдық немесе ойын мотивінің басымдылығын анықтауға бөлінеді. Бұл кабинет әдістемеде көрсетілгендей, арнайы ойыншықтармен жабдықталады. 5 баланың бәрі жеке әңгімелесуден өткен соң, бір бөлмеге кіріп, топпен «Үйшік» әдістемесін орындайды.
Осы тексерудің бірінші кезеңі біткеннен соң, балаларын тексерудің екінші кезеңіне, ата-аналар өздеріне ыңғайлы уақытқа жаздырып қояды. Бірінші және екінші рет тексеруде ата-аналар қатысып отырады. Тек екі әдістемеге: «Үйшік» пен «Танымдық және ойын мотивінің басымдылығын анықтауға» қатыспайды. Өйткені олар үйшіктің суретін салуда балаларды алаңдатуы мүмкін, ал мотивтердің басымдылығын зерттеуде кездейсоқ немесе әдейі сыбырлап айтып жіберуі арқылы баланың тыңдауына әсер етуі мүмкін. Ал қалған әдістемелерді жүргізуде ата-ананың қатысуы қажет те. Әсіресе бұл мектеп таңдауда өте керек (гимназия немесе тіл мектептерін).
Екінші әңгімелесудің алдында психолог ата-аналарға балаларының суретін (үйшіктің) және үлгіні салыстыра отырып жіберілген қатесін көрсетеді. Содан соң бірінші кезеңдегі өзге тапсырмаларды орындау нәтижесін естеріне салады. Тек осыдан кейін балаға «Етіктер» және «Оқиғалардың жүйесі» әдістемелері беріледі.
Барлық тапсырмаларды орындап біткен соң, қажет болған жағдайда ата-аналарға қалған уақытта баланы мектепке қалай дайындау керектігі туралы ұсыныстар беріледі.
Күрделі бағдарлама мен оқытатын сыныптағы дамуы жоғары балаларды айқындаған жағдайда, тексерудің екінші кезеңінде, мұғалімдердің шағын комиссиясы қатысуы керек (мүмкін болса логопед).
Ал тексеру балаларды іріктеу мақсатында болмай, оның психикалық даму ерекшеліктерін зерттеу мақсатында болса, комиссияның қатысуы міндетті емес. Онда тексеруді психолог қана жүргізеді. Баламен әңгімелесу кезінде достық, мейірімді, еркін байланыс орнату керек. Ойын атмосферасы балаға босаңсып, стресстік жағдайдың төменделуіне көмектеседі.
Баланы мектепке даярлауда ата-аналармен және ұстаздармен
жүргізілетін жұмыстар
Баланың мектепке психологиялық даярлығын тиімді қалыптастыру
үшін оның айналасындағы адамдармен де жұмыс жасау керек. Олар: ата-аналар және баланы мектепке қабылдайтын ұстаздар. Әуелі ата- аналармен жүргізілетін психологиялық шараларға гоқталайық.
Психологиялық ағарту шаралары: лекция, семинар түрлерінде ұйымдастырылып, ата-аналарды статистикалық, мәліметтермен таныстыра отырып, мекгепке психологиялық даярлықтың болашақтық дамуға әсері, негізі, әрі мектеп бағдарламасын игеруге қатысы баяндалады. Лекция мазмұны нақты мысалдарды бейнелейтін көрнекіліктермен, осы заманғы озық техника мүмкіндіктерін пайдаланумен байытылып отыруы керек. Тақырыптық бір ғана дәріс оқылып қоймай, ата-аналардың ынта-ықыласын тудыратындай, тәрбие мәселесіне барынша жауапкершілікпен қарауын қалыптастыратындай бірнеше сериялардан тұрғаны жөн. Лекция тақырыптарын ата- аналардың сұраныстарына қарай таңдап, мәселелерді бір-бірімен байланыстырып, логикалық бірізділікпен берген дұрыс.
Психологиялық кеңестер жеке сипат алуы керек. Нақты мәселе бойынша берілер жеке кеңестер аса биязы түрде; алдындағы адамның көңіліне қаяу салмайтындай; мәселенің шешілуіне сендіре білу, үмІттендіру арқылы, кәсіби білікті түрде жүзеге асырылуы тиіс. Психологиялық кеңестің сенімді райда өтуі оң нәтижелілік тудырады.
»Ашық әңгіме» пікірталасы - ортақ мақсат біріктірген ата- аналардың көңілдегі түйткілдерін ортаға салып, бір-бірімен пікір алмасуы. Психолог тұжырымын басшылыққа алу негізінде бала өмірін ұйымдастыруда оң нәтижелер берер шараларды қолдануды іске асырады. Мұнда ескеретін бір жайт - ата-аналардың өздерінің рұқсат- келісімінсіз ешбір деректі жариялауға болмайтындығы.
Мектепке қабылдар алдында ұстаздар қауымының психологтың көмегімен балаларды сұрыптап, таңдап алу әрекетінің адамгершілік қағидасына да, этикалық ұстанымға да қайшы келетінін айта отырып, бұл іске басқа қырынан қарауды ұсынамыз. Баланың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын анықтау - болашақ оқушымен танысып, оның күшті жактары меп әлсіз жақтарын белгілеу үшін; сыныптарды барынша тиімді құру үшін қажет. Ал, осы диагностиканың тиімді бағдарламасын қалай жасауға болады? Ол үшін 1-сынып мұғалімдері арасында «Сараптық, баға әдісін» жүргізуге болады. Ұстаздар қауымы үлгілі 1-сынып оқушысы меңгеруі тиіс сапалар жиынтығын құрастырады; сосын тізімдегі сапаларды жүйелеп, өңдеу аркылы, мектептегі окуға қажетті аса маңызды белгілерді тізімнің бас жағына қойып, қалғанын кему ретімен орналастырады. Психолог балалардың мектепке даярлығын анықтау барысында осы тізімге сүйенеді; оқуы
табысты болуы үшін аса маңызды деген сапалар бірінші тексеріледі.
Сонымен, 1-сынып оқушысының психологиялық өлшемі:
педагогикалық даярлығы -
оқу дағдарысы;
санай алу іскерлігі;
жазу дағдысы;
сурет салу дағдысы;
тілдің дыбыстық мәдениеті;
сұраққа толық жауап бере алуы;
сөздік қоры молы;
әрнәрседен хабары бар
танымдық даярлығы
қабылдаудың жекелік сипаты;
бақылампаздық -қиялы ұшқыр;
кеңістік пен уақытты бағдарлай алуы;
көрнекі-бейнелік ойлауының жақсы дамуы:
қоршаған орта құбылыстарының ішінен аса маңыздысын ажырата білу;
олардың салыстырып, ұқсастары мен айырмашылықтарын таба білу;
оларды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын таба білу іскерліктері;
қолдың нәзік кимылдарының жетілуі (қаламсап, кайшы ұстай білуі, сурет сала алуы);
есте сақтау қабілетінің жақсы дамуы;
тілдің реттеуші қызметінің дамуы (сөздік нұсқауларды орындай алуы);
танымдық белсенділігі (оқу дағдарысын іс-әрекеттің дербес мақсатына айналдыра алу іскерлігі);
логикалық ойлаудың алғы шарттары: белгілерді түсіну қабілеті; сұрақтарды құрастыра білу қабілеті;
өз бетінше ойлап, құбылыстардың себептерін тауып, қарапайым ой қорытындыларын жасай алу қабілеті;
ықыластық даярлық
танымдық қызығушылықтарының айқын көрінісі;
оқушы ролін игеруге тырысуы (мектепке барғысы келуі, т.т.)
мектеп пен мұғалім қоятын талаптарды қабылдай алуы;
көңіл-күйік - еріктік даярлығы -
мінез-құлқын басқара алуы (сабақ үстінде, үзіліс кезінде)
сабақ үстінде және оқу күні бойында жұмыс істеу қабілетінің сақталуы;
көңіл-күйінің тұрақтылығы (көңіл-күй ауаньш реттей алуы);
зейінін ырқына бағындыра алуы;
зейінін шоғырландыра алуы;
өзін-өзі ұстай алуы (сөз бермеу...)
ерік күшін жұмсау арқылы іс-әрекетті орындау уақытын езара алу іскерлігі;
тілдік қатынас (коммуникативті) даярлығы -
үлкендермен және балалармен араласу тілегі;
мүғаліммен қарым-қатынас орнату іскерлігі;
қашықтық сақтай білуі;
үлкендермен жеке қатынас жасауға қабілеттілігі;
құрдастарымен қарым-қатынас орната білу іскерлігі,
балалар ұжымына еніп, ондағы өз орнын таба білу іскерлігі;
бірлескен іс-әрекет жасай білу іскерлігі;
құрдастарымен тең дәрежелі қарым-қатынас орната білу іскерлігі;
Басқалары - денсаулық жағдайы.
Үлгідегі 1-сынып окушысы иемденер қасиеттерді 1-сынып ұстаздарына немесе бала бақша тәрбиешілеріне жасатудың іс-жүзіндегі ұтымдылығы - мектепке психологиялық даярлық бұлыңғыр психологиялық тұжырымға ұқсап емес, мұғалімге таныс нақты сапалар жиынтығы ретінде көрінетіндігінде.
Достарыңызбен бөлісу: |