Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45


Cапа менеджмент жүйелерiнiң қажеттiлiгiнiң



Pdf көрінісі
бет111/167
Дата06.01.2022
өлшемі3,69 Mb.
#15676
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   167
Байланысты:
mendebaev-sapany

6.5. Cапа менеджмент жүйелерiнiң қажеттiлiгiнiң 
дәлелденуi
Сапа  менеджмент  жүйесi  (МЖ)  тұтынушылардың  талапта-
рын  қанағаттандыруды  жоғарылатуда  ұйымдарға  көмектеседi  және 
әлеуметтiк қажеттiлiк болады. 
Тұтынушыға  оның  қажеттіліктері  мен  талаптарын  қанағаттанды-
ратын өнім керек. Бұл қажеттіліктер мен талаптар өнімнің техникалық 
шартында  көрсетіледі  және  тұтынушының  талаптары  болып  табы-
лады.  Талаптар  тұтынушымен  келісім  шартқа  сәйкес  қойылады  не-
месе  ұйымның  өзі  жасайды.  Кез  келген  жағдайда  өнімнің  құнын 
тұтынушының қанағаттануына байланысты қояды. 
Тұтынушының  талаптары  мен  қажеттіліктері  күн  сайын  өзгеріп 
отырғандықтан,  сонымен  бірге  ұйым  бәсекелестікке  төзімділігін  ар-
тыру  үшін  өз  өнімдерін  жиі  жаңартып  отыруы  және  техникалық 
құрылғыларын жаңартып отыруы тиіс. 
Ұйымның сапа менеджментіне жүйелі көзқарасы тұтынушының та-
лаптарына талдау жасауға, өнімді тиімді алу жолдарын анықтауға алып 
келеді. 
Сапа  менеджмент  жүйесі  тұтынушылардың  және  басқа  да 
қызығушылық танытқан жақтардың қойған талаптарын қанағаттандыру 
қажет. Бұл кәсіпорынға және тұтынушыға өнімді тұтынушы талабына 
сай етіп шығаруына сенімділік береді. 
Cапа  менеджмент  жүйелерiнiң  қажеттiлiгiнiң  дәлелденуi  қызы-
ғушылық танытқан жақтар мен тұтынушылардың талаптарын қанағат-
тандыруда аса сақ болуы тиіс. 


203
Қоғамдық  қажеттілік  қоғамдық  өнім  сияқты  қаралады,  яғни 
халықтың  қоғамдық  және  жеке  қолдануында  өмірлілігін  артыруды 
қолдау болып табылады. 
Қоғамдық талап дегеніміз – өнімді шығару кезіндегі техникалық-
экономикалық  сипаттамалары,  табиғи  қорлардың  шығыны,  қоршаған 
орта мен қоғамға тигізетін әсері. Қажеттіліктің туындауы және оның 
нақты анықтамасы – қоғамдық талаптарды қанағаттандыратын негізгі 
операциялық элемент. Операциялық элемент болып бұйымды жобалау, 
конструкциялау, дайындау және эксплуатациялау жатады. 
Қажеттілік келесі бағыттарда қаралады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет