Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45


жаңа бұйым жасаудағы тексеру жұмыстары



Pdf көрінісі
бет35/167
Дата06.01.2022
өлшемі3,69 Mb.
#15676
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   167
.
  жаңа бұйым жасаудағы тексеру жұмыстары;
.
  материал қабылдаудағы кірме тексеріс;
.
  тәжірибелік бұйымның сапасын бағалау, бұйым сапасын және 
өндірістік үдерісті жоспарлау;
.
  дайын бұйымды тексеру;
.
  бұйым сапасын бағалау;
.
  бұйым сапасынан ақпарат беретін аппаратураны тексеру;
.
  сапа қамту әдістеріне персоналды үйрету;
.
  кепілді күту;
.
  тағы басқалай әрекеттер.
TQM жүйесінде фирманың барлық мәселелерді байланыстырушы 
тізгін  ретінде  орналасқан.  Мұнда  басқа  жүйелерде  ескерілмеген  екі 
ерекшелік бар, олар:
Біріншіден,  TQM  жүйесі  мекемедегі  сапа  басқарудағы  кешенді-
ұйымдастырушылық  жүйе  болғандықтан,  қазіргі  кезеңдегі  ең  жаңа 
жүйелер санатына кіреді.
Екіншіден,  TQM  жүйесінде  адами  фактор  өте  ұтымды  ескерілген. 
Жұмысшылардың  еңбегі  дұрыс  бағаланғандықтан,  мекемеде  тек 
жұмыспен  ғана  айналысатын  еңбеккерлер  тобы  қалыптасқан.  Мекеме 
жұмысшылардың біліктілігін ылғи жетілдіріп, оларды оқытып отырады.
Мекемеде сапа менеджері қызмет етеді. Ол әмбебап маман, нарық 
талабын игерген, қаржылық мәселелерге қанық, психолог, маркетолог. 
Сонымен, TQM жүйесі қазіргі заманның ұтымды жүйесі болып тұр.
TQM принципі (сапаның тотальды менеджменті). TQM теориясының 
дамуына  америкалық  Э.В.Деминг  (1900-1993),  Д.  М.  Джуран  (1904) 
және Ф. Б. Кросби (1926-2001) сияқты ғалымдар елеулі үлес қосты. 
TQM негізгі Эдвардс Демингтің 14 принципін құрайды: 
1. Мақсаттың әрқашандылығы. Қызмет көрсету және өнім өндіру 
үдерістерін бірқалыпты нәрлендіру үшін мақсаттың әрқашандылығын 
сақтау қажет. Өндірісті преспективті мақсатқа бағыттау.


59
2.  Жаңа  философия.  Біз  жаңа  экономикалық  кезеңде  (эпоха) 
болғандықтан,  ескі  ақаулы  өнім  шығару  философиясынан  толық  бас 
тарту.
3.  Инспекцияға  тәуелділікті  азайту.  Сапаға  жету  амалында  бақы-
лаудың үлкен көлеміне сұранысты жоқ қылу керек. Бақылау органдары 
жағынан сапаны бақылауды жою. Бақылауды жұмыс үдерісіне кіргізу.
4.  Ең  төменгі  бағада  келісім  жасау  тәжірибесін  тоқтату.  Тек  қана 
бағаға сүйеніп, бизнесті кіріспе тәжірибесін жасау.
5.  Барлық  үдерістерді  ұйымда  жүзеге  асыру.  Өндірісті  жоспарлау 
және қызмет көрсету жағынан әрдайым үдерісті жүзеге асырып отыру. 
Ескірген әдістерден арылып, әрдайым еңбек әрекеттерінің амалдарын 
жүзеге асырып отыру. 
6.  Жұмыста  оқуды  енгізу.  Әрдайым  қызметкерлерді  профе-
сионалдылыққа  игеру  керек.  Материалдар,  дизайн,  өндіріс  өнімдерін 
және өндіріс аспаптарын дайындау аумағында, өндіріс қызметкерлерін 
интенсивті жүйе ретінде білімдерін жоғарылатып отыру.
7. Басшылыққа қолайлы стил орнату. Басшылық стилін бекітіп, олар 
адамдардың жақсырақ жұмыс істеуіне көмектесуі керек.
8.  Екі  бетті  әсерлі  коммуникациялы  және  басқа  тәсілдердің 
нәтижелерін көтермелеп, ұйымда қауіпті жағдайларға мүмкіндік беруді 
болдырмау. Ұйымдағы атмосфераны жасау арқылы жұмыста жіберіл-
ген қателіктер үшін, мысалы, сынықтар үшін және авария туралы пайда 
болған қауіп-қатерді болдырмау керек. 
9. Бөлімдер және адамдармен аралық тосқауылдарды жою.
10. Еш сүйенімсіз ұрандар, плакаттар және үндеулерді қолдануды 
доғару. «Бос» үндеулерді қолданудан бас тарту кәсіптік білім жүйесінің 
дайындығынсыз басшылық жағынан нақты сәйкес әрекеттік ұрандар-
сыз еңбек сапасы мен өндірушілікті жоғарылатады. 
11.  Пікір  тудыратын  көлденең,  сандық  көрсеткіштерді  жою. 
Жұмысшыларға белгілі сандық мөлшердегі жетістіктерді және басқару 
қызметкерлерінің – сандық көрсеткіштерін көрсететін, жасалған жұмыс 
стандартынан бас тарту. 
12. Қызметкерлерге өз еңбектерімен мақтануға мүмкіндік беру.
13. Білімді жоғарылату. Өндірістік үдеріске қандай да бір жаңалық 
енгізгісі келетіндерге көмек көрсету. Қызметкердің өз білімін қолдана 
білуі статистика бойынша дарынға деген күнделікті бағыт.
14. Жоғары басшылыққа ілесу. Әрдайым сапаны және өндірушілікті 
жақсартатын идеямен жоғары басшылық нақты қатынасқа ұмтылдыру.


60


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет