Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45


 Сапаны басқарудың әдістемелік негіздері. Сапаны басқаруды



Pdf көрінісі
бет91/167
Дата06.01.2022
өлшемі3,69 Mb.
#15676
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   167
Байланысты:
mendebaev-sapany

5.8. Сапаны басқарудың әдістемелік негіздері. Сапаны басқаруды 
жүйелік зерттеу әдістемесі. Сапаны басқару әдістемесінің
ерекшелігі
Сапаны басқару әдістемесінің негізі болып, жүйені өңдеу үдерісінде 
мына  үштікті  анықтау  болып  табылады,  яғни  объект  көрініс  модель. 
Жүйелік әдістеменің ерекшеліктерін түсіну үшін, жүйелік зеттеулердің 
орны мен өзіндік рөлін ескеру қажет.
Табиғатында жүйелік зерттеулер пәнаралық болғандықтан, сонымен 
қатар олар ең алдымен әдістемелік салмаққа ие болғандықтан, шартты 
түрде философия мен қолданбалы ғылымдардың аралығына коямыз.
Жүйелік  зерттеулердің  (жүйелердің  жалпы  теориясы)  теориялық 
негізінің  күрделілігі  және  математикалық  аппараттарды  таңдау 
басқарудың ғылыми-әдістемелік жолының күрделілігіне тәуелді болады.
Бұл үшін жүйені басқаруды сипаттағанда мыналарды ескереді:
– болып жатқан моменттің бекітуін құрылымы мен құрамы арқылы 
сипатталатын объекттің күйі;
–  функционалды  үдерістердің  жиынттығымен  сипатталатын  бір 
күйден екінші бір күйге өтуі;
–  уақыт  шкаласында  ескерілген  жағдайларды  белгілейтін  өмірлік 
цикл.
Бір күйден екінші күйге ауысу сол объекттегі болған өзгерістерге 
байланысты, яғни:


180
– элементтердің құрамы мен саны;
– олардың арасындағы (ішкі құрылымдары) байланыстар;
– кіріс және шығыстар санын өткізу қабілеттері;
– қоршаған ортаға қатысты объектпен орындалатын функциялар;
– объекттің ішкі үдерістерін қамтамасыз ететін функциялар.
Қорытындысында екі әлем қатар тіршілік құратындығы айғақталады 
(образды  түрде-таңбалы)  материалды  және  идеалды.  Бұл  әлемдердің 
объекттерінен тиісті жүйелерді құрайды.
Жүйелік  зерттеулер  –  үнемі  қайталанып  отыратын,  материалдық 
түрден идеалдық түрге айналған өзіндік цикл, содан кейін жаңа деңгейде 
материалдықтан (реалды) идеалдыққа айналдыру. Бұл қосарлану үдерісі 
теория және тәжірибенің диалектикалық біріктірілуі сияқты болады.
Сапа  менеджементінің  табиғатында  материалдық  және  идеалдық 
объекттердің  бар  екендігі  белгілі  және  ортақтығын  атап  өткен  жөн. 
Әрбір объект әртүрлі бөліктерден тұрады, әртүрлі қасиеттерге ие, сол 
табиғаттағы басқа да объекттермен әрекеттеседі (кейбір қатынастарда 
байланысады).  Күй  ұғымы  кейбір  уақыт  кеңістігінің  облыстарында 
қасиет және объекттің қатынасын шартты бекітеді. Объект кеңістікте 
өз қасиеттерімен уақыт бойынша қатынасын өзгерте ауысады. Мұндай 
өзгерістер  үдеріс  деп  аталады.  Үдерістердің  жиынттығы  объекттің 
уақыт пен кеңістікте жұмыс жасауды ұсынады.
Жұмыс  жасау  динамикалық  болғандықтан,  оны  күйлердің 
кешендерінің кезекті, параллель, аралас үш түрімен суреттейді.
Сапаны басқару жүйесінің өңдеушісі объекттердің түрлері олардың 
үлгілері мен моделінен айтарлықтай айырмашылық бар екенін біледі.
Жүйелік зерттеулерге келесілер тән:
– жүйенің интегралдығымен анықталатын тұтастық, даралық, ішкі 
бірлікпен, қоршаған ортадан шектелу мен байланыстық;
–  сатылығы,  дискреттік  және  элементтердің  үздіксіздігі,  көп-
құрамдылығы, көпқабаттылық, күделілігі;
–  динамикалығы,  ұйымдастырушылығы  және  уақыт  бойынша 
өзгеруі,  стационар  еместігі,  үдерістігі  (жағдайдың  уақыт  бойынша 
кезектілігі),  өмірлік  циклдің  басы  мен  аяғының  болуы,  өзгергіштігі 
және тұрақтылық;
–  жүйенің  жекелей  элементтерінің  қасиеттерімен  және  олардың 
арасындағы  байланыспен,  құрылымы,  қоршаған  орта,  «мақсат  қою» 
сипаты мен орнықтылық, тиімділікпен шартталуы;
– ашық болу (жүйе мен ортаның өзара тәуелділігі: жүйе ортамен өзара 
қарым-қатынас үдерісінде өз қасиеттерін қалыптастырып әсердің бастау-
шысы санымен бірге белсенді компоненті болып көрсетеді) және т.б.


181
–  бүтіннің  ішіндегі  әрбiр  элементтiң  қасиеті  мен  оның  орнына, 
функциясына қатынасының ерекшелігі немесе тәуелділігі;
–  тұрақтылық,  яғни  тепе-теңдік,  ыңғайлылық,  синергетикалығы, 
кооперативтігі, адептерлігі, сенімділігі, қауіпсіздік және үндесуі;
– модельденуі: құрылымдылық (жүйені суреттеуді құрылымдарын 
орнату  арқылы  жүзеге  асыру),  күрделілігі  (толықтай  қамтылмауы), 
сапалық  және  сандық  көрсеткіштері,  антроптілігі,  этика  және 
эстетикалығы;
– жаһандылығы: алғашқы болу, мәселе көтеруі, макроскопиялығы, 
көпкомпоненттілігі, ірі масштабта болу, көпсалалығы, көпдеңгейлілік, 
экологиялығы, эргономикалығы, унификатталуы, стандартталуы.
Жүйелік әдіс
Жүйелік  әдіс  –  бұл  арнайы  ғылыми-зерттеу  және  әлеуметтік 
тәжірибе, объектілерді жүйе ретінде зерттеу әдістемесінің бағыты. Ол 
мәселелерді  нақты  ғылымдар  үшін  адекватты  қоюмен  және  оларды 
танудың тиімді стратегиясын тағайындауға әсерлеседі. Жүйелік әдістің 
әдістемелік ерекшелігі ол зерттеуді объектінің тұтастығына және олар-
ды қамтамасыздандыратын механизмдерге, күрделі объектілердің бай-
ланыс типтерінің әртүрлілігін анықтау және оларды бірыңғай теориялық 
кескінге біріктірумен анықталынады. 
Жүйелік әдіс қатаң әдістемелік концепция емес: ол нақты зерт-
теулер бағытына сәйкес келетін негізге сүйенетін танымдық прин-
циптер жиынтығына тығыз емес байланысқан болып қала отырып, 
өзінің  эвристикалық  функцияларын  атқара  алады.  Бұл  жүйе  екі 
түрде  жүзеге  асырылады.  Біріншіден,  жүйелік  әдістің  мазмұндық 
принциптері жаңа тапсырмаларды шешу мен орындауды зерттеудің 
ескі дәстүрлі тәсілдерінің кемшіліктерін бекітуге мүмкіндік береді. 
Екіншіден,  жүйелік  қатынастың  түсініктері  мен  принциптері 
конструкторлық  зерттеу  бағдарламаларын  қалыптастыруға  әсер 
етуге негізделе отырып жаңа зерттеу объектілерін құрастыруға осы 
зерттеу заттарына құрылымдық және топологиялық сипаттама бе-
руге көмектеседі. 
Жүйелік әдіс – жүйелік зерттеулер ішіндегі жалпылама категория-
сы, объекті анализінің кешенділігі мен зерттеудің қатаң жүйеленуінен 
тұрады.  Оның  негізгі  принциптері  біртұтастық,  күрделілік  және 
ұйымдастырылуы.  Қолданбалы  аспектіде  әдіс  кешендік  әдістің, 
жүйелік  модельдеудің  және  басқару  моделінің  сәйкестігі  ретінде 
қарастырылады.  Объектіні  параметрлік  бағалау  басқару  жүйесінің 
заттық  меншігі  мен  типін  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Бұл  осы  тип 
аясындағы заңнамалықты анықтау үшін қажетті. 


182
Жүйелік әдісте екі жүйе типін бөліп қарастырады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет