171
Фасеттік жіктелудің негізгі артықшылығы объекттерді қажетті
белгілер жиыны бойынша жүйелендіруге және кез келген фасеттер
үйлесімділігі бойынша ақпараттық іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін қолайлығы болып табылады.
Шартты белгілеулер әдісі
Құжаттар мен өнімді идентификациялауда кең көлемде қолданылады.
Шартты белгілеулерді құрудың екі тәсілі ең жиі пайдаланылады:
мнемоникалық және нөмірлік-жіктеу.
Сілтеме әдісі
Нақты сипаттамалардың (қасиеттері, көрсеткіштері, айырмашылық
белгілері) суреттелуі нормативті немесе техникалық құжаттарда
келтірілетін жағдайда объекттерді идентификациялау үшін пайдаланы-
лады. Сілтеме әдісі нақты өнімді оған тапсырыс болған кезде иденти-
фикациялау кезінде ең жиі пайдаланылады. Идентификация құрамына
өнім атауы, оның шартты белгіленуі мен осы өнімге жан-жақты талап-
тары бар құжатқа сілтеме кіреді.
Сілтеме әдісін қолдану кезінде өнімнің ерекшеліктері мен негізгі
сипаттамалары ескерілмей қалады.
Суреттеу әдісі
Нақты объектті оның сипаттамаларын (қасиеттері, параметрлері,
көрсеткіштері) суреттеу жолымен идентификациялау қажет болған
жағдайда пайдаланылады. Сонымен бірге, атаулары, қолданылу аясы
және көрсеткіштері бірдей болатын біртекті объекттер бір-бірінен осы
көрсеткіштердің мағыналары арқылы ерекшеленуі мүмкін.
Идентификациялаудың суреттеу әдісі объекттің барлық негізгі
сипаттамаларының пайдаланылуын қарастырады және солардың
көмегімен оны басқа біртекті объекттерден бөліп алуға мүмкіндік
береді.
Объекттердің жан-жақты суреттелуі негізгі көрсеткіштері, қасиет-
тері, сипаттамалары, өлшемдері, пайдалану шарттары, қолданылу аясы
және т.б. құрамына кіретін нормативті және техникалық құжаттарда
келтірілген. Мысалы, техникалық шарт типті мемлекеттік стандарт-
тар, сондай-ақ нақты өнімге техникалық шарттардың құрамына
жіктелу, негізгі параметрлер мен өлшемдер, жалпы техникалық талап-
тар, қауіпсіздік талаптары, бақылау әдістері, қаптамаға, маркалауға,
тасымалдауға, сақтауға және т.б. талаптар сияқты бөлімдер кіреді.
Қарастырылып отырған әдістің негізгі артықшылықтарының бірі
идентификациялауға енетін сипаттамаларды салыстыру жолымен
біртекті объекттерге салыстырмалы талдау жасау мүмкіндігі болып та-
былады. Салыстыру объекттер арасында болатын айырмашылық неме-
се ұқсастық дәрежесін орнату үшін автоматтандыру жолымен жүргізілуі
мүмкін.
172
Сілтеме-суреттеу әдісі
Суреттеу әдісіне қарағанда, бұл әдіс объект сипаттамалары
орналасқан құжатқа сілтемеге қоса объекттің негізгі сипаттамаларының
бір бөлігін ғана пайдаланады. Канадалық мамандардың зерттеулері
көрсеткендей, нақты объекттерді компонентті түрде таңдау үшін жеті
негізгі сипаттама жеткілікті болып табылады.
Бұл әдіс түрлі объекттер немесе түрлі ақпараттық басылымдар (ка-
талогтар, көрсеткіштер, кадастрлар және т.б.) туралы мәліметтер банкін
құру кезінде неғұрлым жиі қолданылады. Бұл әдісті қолдану объектті
идентификациялауға қажетті ақпарат көлемін көп мөлшерде қысқартуға
мүмкіндік береді, бұл компьютер жадысын үнемдеуге және басылым
көлемін қысқартуға маңызы бар. Өнім каталогтарында, мысалы өнім
атауын, қолданылу аясы мен қолданылуын, тапсырыс кезінде пайда-
ланылатын шартты белгіленуін, құрамына осы өнімге деген барлық
талаптар енетін құжаттардың негізгі белгілеуі, жасап шығарушының
атауы мен мекен-жайын, сондай-ақ нақты мағыналары бар негізгі си-
паттамаларын көрсетеді.
Автоматты идентификациялау әдісі
Объекттер жайлы ақпаратты өңдеу мен тануды, қабылдауды (сканер-
леу) қамтамасыз ететін құралдардың пайда болуы мен электрониканың
дамуының арқасында бұл әдіс күннен күнге кең көлемде қолданысқа
ие болып келеді. Автоматты түрде идентификациялау үшін, мысалы,
штрих кодтар, радиоэтикеттер, магнит жолақтары, смарт-карталар, ды-
быстар мен сигналдар, оптикалық танығыш белгілер және т.б. пайдала-
нылады. Олардың ішінде штрих кодтарды қолдану кең таралған.
Модельдеу кезіндегі қолданбалы идентификация
Жүйелерді идентификациялауда идентификациялаудың жалпы
мәселелері (ішкі суреттеу типі) мен параметрлерді идентификациялау
мәселелері шешіледі.
Сызықты түрдегі ішкі суреттеуді құру тапсырмасында тұрақты коэф-
фициенттер бір кіріс-шығыс параметрлерге қатыссыз жүйенің негізгі
ішкі құрылымын анықтауға қол жеткізеді. Егер жүйе
t
0
=0 кезінде
бастапқы күйі
x
0
=0 болып, дискретті уақытта жүзеге асатын болса,
жүйенің
u(t) кірісі мен
y(t) шығысы мына қатынаспен байланысқандығы
көрсетілген:
y t
A u t
t
t
( )
( )
=
−
> ≥
∑
0
, (5.41)
мұнда барлық
{A
i
} матрицалар
p×m өлшемге ие. Сол кезде Σ жүйенің
кіріс-шығыс типті суреттелуі {
A
1
, A
2
, ... , A
n
} матрицасының тізбектілігі
арқылы анықталады.
Егер Σ жүйенің ішкі суреттелуі
мына қатынаспен беріліп,
173
x(t+1) = Fx(t) + Gu(t) (5.42)
y(t) = Hx(t)
және жоғарыда келтірілген суреттеуге сай келетін болса, онда
F, G, H
және
{A
i
} матрицалары арасындағы байланыс мына түрде болады:
A
i
= HF
t-1
G, i = 1, 2,
... n. (5.43)
Тапсырма тәжірибелі мәліметтермен сәйкес келетін неғұрлым
шағын модель құруға алып келеді. Аталған шектеулерді ескере отырып
шешу алгоритмі құрылған.
Жүйенің қатал құрылған негізгі ішкі құрылымынан соң
параметрлердің сандық мәндері анықталады. Жүйе динамикасы мына
дифференциалды теңдеу арқылы суреттеледі:
x = f(x, u, a); y(t) = h(x, a), (5.44)
мұнда,
а –
y(t) жүйесінің шығыс айнымалысының мәнінен негізделе оты-
рып анықталуы тиіс белгісіз параметрлер векторы. Кейбір жағдайларда
кіріс функциясы белгісіз параметрлердің әсерін күшейтетіндей етіп
таңдалып алынады.
Достарыңызбен бөлісу: