117
демеймін. Алла олардың ішіндегілерді жақсы біледі. Ол уақытта мен
залымдардан болармын» (деді.)
(Һуд сүресі, 27-31)
Елінің бастықтары: «Əрине, біз сені ашық адасуда көреміз», –
деді. «Ей, елім! Менде ешбір адасқандық жоқ. Бірақ, мен əлемдердің
Раббы тарапынан бір елшімін», – деді. «Сендерге Раббымның
жібергендерін жалғастырып, сендерді үгіттеймін. Жəне Алладан
сендер білмегенді білемін». Сақсынып, мəрхаметке бөленулерің
үшін Раббыларың тарапынан, өздеріңнен сендерге ескертетін бір
кісіге насихат келуіне таңырқайсыңдар ма?
(Ағраф сүресі, 60-63)
Олар: «Ей, Нұх! Егер тыйылмасаң, əрине, таспен атқыланған-
дардан боласың», – деді.
(Шұғара сүресі, 116)
Сондай-ақ Нұхқа (ғ.с.): «Еліңнен иман келтіргеннен басқалары,
əсте иман келтірмейді. Енді олардың істегендеріне кейіме» делінген
түрде уахи етілді. Көз алдымызда нұсқауымыз бойынша кеме жаса.
Залымдар турасында маған айтпа! Өйткені, олар суға батырылады.
(Һуд сүресі, 36-37)
Достарыңызбен бөлісу: