Мүміндердің кемеге мінуі Ақыры əміріміз келген заманда таңдырдан су қайнады. Нұхқа
(ғ.с.): «Ол кемеге əр нəрседен бір жұп жəне бұрын үкім етілгеннен
басқа, отбасыңды орналастыр. Əрі иман келтіргендерді де ал», –
дедік. Негізінде, онымен бірге иман келтіргендер өте аз ғана еді. Нұх
(ғ.с.): «Кемеге отырыңдар. Оның жүруі де, тұруы да Алланың аты-
мен. Расында, Раббым өте жарылқаушы, ерекше мейірімді», – деді.
(Һуд сүресі, 40-41) Топанның басталуы Сондықтан көктің есігін құйылған жаңбырмен аштық. Жерді жа-
рып, қайнарлар шығардық. Сонда су өлшеулі əмір бойынша қосылды.
Оны (Нұхты) шегеленген тақтайлы кемеге орналастырдық. Қарсы
келгендерге жаза түрінде Нұхтың (ғ.с.) кемесі көз алдымызда жүріп
бара жатты.
(Қамар сүресі, 11-14) Хз. Нұхтың өз ұлымен сөйлесуі Кеме оларды таулардай толқында алып жүрді. Нұх (ғ.с.) айрылу-
да болған ұлына: «Ей, балақайым! Бізбен бірге кемеге отыр, қарсы
болушылардан болма!» – деп дыбыстады. Ұлы Кенған: «Мені су-
дан сақтайтын тауға паналаймын», – деді. Əкесі: «Бүгін Алланың
əмірімен сақтаушы жоқ. Бірақ, біреуге мəрхамет етсе басқа» деген-
де, екеуінің арасына толқын түсіп, Кенған суға батқандардан болды.
(Һуд сүресі, 42-43)