Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Хз. Юсыптың бауырларының қызғанышы



Pdf көрінісі
бет140/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Хз. Юсыптың бауырларының қызғанышы
Олар: «Ей, əкеміз! Юсып туралы бізге сенбейтін саған не бол-
ды?  Əрине,  оған  қамқормыз», – десті. «Ертең  оны  бізбен  бірге 
жібер.  Тамақтансын,  ойнасын.  Расында,  біз  оны  қорғаушымыз» 
десті. (Яғқұп  ғ.с.): «Расында,  сендердің  оны  алып  кетулерің  маған 
уайым салады əрі сендер оған қаперсіз қалып, оны қасқыр жеуінен 
қорқамын», – деді. Олар: «Біз мықты бір топ бола тұра, оны қасқыр 
жесе,  əрине,  сол  уақытта  зиянға  ұшыраушылардан  болармыз», –
десті. (Туыстары Юсыпты қырға алып шығып, əртүрлі аяусыз жапа-
лар көрсетіп, қатты қинап, өлтіруге жақындайды. Ол оларға жылап- 
еңіреп  жалбарынғандықтан  өлтірмей,  əкелеріне  қасқыр  жеді  деп, 
қанға бояп көрсету үшін жейдесін шешіп алып, жандары ашымай, 
беліне  жіп  байлап  құдыққа  салбыратып  тұрып,  жібін  кескен  сəтте 
Алладан  Жəбірейіл  арқылы  Юсыпқа  ғ.с.  пайғамбарлық  келеді). 
Сонда олар Юсыпты алып кеткен кезде, бəрі оны құдықтың түбіне 
тастауға бірлесті. Оған: «Туыстарыңа əлбетте осы істеріңнің хабарын 
бересің. Олар сезбейді» деп уахи еттік. Олар іңірде əкелеріне жылап 
келді. «Ей, əкеміз! Біз жарысып кеткенде, Юсыпты нəрселеріміздің 
жанына тастап кетсек, сонда оны қасқыр жепті. Енді шын айтсақ та, 
бізге  сенбейсің  ғой»  десті.  Сондай-ақ  олар  оның  жейдесіне  өтірік 
қан жағып əкелді. Əкелері: «Олай емес! Сендерге нəпсілерің бір істі 
жақсы көрсеткен екен. Енді көркем сабыр керек. Айтқандарыңа Ал-
ладан жəрдем тіленеді», – деді.
(Юсып сүресі, 11-18)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет