Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Хз. Юсып жəне билеушінің əйелі



Pdf көрінісі
бет142/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Хз. Юсып жəне билеушінің əйелі
(Бұл Юсыпты жүргіншіден сатып алған, Мысырдың қазына уəзірі 
Қытпирдің  əйелі  Зылиха  еді.  Ол  уақытта  Мысыр  патшасы  Уалит 
ұлы Риян иман келтіреді). Юсып тұрған үйдің əйелі (Зылиха), оның 
көңілін өзіне тартпақшы болды да есіктерді бекітті: «Қане, кел бері!», 
– деді. Юсып (ғ.с.): «Аллаға сыйынамын. Ол (ерің) қожайыным мені 
жақсы  орынға  қойды.  Шынында,  залымдар  құтылмайды», – деді. 
Расында,  əйел  одан  ой  қылды.  Егер  Раббыңның  дəлелін  көрмесе, 
Юсып та одан ой қылған болар еді. Юсыптан жамандық, арсыздықты 
бұруымыз үшін өстідік. Өйткені, ол ықыласты құлдарымыздан еді. 
Екеуі  есікке  жүгірді  де,  əйел  оның  жейдесін  арт  жағынан  жыртып 
алып  қалды.  Екеуі  есік  алдында  əйелдің  қожайынына  кездесіп 
қалып,  əйел  еріне: «Сенің  жұбайыңа  жамандық  ойлаған  біреудің 
жазасы, сөзсіз, абақты немесе жан түршігерлік азап», – деді. Юсып 
(ғ.с.): «Ол көңілімді өзіне тартпақшы болды», – деді. Əйел жағынан 
бір  айғақ: «Егер  Юсыптың  жейдесі  алдынан  жыртылса,  əйел  шын 
айтты да, ол өтірікшілерден болады». «Оның жейдесі артынан жыр-
тылса, онда əйел өтірік айтты да, ол шыншылдардан», – деп куəлік 
берді.  Сонда  оның  жейдесінің  арт  жағынан  жыртылғанын  көрген 
ері: «Міне, бұл – əйелдер сендердің қулықтарың. Расында, сендердің 
амалдарың үлкен», – деді. «Юсып, мұны қоя сал! Ханым, сен күнəң 
үшін жарылқану тіле! Расында, сен қателесушілерденсің!» – (деді).
(Юсып сүресі, 23-29)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет