Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Хз. Мұхаммед (с.ғ.с.) тұп-тура жолда



Pdf көрінісі
бет165/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Хз. Мұхаммед (с.ғ.с.) тұп-тура жолда          
 
(Мұхаммед ғ.с.) шəксіз, сен анық елшілерденсің. Тура жолдасың. 
(Ясин сүресі, 3-4)
(Мұхаммед ғ.с.) саған осылайша əмірімізден бір «Рұх» (Құран) 
уахи еттік. Сен (Кітап не? Иман не?) білмейтін едің. Бірақ, Құранды 
нұр қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ тура жолға сала-
мыз. Расында, сен тура  жолға  бастайсың. 
(Шура сүресі, 52)
(Мұхаммед  ғ.с.)  сен  сондай  өзіңе  уахи  етілген  Құранға  жабыс. 
Сен, шын мəнінде, тура жолдасың.
(Зухруф сүресі, 43)
(Мұхаммед ғ.с.) сөзсіз, сені ашық жеңіске ие қылдық. Алла өткен 
əрі  келешектегі  күнəңді  жарылқау,  саған  деген  нығметін  тəмамдау 
жəне  саған  тура  жол  көрсету  үшін,  тағы  саған  үстем  бір  нұсрат 
(жəрдем) берер. 
(Фатх сүресі, 1-3)
Мекке құрайыш тайпасының қыспақ жасауы
(Мұхаммед ғ.с.) олардан саған кейбіреулері құлақ салады. Бірақ, 
олардың  жүректеріне  ұқпайтын  қалтқы  қойдық  əрі  құлақтарында 
кереңдік  бар.  Олар  əр  мұғжизаны  көрсе  де  сенбейді.  Тіпті  саған 
келсе,  олар  сөз  таластырады  да,  қарсы  болғандар: «Бұл  (Құран) 
бұрынғылардың ертегілерінен басқа еш нəрсе емес», – дейді. 
(Əнғам, 25)
Олар (адамдарды) тосады да, өздері де одан ұзақтасады. Сөйтіп, 
өздерін жояды. Бірақ, олар сенбейді. 
(Əнғам, 26)
Расында,  білеміз,  күдіксіз,  олардың  айтқандары  сені  кейітеді. 
Олар  сені  өтірікке  санап  отырған  жоқ.  Бірақ,  залымдар  Алланың 
аяттарына қарсы келеді. 
(Əнғам, 33)


154
Егер саған олардың жүз бұрулары ауыр келсе, қане! Қолыңнан 
келсе, жерде бір тесік немесе көкте бір саты іздеп тауып бір мұғжиза 
келтір! (Мұғжиза келтіру пайғамбарлардың еркінде емес. Алланың 
қалауы бойынша болады). Егер Алла қаласа еді, оларды туралыққа 
жинар еді. Ендеше, сен  надандардан  болма. 
(Əнғам, 35)
(Мұхаммед ғ.с.): «Шынында, мен Раббым тарапынан ашық дəлел 
үстіндемін.  Сендер  оны  жалғандадыңдар.  Сендер  жедел  тілеген 
(азап) менде жоқ. Билік Аллаға ғана тəн. Ол туралықпен үкім етеді. 
Жəне Ол үкім етушілердің ең жақсысы» де. 
(Əнғам, 57)
(Құранды)  хақиқат  бола  тұра,  ұлтың  жасынға  шығарды. 
(Мұхаммед ғ.с.): «Сендерге уəкіл емеспін», – де.
(Əнғам, 66)
(Мұхаммед ғ.с.): «Ей, елім! Шамаларыңша істеңдер. Əрине, мен 
де істеушімін. Соңғы жұрт кімдікі болады? Тез білесіңдер. Расында, 
зұлымдар құтылмайды», – де. 
(Əнғам, 135)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет