Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Жындардың  ішінде пайғамбарларға  дұшпандық



Pdf көрінісі
бет173/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Жындардың  ішінде пайғамбарларға  дұшпандық  
жасайтындары бар
Осылайша, əр  пайғамбарға  адамдардың жəне  жынның   шайтан-
дарынан дұшпан қылдық. Олар алдап бір-біріне жалтыраған сөздерді 
сыбырлайды.  Раббың  қаласа  еді,  олар  оны  жасамас  еді.  Оларды 
жасанды  сөздерімен  қойып  қой.  Олар,  ақыретке  сенбегендердің 
көңілдері оған ауып разы болсын да, істеген күнəларын істей берсін 
(деп күңкілдейді).
(Əнғам сүресі, 112-113)
Жындардың имансыздары тозақы 
  Егер  қаласақ  еді,  əркімді  тура  жолға  салар  едік.  Бірақ  Менен: 
«Тозақты  бүтіндей  жындар,  адамдармен  толтырамын»  деген  сөз 
болған. (Бұлар шайтандар мен оларға ерген адамдар).
(Сəжде сүресі, 13)
(Алла Қияметте оларға): «Сендерден бұрыңғы өткен, тозақтағы 
жын жəне адамдар тобының ішіне кіріңдер», – дейді. Əр топ тозаққа 
кірген  сəтте,  өз  туысын  (алдыңғы  жолдасын)  қарғайды.  Барлығы 
онда  жиналғанда,  артқылары  алдындағыларына: «Раббымыз! 
Осылар  бізді  адастырған.  Сондықтан  оларға  тозақ  отынан  екі  есе 
азап  бер»  дейді. (Алла): «Əркімге  екі  есе  азап  бар.  Бірақ,  сендер 
білмейсіңдер», – дейді. 
(Ағраф сүресі, 38)
Рас,  тозақ  үшін  де  көптеген  жын,  адамдар  жараттық.  Олардың 
жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен 
көрмейді. Жəне олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар 
хайуан  тəрізді,  тіпті  одан  ары  адасуда.  Міне,  солар  мүлде    қапер-
сіздер. 
(Ағраф сүресі, 179)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет