161
қылған еді. Жыннан болған ол, Раббының əмірінен бас тартты. Сон-
да да менен гөрі оның ұрпақтарын дос етіп аласыңдар ма. Олар бол-
са, сендерге дұшпан. (Алла тұрып, шайтанды дос көру). Залымдар
үшін нендей жаман өзгеріс!
(Кəһф сүресі, 50)
Ібіліс шайтанның бас көтеруі
Сол уақытта періштелерге: «Адамға сəжде қылыңдар!» –
дедік. Сонда олар дереу сəжде қылды. Бірақ, Ібіліс сəжде қылмай:
«Балшықтан жаратқаныңа сəжде қыламын ба?», – деді. Ібіліс: «Осы
менен ардақты қылғаныңды көрдің бе? Егер мені Қиямет күніне
дейін кешіктірсең, əлбетте, ұрпақтарының өте азынан басқасын
қырыма бір аламын», – деді.
(Исра сүресі, 61-62)
(Алла): «Ей, Ібіліс! Сен неге сəжде қылушылармен бірге
болмадың», – деді. (Ібіліс): «Сен бейнеленген қара балшықтың кеуіп,
сыңғырлағанынан жаратқан адамға сəжде етуіме болмайды», – деді.
«Шынында, саған Қиямет күніне дейін лағынет бар».
(Хижр сүресі, 32-35)
(Алла Ібіліске): «Саған Мен əмір еткенде, сені сəжде етуден не
тыйды?» – деді. Ол: «Мен одан артықпын. Мені оттан жаратып, оны
балшықтан жараттың», – деді. (Алла): «Онда ол жерден түс. Онда
сенің менменсуіңе болмайды. Дереу шық, қор болушылардансың»,
– деді.
(Ағраф сүресі, 12-13)
Достарыңызбен бөлісу: