Шайтанға ерудің нəтижесі Сонда шайтан, ол екеуінің ұятты жерлерінің ашылуы үшін
азғырды да: «Раббыларың сендерді осы ағаштан, екеуің періште бо-
лып кетеді немесе мəңгі қалып қояды деп ғана тыйған» деді. Жəне:
«Шынында, мен екеуіңді үгіттеушілерденмін» деп, ант ішті. Сөйтіп,
екеуін алдап түсірді. Сонда екеуі ағаштан татқан сəтте ұятты жерлері
ашылып кетті. Екеуі жəннат жапырақтарынан үстеріне жапсыра ба-
стады. Раббылары екеуіне: «Екеулеріңді осы ағаштан тыймап па
едім? Расында, шайтан сендерге ашық дұшпан демеп пе едім?» – деп
дабыстады.
(Ағраф сүресі, 20-22) Ақыры шайтан оған азғыру жүргізіп: «Ей, Адам! Саған мəңгілік
ағашын жəне таусылмайтын салтанатты көрсетейін бе?»,– деді. Сон-
да екеуі одан жеді. Дереу ұятты жерлері көрінді. Сондықтан екеуі де
үстеріне жəннаттың жапырақтарын жаба бастады. Адам (ғ.с.) Раб-
бына күнəкар болып, жолдан тайды.
(Taha сүресі, 120-121)