Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет198/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   359
Бақшалар мен бұлақтар
Сендерге малдар, балалар берді. Бақшалар, бұлақтар берген (Ал-
ладан қорқыңдар).
(Шұғара сүресі, 133-134)
Сендер осы жерде бейбіт қала аласыңдар ма? Бақшаларда, бұлақ-
тарда.  Егіндерде, жұмсақ қауашақты құрма ағаштарында? Сондай-
ақ таулардан  ойып, шеберлікпен үй  жасайсыңдар  ма? 
(Шұғара сүресі, 146-149)
Теңіз
Немесе жерді тұратын орын қылып, араларынан өзендер ағызып, 
оған  асқар  таулар  жасаған  жəне  екі  теңіздің  арасына  жік  жасаған 
кім? Алла мен бірге басқа тəңір бар ма? Жоқ, олардың көбі білмейді.
(Нəміл сүресі, 61)
Немесе  құрылықтың,  теңіздің  қараңғылықтарында  жолға  са-
латын  кім?  Рахметтің  (жаңбырының)  алдынан  қуаныш  самалын 
естіретін  кім?  Алламен  бірге  басқа  тəңір  бар  ма?  Алла  олардың 
қосқан ортақтарынан тым жоғары. 
(Нəміл сүресі, 63)
Адамдардың  қолекі  істегендерінің  кейбірінің  сазайын  татты-
ру  үшін  құрылықта  əрі  теңізде  бұзықтық  шықты.  Мүмкін  олар, 
бағыттарынан қайтар. 
(Рум сүресі, 41)


194
Екі теңіз тең емес: Бұл тəтті шөл қандырады, ішілуі сүйкімді. Ол 
тұзды ащы. Əрбірінен жас ет (балық) жейсіңдер əрі тағатын сəндік-
бұйымдар  (інжу-маржан)  шығарасыңдар.  Сондай-ақ  Алланың 
кеңшілігінен  несібе  іздеу  үшін  кеменің  теңізде  суды  жарып  бара 
жатқанын көресің. Əрине, шүкір етерсіңдер. 
(Фатыр сүресі, 12)
Ол  сондай  Алла,  теңізді  еріктеріңе  берді.  Оның  бұйрығымен 
теңізде  кемелерді  жүргізіп,  Оның  кеңшілігінен  несібе  іздейсіңдер. 
Əрине, шүкірлік етерсіңдер. 
(Жəсия сүресі, 12)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет