Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет200/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Жер бетіндегі игі жолдар
Алла  сендерге  жерді  төсеніш  қылды.  Оның  кең  жолдарында 
жүрулерің үшін.
(Нұх сүресі, 19-20)
Сендерді теңселтпеу үшін жер жүзінде асқар тауларды орнала-
стырды. Жөн тауып жүрулерің үшін өзендер, жолдар жаратты. 
(Нахыл сүресі, 15)
Ол сондай Алла, сендер үшін жерді бесік қылып, онда сендерге 
жолдар ашқан жəне көктен жаңбыр жаудырған. Ол су арқылы түрлі 
өсімдіктерден   пар-парымен  шығардық. 
(Taha сүресі, 53)
Жер  оларды  тербетпесін  деп,  асқар  тауларды  орналастырдық. 
Жəне жөн табулары үшін кең жолдар жараттық.
(Əнбия сүресі, 31)
Рас, Алланың көктен жаңбыр жаудырғанын көрмейсің бе? Сонда 
онымен түрлі-түсті жемістер шығардық. Сондай-ақ таулардан да ақ, 
қызыл  əрі  қап-қара түрлі-түсті  жолақтарды  көрмейсің  бе? 
(Фатыр сүресі, 27)
Сондай  Алла, сендерге  жерді бесік қылды да, онда тура  жүру-
лерің үшін  жолдар  жаратты. 
(Зухруф сүресі, 10)
Жолдары бар аспанға серт! Күмəнсіз, сендер талас-тартыс сөз-
десіңдер. 
(Зəриəт сүресі, 7-8)
Жел құбылысы
Ол  сондай  Алла  рахметінің  (жаңбырдың)  алдын  ала  желдерді 
қуантушы етіп жібереді. Ауыр бұлттарды көтерген бойда, өлі (қағыр, 


196
құрғақшылық  басқан)  бір  мемлекетке  жіберіп,  сонда  ол  арқылы 
жаңбыр  жаудырып,  сонымен  əртүрлі  жемістерді  шығарамыз.  Осы-
лайша, өліктерді де, тірілтеміз. Əрине, үгіттенерсіңдер.  
(Ағраф сүресі, 57)
Пайдалы  желдерді  жібердік  те,  аспаннан  жаңбыр  жаудырып, 
сендерді  сонымен  сусындаттық.  Əйтпесе,  сендер  оны  жинап  ала 
алмайсыңдар. 
(Хижр сүресі, 22)
Сүлейменге (ғ.с.) қатты желді бағындырдық. Оның əмірімен, Біз 
мүбарак  қылған  жерге  жүреді. (Сүлеймен  ғ.с.  тағы  желмен  ұшып 
Шамға, Йеменге дейін  баратын  еді).   
(Əнбия сүресі, 81)
Немесе  құрылықтың,  теңіздің  қараңғылықтарында  жолға  са-
латын  кім?  Рахметтің  (жаңбырының)  алдынан  қуаныш  самалын 
естіретін  кім?  Алламен  бірге  басқа  тəңір  бар  ма?  Алла  олардың 
қосқан ортақтарынан тым жоғары. 
(Нəміл сүресі, 63)
Ол сондай Алла, желдерді жіберіп, сонда ол; Бұлтты қозғап, оны 
өлі бір жерге айдаймыз. Жəне жаңбыр арқылы жансыз қалған жер  ді 
қайта жандандырамыз. Өліктің тірілуі де осы сияқты.
(Фатыр сүресі, 9)
Егер Ол қаласа, желді тоқтатар еді де, кемелер су үстінде тұрьш 
қалар  еді.  Даусыз,  бұнда  өте  сабырлы,  толық  шүкір  етушілерге 
өнегелер  бар. 
(Шура сүресі, 33)
Түн мен күндіздің ауысуында, сондай-ақ Алланың көктен жаң-
быр  жаудырып,  өлгеннен  кейін  жерге  сонымен  жан  беруінде  жəне 
желдерді игеруінде түсінген елге ғибрат бар. 
(Жəсия сүресі, 5)


197
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет