Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет201/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   359
Жаңбыр жəне өсімдіктер
Ол сондай Алла, сендерге жерді төсек, аспанды төбе етіп жарат-
ты. Əрі көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендер үшін əртүрлі 
өсімдіктен  ризық  шығарды.  Сондықтан,  біле  тұра,  Аллаға  серік 
қатпаңдар. (Сенбеушілер  Құранды  Мұхаммед  ғ.с.  ойдан  шығарып 
отыр деген). 
(Бақара сүресі, 22)
Олардан бұрын қаншалаған нəсілдерді жоқ еткенімізді көрмеді 
ме?  Оларға  жер  жүзінде  сендерге  бермеген  мүмкіншілікті  берген 
едік. Оларға аспаннан жаңбыр жіберіп, астарынан өзендер ағыздық. 
Бірақ, қылмыстары себепті оларды жоқ еттік те, олардан кейін басқа 
нəсіл жараттық. 
(Əнғам сүресі, 6)
Жəне  Ол  аспаннан  жаңбыр  жаудырды.  Ол  арқылы  əртүрлі 
өсімдікті  шығардық  та,  одан  жасылдық  (көк)  шығарып  үсті-үстіне 
ұйысқан түйірді шығарамыз. Жəне құрма ағашының қауашығынан 
салбыраған  шумақтар  жəне  жүзім  бақтарын,  бір-біріне  ұқсаған, 
ұқсамаған  зəйтін,  анар  шығарамыз.  Мəуеленгенде  əрі  піскенде 
жемістеріне  бір  қараңдар;  міне,  шəксіз,  осыларда  сенген  ел  үшін 
əрине  дəлелдер  бар.
(Əнғам сүресі, 99)
«Ей,  халқым! Раббыларыңнан   жарылқау  тілеңдер. Сонан   соң 
Оған  тəубе  қылыңдар.  Сендерге  көктен  жаңбыр  жаудырып, 
қуаттарыңның  үстіне  қуат  қоссын.  Сондай-ақ,  күнəкар  болып, 
жалтармаңдар» деді.
(Һуд сүресі, 52) 
Ол сондай Алла, сендерге көктен жаңбыр жаудырып, одан сусын 
жəне ол  арқылы  малдарыңды  жаятын  орман  шығарды. 
(Нахыл сүресі, 10)
Алла  аспаннан  жаңбыр  жаудырып,  өлген  жерді  кейін  онымен 
жандандырды.  Негізінде,  бұнда  тыңдаған  қауым  үшін  əрине  үлгі 
бар. 
(Нахыл сүресі, 65)


198
Көрмейсің  бе?  Рас,  Алла  көктен  жаңбыр  жаудырып,  жерді 
жасылдыққа  айналдырды.  Шəксіз,  Алла  өте  мұлайым  (жұмсақ), 
толық  білуші. 
(Хаж сүресі, 63)
Көктен  бір  мөлшерде  жаңбыр  жаудырып,  оны  жер  жүзіне 
тоқтаттық. Рас, оны жоғалтуға да күшіміз жетеді.
(Муминун сүресі, 18)
Көрмейсің  бе?  Рас,  Алла  бұлттарды  айдайды.  Содан  соң  оның 
араларын  біріктіреді.  Сонан  соң  оны  қабат-қабат  қылады.  Сонда 
бұлттың  араларынан  жаңбыр  шыққанын  көресің.  Жəне  аспаннан 
ішінде бұршағы бар (бұлт) тауларын түсіреді де, ол арқылы қалаған 
пендесіне  апат  жеткізіп,  қалағанынан  бұрып  əкетеді.  Нажағайдың 
жарқылы; көздерді əкете жаздайды.
(Нұр сүресі, 43)
Ол сондай Алла, рахметінің (жаңбырдың) алдында қуандырып, 
самалдарды  жіберді.  Аспаннан  тап-таза  жаңбыр  жаудырдық.  Ол 
арқылы  өлі  жерді  жандандырып,  Біз  жаратқан  хайуандар  мен 
көптеген адамдарды суару үшін. 
(Фұрқан сүресі, 48-49)
Көктер мен жерді жаратқан, сендер үшін көктен жаңбыр жауды-
рып, онымен сендер бір ағашын да өсіре алмайтын əдемі бақшаларды 
өсірген  кім?  Алламен  бірге  басқа  тəңір  бар  ма?  Жоқ,  олар  шектен 
шыққан ел.
(Нəміл сүресі, 60)
Ал  егер  олардан: «Көктен  жаңбыр  жаудырып,  онымен  жерді 
өлімнен кейін жандандырған кім?» – деп сұрасаң, əлбетте: «Алла»,–
дейді. (Мұхаммед  ғ.с.): «Барлық  мақтау  Аллаға  лайық»  де.  Бірақ, 
олардың  көбі  түсінбейді. 
(Ғанкəбут сүресі, 63)
Əрине,  Қиямет  мерзімінің  мəліметі  Алланың  қасында. 
Жаңбырды  Ол  жаудырады,  Ол  жатырлардағыны  біледі.  Ешкім 
ертең не істейтінін білмейді əрі ешкім қай жерде өлерін де білмейді. 
Күдіксіз, Алла толық білуші, хабар алушы. 
(Лұқман сүресі, 34)


199
 
Олар көрмей ме? Рас, суды шөл жерге апарамыз да, ол арқылы 
малдары əрі өздері жейтін өнім шығарамыз. Олар сонда да көрмей 
ме? 
(Сəжде сүресі, 27)
Аспаннан  берекетті  жаңбыр  жаудырып,  сонда  ол  арқылы  бақ-
шалар  жəне  орылатын  астық  өсірдік.  Қауашақтары  шоғырланған 
ұзын  құрма  ағаштарын  өсірдік. 
(Қаф сүресі, 9-10)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет