209
құл болыңдар» деулері лайық емес. Бірақ, «Кітапты үйретулерің,
оқуларың бойынша нағыз Құдайшыл болыңдар» (деулері лайық).
Сондай-ақ олар сендерге: «Періштелерді, пайғамбарларды тəңір жа-
сап алыңдар!» – деп бұйырмайды. Сендерді мұсылман болғаннан
кейін қарсылыққа бұйыра ма?
(Əли Имран сүресі, 79-80)
(Мұхаммед ғ.с.): «Ей, Кітап иелері! Біздің арамыз бен сендердің
араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық
қылайық, Оған еш нəрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Алладан өзге
бір-бірімізді тəңір тұтпайық», – деп айт. Егер олар жүз бұрса: «Куə
болыңдар, шəксіз, біз мұсылман болдық», – деңдер.
(Əли Имран сүресі, 64)
Олардан кім: «Алладан өзге мен де тəңірмін!» – десе, оны
тозақпен жазаландырамыз. Залымдардың сазайын сөйтіп тартты-
рамыз.
(Əнбия сүресі, 29)
Жəне Аллаға өтірік жала қойғандардан немесе аяттарын
өтірікке жорығандардан кім залымырақ? Күдіксіз, Алла залым-
дарды құтқармайды. Оларды Қиямет күні түгел жинаймыз да, со-
нан соң: «Аллаға ойша қосқан ортақтарың қайда?» – дейміз. Сонан
кейін олардың: «Аллаға серт! Раббымыз, біз ортақ қоспаған едік»
дегенінен басқа сылтаулары болмайды. Қара! Олар өздеріне қалай
өтірік айтты. Жəне Алланың ортағы деген пұттары сөйтіп жоқ бол-
ды.
(Əнғам сүресі, 21-24)
Алайда, Бізге кездесуді үміт етпегендерді адасқан бойда қойып
қоямыз да, қаңғыра береді.
(Юныс сүресі, 11)
Достарыңызбен бөлісу: