Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет214/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   359
Көреалмаушылық
Кітап иелерінің көбі, оларға шындық айқын болғаннан кейін, өз 
күн  шілдіктерінен  сендерді  иманнан  кейін  қарсылыққа  қайтаруды 
қалайды.  Алла  бір  əмірін  келтіргенге  дейін  оларды  кешіріңдер, 
елемеңдер. Күдіксіз, Алланың əр нəрсеге күші толық жетеді.
(Бақара сүресі, 109)


212
«Күншілдердің кесірінен, ол күндеген сəтте (сыйынамын)» де. 
(Фалақ сүресі, 5)
Сараңдық
Алланың  кеңшілігінен  өздеріне  берген  нəрселеріне  сараңдық 
істегендер,  олардың  сараңдық  қылған  нəрселері,  Қиямет  күні 
өздерінің мойындарына оралады. Сондай-ақ көктер мен жердің ми-
расы – Алланыкі. Əрі  Алла  олардың не істегендерін  толық  біледі. 
(Əли Имран сүресі, 180)
Бүкіл  қорлаушы,  өсекшіге  нендей  өкініш!  Сондай  мал  жиып, 
оны санағандарға. Негізінен, малы өзін мəңгі жасатады деп ойлай-
ды. Олай емес, əлбетте, ол «Хұтамаға» тасталады. 
(Һүмəзə сүресі, 1-4)
Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған еш нəрсені ортақ қоспаңдар. 
Жəне  əке-шешеге,  жақындарға,  жетімдерге,  міскіндерге  жақын 
көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға жəне қол 
астындағыларға  жақсылық  қылыңдар.  Негізінен,  Алла  тəкаппар, 
мақтаншақты  жақсы  көрмейді.  Бұлар  сондай  сараңдық  қылып, 
адамдарға  да  сараңдықты  бұйырады.  Сондай-ақ  олар  өздеріне 
Алланың кеңшілігімен бергенін жасырады. Қарсы болушылар үшін 
қорлаушы  азап  əзірледік. 
(Ниса сүресі, 36-37)
 
Ысырапшылдық
Жəне мүлде ысырап қылмаңдар. Шынында, ысырапқорлар шай-
тан   ның туысы. Ал шайтан Раббыңа өте қарсы. 
(Исра сүресі, 26-27)
Ысырап  етпеңдер.  Күдіксіз,  Алла  ысырап  етушілерді  жақсы 
көрмейді. 
(Əнғам сүресі, 141)


213
 
Арамзалық
Бір  топты  басқа  топтан  үстем  деген  сылтаумен  араларыңдағы 
анттарыңды  бұзып,  жібін  мықтап  иіргеннен  кейін  тарқатқан  əйел 
құсаған болмаңдар. Шын мəнінде, Алла сендерді осымен сынайды. 
Сондай-ақ  дүниеде  қайшылыққа  түскен  нəрселеріңді  Қиямет  күні 
сендерге  ашықтайды.  Егер  Алла  қаласа  еді,  сендерді  бір-ақ  үмбет 
қылар еді. Алайда, Алла кімді қаласа адастырып, кімді қаласа, тура 
жолға  салады. Əлбетте, істегендеріңнен  сұраласыңдар. 
(Нахыл сүресі, 92-93)
Ей,  мүміндер!  Аллаға  əрі  елшісіне  опасыздық  қылмаңдар. 
Сондай-ақ  біле тұра  аманаттарыңа  қиянат  қылмаңдар. 
(Əнфал сүресі, 27)
Ал  егер  кім  қаралық  істесе,  Қиямет  күні  қаралық  істеген 
нəрсесімен    келеді.  Сонан  соң  əркімнің  еңбегі  толық  беріледі. 
Сондай-ақ  олар зұлымдыққа ұшырамайды. 
(Əли Имран сүресі, 161)
Қастандықтар
Шын мəнінде, құпия жиналыс мүміндерді кейіту үшін (болған) 
шайтан ісі. Алла қаламайынша, ешбір зиян келтірмейді. Сондықтан 
мүміндер Аллаға тəуекел етсін. 
(Мүжадəле сүресі, 10)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет