Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Қиямет күнінің мерзімін жалғыз Алла біледі



Pdf көрінісі
бет233/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   359
Қиямет күнінің мерзімін жалғыз Алла біледі 
  Қиямет  мезгілінің  мəліметі  Аллаға  тəн.  Оның  білуінен  тыс, 
жемістердің  ешбірі  қауашағынан  шықпайды.  Жəне  ешбір  ұрғашы 


231
 
жүкті болмайды да, тумайды. Оларға: «Менің ортақтарым қайда?» 
деп сұралған күні, олар: «Саған бойұсындық, бізден оған куə болу-
шы жоқ» – дейді.
(Фуссилəт сүресі, 47)
Расында, билік күні белгілі болған бір мерзім.
(Нəбə сүресі, 17)
(Мұхаммед  ғ.с.)  олар  сенен  Қияметтің  қашан  болатындығын 
сұрайды: «Шынында,  оның  мəліметі  Раббымның  қасында,  оның 
мезгілін Ол ғана білдіреді. Көктер мен жердегі ауыр жағдай (Қиямет) 
сендерге  кенеттен-ақ  келеді»  де.  Сен  оны  зерттеп  отырғандай-
ақ  сұрастырады.  Шынында,  оның  білімі  Алланың  қасында,  бірақ 
адамдардың көбі оны түсінбейді де.  
(Ағраф сүресі, 187)
Көктердегі жəне жердегі сыр Аллаға тəн. Қиямет сағаты кірпік 
қаққандай,  тіпті  одан  да  жақынырақ.  Сөзсіз,  Алланың  əр  нəрсеге 
күші толық жетуші.
(Нахыл сүресі, 77)
Əрине,  Қиямет  мерзімінің  мəліметі  Алланың  қасында. 
Жаңбырды  Ол  жаудырады,  Ол  жатырлардағыны  біледі.  Ешкім 
ертең не істейтінін білмейді əрі ешкім қай жерде өлерін де білмейді. 
Күдіксіз, Алла  толық  білуші, хабар  алушы.
(Лұқман сүресі, 34)
(Мұхаммед  ғ.с.)  адамдар  сеннен  Қиямет  мерзімін  сұрайды. 
Оларға: «Оның  білімі  Алланың  қасында;  қайдан  білесің,  мүмкін 
мерзімі жақын шығар» де.
(Ахзаб сүресі, 63)
Олар: «Егер  шыншыл  болсаңдар,  осы  құқайлаған  уəделерің 
қашан?», – дейді. (Мұхаммед ғ.с.): «Сендерге уəде етілген бір күн бар. 
Одан  бір  сəтке  кейін қалмайсыңдар да, ілгері кете алмайсыңдар» 
де.
(Сəбə сүресі, 29-30)


232
Ол сондай өте жоғары Алла, көктер мен жердің əрі екі арасындағы 
нəрселердің игілігі Оған тəн (Оның меншігінде.) Сондай-ақ Қиямет 
мезгілінің мəліметі Оның қасында əрі Оған қайтарыласыңдар.
(Зухруф сүресі, 85)
(Мұхаммед ғ.с.) олар саған «Қиямет қашан болады?» – деп сұрақ 
қояды. Ол жөнінде түсінік беру сенің ісің бе? Оның қорытындысы 
Раббыңа байланысты
(Назиғат сүресі, 42-44)
Олар: «Егер айтқандарың рас болса, осы уəде қашан?» – дейді. 
(Мұхаммед ғ.с.) оларға: «Шын мəнінде, оның мəліметі Аллаға тəн. 
Мен ашық ескертуші  ғанамын» де.
(Мүлік сүресі, 25-26)
Қиямет жақындады. Оны Алладан өзге əшкерелеуші жоқ.
(Нəжім сүресі, 57-58)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет