234
(Мұхаммед ғ.с.) ендеше, олардан бет бүр. Бір күні шақырушы
жаман іске шақырады. Олар, қабырларынан көздерін сүлмейтіп,
таралған шекіртке қүсап шығады. Шақырушы жаққа жүгірген
кəпірлер: «Бұл ауыр күн» дейді.
(Қамар сүресі, 6-8)
Оларды қиямет күні түгел жинаймыз да, сонан соң: «Аллаға
ойша қосқан ортақтарың қайда?» дейміз.
(Əнғам сүресі, 22)
Қиямет күні оларды түгел жинаймыз. Сонсоң мүшріктерге:
«Сендер де, аллаға қосқан шеріктерің де орындарыңда тұрыңдар!»,-
дейміз. Сонда олардың араларын айырамыз. Олардың шеріктері:
«Сендер бізге табынбаған едіңдер» дейді. (Олардың Аллаға теңеп
табынғандары: Пайғамбарлар, періштелер.)
(Юныс сүресі, 28)
Сүр үрілген күні топ-топ болып келесіңдер.
(Нəбə сүресі, 18)
Қиямет күні, тауларды жүргіземіз де жеді жап-жазық көресің.
Жəне де Адам баласын; олардан ешкімді тастамай жинаймыз. Олар,
Раббыңның құзырына қатарланып келтіріледі. Оларға: “Бастапта
жаратқанымыз тəрізде келдіңдер, тіпті сендерге бір уəделі мерзім
белгілемедік деп, ойладыңдар” (делінеді.)
(Кəһф сүресі, 47-48)
Қиямет күні, оларды бір-біріне қосылған түрде қоямыз да Сұр
үріліп, оларды тұтас жинаймыз.
(Кəһф сүресі, 99)
Достарыңызбен бөлісу: