Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет245/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   359
Хз. Адамның екі ұлы 
(Мұхаммед  ғ.с.)  оларға  Адам  (ғ.с.)-ның  екі  ұлының  əңгімесін 
шынайы  түрде  оқы: «Сол  уақытта  екеуі  Аллаға  жақындық  үшін 
құрбан  шалған  еді.  Сонда  біреуінен  қабылданып,  екіншісінен 
қабылданбаған  еді». (Құрбаны  қабылданбаған  Қабыл): «Əлбетте, 
мен сені өлтіремін», – деді. Сонда (Һəбіл): «Алла сөзсіз тақуалардың 
құрбанын қабыл етеді», – деді. «Сен мені шын өлтіруге қол созсаң 
да,  мен  сені  өлтіру үшін  қол созбаймын. Күдіксіз, мен əлемдердің 
Раббысы  Алладан  қорқамын!». «Сөзсіз,  мен  сенің  өз  күнəң  мен 
менің  күнəмді  жүктеп,  тозақтық  болуыңды  қаламаймын.  Осы  –
залымдардың  жазасы».  Сонда  оның  нəпсісі  туысын  өлтіруге 
қызықтырды  да,  ол  оны  өлтіріп,  зиянға  ұшыраушылардан  болды. 
(Адам ғ.с. егіз ұлқыздарды ауыстырып үйлендіреді екен. Бірақ Қабыл 
өз сыңарымды аламын деп, Һəбіл екеуі серттесіп құрбан шалғанда 
құрбаны  қабылданбаған  Қабыл  Һəбілді  өлтіріп,  қайтерін  білмей 
жүргенде, Алланың құдіретінше екі қарға таласып бірін-бірі өлтіріп 
көмгенін көріп, оны көмеді). Сонда Алла  оған  туысының   өлігін 
жасыруын  көрсетуі  үшін  жіберген  қарға  жерді  қаза  бастағанда: 
«Əттең!  Маған  не  болды?  Туысының  денесін  көмген  қарға  құрлы 
бола алмадым ба?», – деді де, өкінушілерден  болды.
(Мəидə сүресі, 27-31)


244
Қарұн
Рас,  Қарұн  Мұсаның  (ғ.с.)  елінен  еді  де,  оларға  қарсы  келді. 
Сондай-ақ  оған  кілттерін  күшті  бір  топ  əрең  көтеретін  қазыналар 
берген едік. Сонда оған халқы: «Елірме! Расында, Алла еліргендерді 
жақсы көрмейді», – деді. «Алланың саған берген дəулетімен ақырет 
жұртын ізде де, дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алла саған жақсылық 
еткендей сен де жақсылық істе, сондай-ақ жер жүзінде бүліншілік 
ізденбе!  Алла  бұзақыларды  сүймейді.  Қарұн: «Шын  мəнінде,  бұл 
маған  мендегі  білімге  берілді. (Баюдың  жөнін  білуші  едім)»  деді. 
Негізінде, Алланың бұдан бұрын бұдан да күшті тобы көп нəсілдерді 
жоқ  еткенін  білмеді  ме?  Күнəкарлар  күнəларынан  сұралмайды. 
(Бəрі  жазулы).  Ол  қауымына  сəн-салтанат  ішінде  шықты.  Дүние 
тіршілігін қалағандар: «Əттең! Бізге де Қарұнға берілген тəрізді бол-
са; өйткені ол, зор ырыс иесі», – деді. Өздеріне білім берілгендер: 
«Алланың  сыйлығы  иман  келтіріп  ізгі  іс  істегендерге  тағы  жақсы. 
Ал оған сабырлылар ғана жетеді» деді. Ақыры оны да үйін де жерге 
жұтқыздық. Алладан өзге оған жəрдем етер бір топ болмады əрі оған 
көмек  етілмеді. (Бұл  атақты  Қарұн  бай,  Мұса  (ғ.с.)-ның  жақыны, 
асқан сараң, мың да бір зекет бер десе бермей, Мұсаны (ғ.с.) ел ал-
дында қорлау үшін  жала  жапсырып, көп  ренжітеді).
(Қасас сүресі, 76-81)
Һаман
Оларды жерге (Мысырға) орналастыруды əрі Перғауын, Һаман 
жəне екеуінің əскерлеріне бұлардың қорыққан нəрселерін көрсету ді 
қаладық. 
(Қасас сүресі, 6)
Сонда Перғауынның семьясы өздеріне қастас əрі қайғы болатын 
баланы тауып алды. Расында, Перғауын мен Һаман жəне əскерлері 
қателесті.
(Қасас сүресі, 8)
Расында, Мұсаны (ғ.с.) мұғжизаларымызбен жəне ашық дəлел-
мен  жібердік.  Перғауын,  Һаман  жəне  Қарұнға  жібердік.  Олар: 
«Өтірікші жəдігер» деді.
(Ғафыр сүресі, 23-24)


245
 
Перғауын: «Ей, Һаман! Маған бір мұнара жаса. Бəлкім, жолдарға 
жетермін»,– дейді. «Көктердің жолдарына жетіп, Мұсаның Тəңірін 
байқаймын.  Расында,  мен  оны  өтірікші  деп  ойлаймын».  Осылай-
ша,  Перғауынға  жаман  істері  көркем  көрсетіліп,  жолдан  тосылды. 
Перғауынның тəсілдері, мүлде жойылуда.
(Ғафыр сүресі, 36-37)
Перғауын: «Ей, бастықтар! Мен сендер үшін менен басқа тəңір 
барлығын  білмеймін.  Ей,  Һаман!  Мен  үшін  балшыққа  от  жағып 
(өрте!) Бір мұнара жаса. Бəлкім, Мұсаның Тəңірін көрейін. Расында, 
оны өтірікші деп ойлаймын», – деді.
(Қасас сүресі, 38)
Қарұн, Перғауын жəне Һаманды да (жоқ еттік.) Расында, Мұса 
(ғ.с.)  оларға  ашық  белгілер  келтірген  еді  де,  олар  жер  жүзінде 
дандайсыған еді. Сонда  да  олар  қашып  құтыла  алмады.
(Ғанкəбут сүресі, 39) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет