Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет264/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   359
Тозақтан қашу жоқ
Күнəкарлар тозақ отын көріп, сонда өздерінің оған түсетіндіктерін 
сезеді. Бірақ, одан бұрылар жер таба алмайды. 
(Кəһф сүресі, 53)


262
Кімдер тозаққа кіреді
Керісінше,  кім  жамандық  істесе,  қателіктері  оны  баурап  алса, 
сон  да олар тозақтық болады да, олар онда мəңгі қалады. 
(Бақара сүресі, 81)
Содан  кейін  өздеріңді  өлтіресіңдер,  бір  бөлімдеріңді 
жұрттарыңнан  шығарасыңдар  əрі  оларға  қарсы  жауыздық, 
дұшпандыққа  өзара  көмектесесіңдер.  Егер  олар  сендерге  тұтқын 
болып келсе, оларға бодау беріп құтқарасыңдар. Негізінен, сендер-
ге  оларды  жұрттарынан  шығаруға  тыйым  салынған. (Алла  олар-
дан  бір-бірін  өлтірмеуге,  жұрттарынан  шығармауға,  қастандық 
істемеуге, тұтқынға түссе, төлеу беріп құтқаруға уəде алады. Бірақ, 
олар  соңғысын  ғана  орындамақ  болады.)  Сендер  Кітаптың  кейіне 
сеніп,  кейіне  қарсы  келесіңдер  ме?  Сендерден  кім  мұндай  істесе, 
əрине  олардың  жазасы  дүние  тіршілігінде  қорлық  əрі  Қиямет 
күнінде қатты қинауға қайтарылады (салынады). Жəне Алла істеген 
істеріңнен ғапыл емес.
(Бақара сүресі, 85)
Алланың  тмешіттерінде Оның аты зікір етілуіне тыйым салған -
нан  əрі  мешітті  бұзуға  тырысқаннан  кім  залымырақ?  Олардың 
мешітке қорыққан түрде ғана кірулері керек еді. Олар үшін дүниеде 
қорлық, ақыретте зор азап бар.
(Бақара сүресі, 114)
Адамдардың кейбіреулері Аллаға өзгені теңдес етеді де, оларды 
Алланы сүйгендей сүйеді. Ал мүміндер Алланы тағы артық сүйеді. 
Егер залымдар азапты көрсе, бүкіл қуаттың Аллаға тəн екенін, шын 
мəнінде, Алланың қатты азап иесі екенін білсе еді. 
(Бақара сүресі, 165)
Сондай Алла түсірген Кітаптан (Тəураттағы Мұхаммед ғ.с.-ның 
сипаттарын)  жасырып,  оны  аз  ақшаға  (дүниеге),  айырбастағандар, 
солар қарындарына отты ғана жейді. (Қарындарын отпен толтыра-
ды.)  Қиямет  күні  Алла  оларға  тіл  қатпайды  да,  оларды  ақтамайды 
жəне оларға күйзелтуші азап бар. 
(Бақара сүресі, 174)


263
 
(Мұхаммед  ғ.с.)  олар  сенен  құрметті  айда  соғысудан  сұрайды. 
Оларға: «Ол  айда  соғысу  –  зор  күнə.  Дегенмен,  Алланың  жолы-
нан  тыю,  Оған  қарсы  келу,  Месжід  Харамнан  тыю  жəне  оның 
тұрғындарын шығару Алланың қасында тағы зор күнə» де. Сондай-
ақ  жауыздық,  кісі  өлтіруден  де  зор.  Егер  олардың  шамалары  кел-
се,  сендерді  діндеріңнен  қайтарғанға  дейін  өздеріңмен  соғысуды 
үзбейді.  Сендерден  кім  діннен  қайтып,  ол  кəпір  күйінде  өлсе, 
олардың амалдары дүние, ақыретте де жойылып жəне олар тозақтық 
болып, олар онда мəңгі қалады.
(Бақара сүресі, 217)
Негізінен, сондай жетімдердің малдарын зұлымдықпен жегендер, 
олар қарындарын отпен толтырған болады. Сондай-ақ жалындаған 
тозаққа кіреді.
(Ниса сүресі, 10)
Сондай қарсы келіп аяттарымызды өтірікке ұйғарғандар, солар 
тозақтық. 
(Мəидə сүресі, 10)
Өсім жегендер (Ақырет күнінде қабырларынан) тұрмайды, (тұрса 
да) тек жын ұрған жынды сияқты тұрады. Оған себеп олардың: «Са-
уда  да  өсімқорлықтың  өзі  ғой»  дегендері.  Негізінде,  Алла  сауда-
саттықты  адал,  өсімқорлықты  арам  еткен.  Енді,  кімде-кім  Раббы-
сынан  уағыз-насихат  (осы  аят)  жеткеннен  кейін, (өсімқорлықтан) 
тоқтаса, онда бұрынғы өткендері өзіне жəне оның ісі Аллаға (тап-
сырылады,  яғниАлла  Өзі  қаласакешіреді).  Енді,  кім  өсімқорлыққа 
қайтса, олар-тозақ иелері жəне онда мəңгі қалады.
(Бақара сүресі, 275)
Қашан  беті  бұрылса,  жер  жүзінде  сотқарлық  істеуге  сондай-
ақ  егінді,  малды  жоқ  етуге  тырысады.  Алла  жауыздықты  жақсы 
көрмейді. Ал қашан оған: «Алладан қорық!» делінсе, оның паңдығы 
ұстап, өзін күнəкар етеді. Оған тозақ жетеді, нендей жаман орын. 
(Бақара сүресі, 205- 206)
Алланың  аяттарына  қарсы  келгендер  жəне  жазықсыз  пайғам-
барларды өлтіргендер, сондай-ақ адамдарға туралықты əмір еткен-
дерді өлтіргендер, соларды күйзелтуші азаппен сүйіншіле. 
 (Əли Имран сүресі, 21)


264
Өздеріне  ашық  дəлелдер  келгеннен  кейін  сондай  бөлініп,  қай-
шылыққа түскендер тəрізді болмаңдар. Міне, соларға зор азап бар. 
(Əли Имран сүресі, 105)
(Мұхаммед ғ.с.) сондай істегендеріне мəз болып, істемегендерімен 
де мақтауларын сүйгендерді есепке алма. Сондай-ақ оларды азаптан 
құтылады деп əсте ойлама. Өйткені олар үшін жан түршігерлік азап 
бар.
(Əли Имран сүресі, 188)
Ей,  мүміндер!  Ғалымдары  мен  машайыхтарының  көбі 
адамдардың малдарын бұзықтық арқылы жейді. Сондай-ақ Алланың 
жолынан тосады. (Мұхаммед ғ.с.) сондай алтын, күмісті жиып, оны 
Алла жолында жұмсамағандарды күйзелтуші  азаппен сүйіншіле.
(Тəубе сүресі, 34)
Олар,  біреу  Аллаға  жəне  елшісіне  қарсы  келсе,  расында,  соған 
ішінде  мəңгі  қалатын  тозақ  оты  бар  екенін  білмей  ме?  Міне,  ірі 
қорлық – осы. 
(Тəубе сүресі, 63)
Алла  мұнафық  ерлер  мен  мұнафық  əйелдерге  жəне  қарсы 
келушілерге ішінде мүлде қалатын тозақ отын уəде етті. Сол оларға 
жетеді.  Сондай-ақ  Алла  оларға  лағынет  етті.  Əрі  оларға  тұрақты 
қинау бар. 
(Тəубе сүресі, 68)
(Мұхаммед ғ.с.) егер таңғалсаң олардың: «Біз бір топырақ болған 
кезде  жаңадан  жаратыламыз  ба?»,  –  деген  сөздеріне  таңырқау  ке-
рек. Міне, бұлар – Раббыларына қарсы болғандар. Əрі бұлар мой-
ындарында  темір  шынжырлар  болатындар.  Сондай-ақ  бұлар– 
тозақтықтар. Олар онда мəңгі қалады. 
(Рағд сүресі, 5)
Сондай  Аллаға  берген  серттерін  бекіткеннен  кейін  бұзғандар 
жəне  Алланың  бірлесуін  бұйырған  нəрселерді  бөлгендер  əрі  жер 
жүзінде  бұзақылық  істегендер,  міне,  лағынет  осыларға.  Сондай-ақ 
мекеннің жаманы солардікі.
(Рағд сүресі, 25)


265
 
Жүрегі  иманнан  орныққаннан  кейін  зорлық  көрген  біреуден 
басқа біреу; иман келтіргеннен кейін Аллаға қарсы келсе, сондай-ақ 
біреу көңілін имансыздыққа берсе, оған Алланың ашуы жəне оларға 
зор азап бар. (Бұл аят бойынша, жүрегіндегі Аллаға сенімі мықты 
біреудің зорлық көргенде қарсылық сөз айтуына болады). 
(Нахыл сүресі, 106)
Тілдеріңнің  «бұл  арам,  бұл  халал»  деп  өтірік  сипаттағанын 
айтпаңдар.  Аллаға  өтірік  жала  жапсырған  боласыңдар.  Шынында, 
Аллаға өтірік жала жапсырғандар құтылмайды. Дүние – аз бір күн 
көріс. Олар үшін күйзелтуші азап бар. 
(Нахыл сүресі, 116-117)
(Мұхаммед ғ.с.) Қиямет күні Аллаға өтірік айтқандардың беттері 
қап-қара болғанын көресің. Менменсігендердің орны тозақ емес пе? 
(Зумəр сүресі, 60)
Сондай-ақ қарсы болғандар үшін дайындалған оттан қорқыңдар. 
(Əли Имран сүресі, 131)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет