Тозақ имансыздардың қауышу орны
Сөз жоқ, олардың бəрінің уəделі жері жəһаннам.
(Хижр сүресі, 43)
Адамдар тозаққа қалай кіреді
Олар сол күні тозаққа итеріліп тасталады.
(Тур cүресі, 13)
Күнəкарлар кескіндерінен танылады да, кекілдері мен аяқтарынан
ұсталады.
(Рахман cүресі, 41)
Сол уақытта олардың мойындарында ажырғылар, боғаулар бол-
ған түрде сүйреледі.
(Ғафыр cүресі, 71)
266
Кім дүниені қаласа, Біз де қалаған кісімізге дүниеде қала-
ғанымыз ды береміз. Сонан соң оны жəһаннамға саламыз. Ол оған
қорланып, мəрхаметке зар болған түрде кіреді.
(Исра сүресі, 18)
Имансыздар тозаққа отын болады
Расында, сондай қарсы болғандардың балалары, малдары Алла-
дан (келетін) еш нəрсеге төтеп бере алмайды. Міне, солар – тозақтың
отындары.
(Əли Имран сүресі, 10)
Сендер жəне Алладан өзге табынған нəрселерің, тозақтың
отынысыңдар. Сендер соған кіресіңдер.
(Əнбия сүресі, 98)
Егер оны істемесеңдер (əзір келтірмесеңдер, келешекте) сірə,
істей алмайсыңдар. Ендеше, отыны адамдар мен тастардан болып,
иман келтірмегендер үшін əзірленген оттан қорқыңдар!
(Бақара сүресі, 24)
Ей, мүміндер! Өздеріңді əрі үй іштеріңді отыны адамдар мен
тастардан болған оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер
жуан денелі, қатал. Олар Алланың өздеріне берген əмірлеріне қарсы
келмейді. Не бұйырылса, соны орындайды.
(Тахрим сүресі, 6)
Бірақ, Раббыңның мəрхамет еткені басқа. Оларды сол үшін жа-
ратты. Раббыңның: «Əрине, тозақты бүкіл жындар жəне адамдармен
толтырамын» деген сөзі тура шықты.
(Һуд сүресі, 119)
Егер қаласақ еді, əркімді тура жолға салар едік. Бірақ Менен:
«Тозақты бүтіндей жындар мен адамдардан толтырамын» деген сөз
болған. (Бұлар шайтандар мен оларға ерген адамдар).
(Сəжде сүресі, 13)
267
Достарыңызбен бөлісу: |