Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет297/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Мешіт – Алланың үйі
Алла  тағаланың  мешіттерінде  Алла    тағала    есімінің  зікір 
етілуі   нен  тыятын  жəне  оларды  бұзу  əрекетінде  жүретіндерден  де 
залымырақ  кім  бар?  Расында,  бұлардың  ондай  мешіттерге  жалғыз 
қорыққан  хəлдерінде  кіруі  дұрыс  еді  ғой.  Олар  үшін  бұл  дүниеде 
қорлық, Ақыретте үлкен азап бар.
(Бақара, 114)
Сендерге ораза түнінде əйелдеріңе қосылу адал етілді.Тек мешіт-
терде иғтикафта болған кезде (сол түні де) олармен  қосылмаңдар.
(Бақара, 187)
Мүшріктер  өздерінің  күпірлік  иелері  екендіктеріне  куə  болған 
түрлерінде Алланың мешіттерін көркейтулері дұрыс емес. Олар дың 
істеген амалдары зая кетеді, өздері болса, тозақта мəңгі қалушы (бо-
лады).
(Тəубе, 17)


301
 
Алланың мешіттерін тек Аллаға жəне Ақырет күніне иман кел-
тірген, намазды толық атқарған, зекетті (тиісті жерге) берген жəне 
Жалғыз Алладан ғана қорқатындар ғана көркейтеді əне солар-тура 
жол табушылар болса, ғажап емес.
(Тəубе, 18)
Олар өз отандарынан тек қана, «Бiздiң Раббымыз (Жалғыз) Алла» 
дегендерi  үшiн  қуылғандар.  ЕгерАлла  адамдардың  кейбiреулерiн-
кейбiреулерiмен қайтарып тұрмаса, күдiксiз, (раһибтердiң) монастыр-
лары, (христиандардың) шiркеулерi, (яһудилердiң) ғибадатханалары 
жəне  iшiнде  Алланың  аты  көп  зiкiр  етiлетiн  (мұсылмандардың) 
мешiттерi құлатылар едi. Əлбетте, Алла Өзiне (яғни, дiнiне) жəрдем 
беретiндердi үстем етедi. Күдiксiз,  Алла – Күштi, Құдіреттi.
(Хаж, 40)
Əлбетте, (барлық) мешiттер Алланыкi. Сондықтан, (мешiттерде) 
Алламен бiрге тағы əлдекiмдерге дұға етпеңдер!
(Жын, 18)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет