Жұбайлардың өзара міндеттері Талақ болған əйелдер, үш етеккір мерзімін күтеді. Оларға
жатырларындағы Алланың жаратқанын жасырулары дұрыс емес.
Егер олар Аллаға, ақырет күніне сенетін болса, бұл жерде егер жа-
расуды қаласа, əйелдерін қайта алуға өз ерлері лайығырақ. Ерлердің
əйелдердегі хақтары сияқты, əйелдердің де ерлерде белгілі хақтары
бар. Əйелдерден көрі ерлердің дəрежесі артық. Алла өте ұстам, хик-
мет иесі.
(Бақара сүресі, 228) Еркектер əйелдерді билеуші. Өйткені Алла бірін-бірінен артық
қылды. Сондай-ақ олар малдарынан да пайдаландырады. (Əйелдерге
мəһір, нəфақа береді.) Ал енді жақсы əйелдер – бой ұсынушылар,
Алла қоруға бұйырған көмескі нəрселерді (абыройын) қорғаушылар.
Ал сондай-ақ əйелдердің бас тартуларынан сезіктенсеңдер, сонда
оларды насихаттаңдар жəне оларды төсектеріңде тастап қойыңдар.
(Одан болмаса) оларды (жеңіл түрде) сабаңдар. Ал егер олар сендер-
ге бой ұсынса, онда олардың зиянына бір жол іздемеңдер. Расында,
Алла өте жоғары, тым ірі.
(Ниса сүресі, 34)