Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Намыс пəктігін, тазалығын қорғау



Pdf көрінісі
бет304/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Намыс пəктігін, тазалығын қорғау
Бүгін  сендерге  жақсы  нəрселер  халал  етілді.  Кітап  берілген 
(христиан,  яһуди)-лердің  тамағы  (бауыздағандары)  халал  етілді. 
Сендердің  тамақтарың  оларға  да  халал  етілді.  Жəне  мүміндерден 


309
 
абыройлы  əйелдермен  əрі  сендерден  бұрын  Кітап  берілгендерден 
(христиан, яһудилерден) де абыройлы əйелдермен мəһірлерін беріп, 
бой суытушы, астыртын көңілдес болмай үйленулерің халал етілді. 
Кім  иманға  қарсы  шықса,  сонда  оның  ғамалы  жойылады  жəне  ол 
ақыретте  де  зиян  етушілерден  болады.
(Мəида сүресі, 5)
Сендерден біреудің мүмін азат əйел алуға шамасы келмесе, онда 
қолдарыңдағы  мүмін  күңдерден  алсын.  Алла  имандарыңды  жақсы 
біледі.  Бір-біріңненсіңдер. (Бəрің  адам  баласысыңдар.)  Ендеше 
күңдерді қожайындарының рұқсатымен олардың мəһірлерін дұрыс 
беріп,  абыройлы  болулары,  зинақор  жəне  астыртын  көңілдес  бол-
маулары шартымен алсын. Егер олар үйленіп алып арсыздық істесе, 
онда оларға азат əйелдерге болатын жазаның жартысы орындалады. 
Бұл (күңді алу) сендерден зинадан қорыққан кісі үшін. Егер сабыр 
етсеңдер,  өздерің  үшін  қайырлы.  Алла  аса  жарылқаушы,  ерекше 
мейірімді. 
(Ниса сүресі, 25)
(Бастапқыда  кей  мұсылмандар  оразаның  кешінде  əйелдеріне 
жақындаспағандықтан  осы  аят  түскен  екен.)  Сендерге  оразаның 
кешінде  əйелдеріңе  жақындасу  халал  етілді. (Өйткені  бір-біріңді 
қорғауда)  олар  сендерге  киім,  сендер  де  оларға  киім  іспеттісіңдер. 
Алла  өздеріңе  зиян  қылатындықтарыңды  біледі.  Сондықтан 
тəубелеріңді  қабыл  етіп  сендерді  кешірді.  Ал  енді  (бұдан  бы-
лай)  олармен  жақындасыңдар.  Алланың  өздеріңе  жазғанын  талап 
етіңдер.  Жəне  таңнан  қара  жіптен  ақ  жіп  (қараңғылықтан  сəуле) 
айрылғанға  дейін  ішіп-жеңдер  де,  сонан  соң  оразаны  кешке  дейін 
толық  орындаңдар.  Мешіттерде  (ғибадат  етіп)  ығтикəфта  болған 
кеште  əйелдеріңе  жақындаспаңдар.  Осы  Алланың  шегі,  оған 
жақындамаңдар. Осылайша Алла сақсынулары үшін адамдарға аят-
тарын баян етеді.
(Бақара сүресі, 187)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет