Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет311/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Əйелдің міндеті
Еркектер  əйелдерді  билеуші.  Өйткені  Алла  бірін-бірінен  артық 
қылды. Сондай-ақ олар малдарынан да пайдаландырады (əйелдерге 


315
 
мəһір,  нəфақа  береді).  Ал  енді  жақсы  əйелдер – бой  ұсынушылар, 
Алла қоруға бұйырған көмескі нəрселерді (абыройын) қорғаушылар. 
Ал  сондай-ақ  əйелдердің  бас  тартуларынан  сезіктенсеңдер,  сонда 
оларды насихаттаңдар жəне оларды төсектеріңде тастап қойыңдар. 
(Одан болмаса) оларды (жеңіл түрде) сабаңдар. Ал егер олар сендер-
ге бой ұсынса, онда олардың зиянына бір жол іздемеңдер. Расында, 
Алла өте жоғары, тым ірі.
(Ниса сүресі, 34)
Егер  бір  əйел  ерінің  жеруінен  немесе  бет  бұруынан  қорықса, 
өзара келісіп жарасуларында екеуіне де күнə жоқ. Сондай-ақ жара-
су жақсы. Нəпсілер қытымырлыққа бейім жаратылған. Егер жақсы 
шығысып,  сақсынсаңдар,  негізінен,  Алла  не  істегендеріңді  толық 
біледі.  
(Ниса сүресі, 128) 
Ей,  мүміндер!  Пайғамбардың  үйлеріне  сендерге  рұқсат  беріл-
мейінше  кірмеңдер  де,  тамақтың  пысуын  күтпеңдер.  Бірақ,  қашан 
шақырылсаңдар  кіріңдер  де,  тамақ  жеген  кезде,  дереу  тарқаңдар, 
сөзге  айналмаңдар.  Расында,  бұларың  пайғамбарды  қынжылтады 
əрі  сендерден  ұялады.  Бірақ  Алла  шындықтан  ұялмайды.  Егер 
пайғамбардың  (ғ.с.)  жұбайларынан  бір  нəрсе  сұрасаңдар  перденің 
артынан сұраңдар, бұларың сендердің де, олардың да жүректерінің 
тазалығы. Сондай-ақ сендердің Алланың елшісін қынжылтуларыңа 
жəне одан кейін жұбайларымен əсте некелесулеріңе болмайды. Сон-
дай істеулерің Алла қасында зор күнə. 
(Ахзаб сүресі, 53)
Ей,  пайғамбар  əйелдері!  Сендер  əйелдерден  əлдебіреу  сияқты 
емессіңдер. Егер тақуалық қылсаңдар қылымсып сөйлемеңдер. Онда 
жүрегінде дерті бар əлде кім дəмеленеді. Əдеттегі сөзді сөйлеңдер. 
Үйлеріңде  отырыңдар,  кəдімгі  надандық  дəуірінше  ашылмаңдар. 
Сондай-ақ  намазды  орындап,  зекет  беріп,  Аллаға,  пайғамбарына 
бағыныңдар. Ей, пайғамбардың үй-іші! Шын мəнінде, Алла сендер-
ден арамдықты аулақ қылып, өздеріңді тап-таза қылуды қалайды. 
(Ахзаб сүресі, 32, 33)
Ей, пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа жəне мүмін əйелдерге 
айт: «Үстеріне бүркеншіктерін орансын. Бұл олардың танылулары-


316
на, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Алла аса жарылқаушы, 
тым  мейірімді. 
(Ахзаб сүресі, 59)
(Мұхаммед  ғ.с.)  мүміндерге  айт: (Бөгде  əйелдерге  қараудан) 
көздерін сақтасын. Əрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар 
үшін  өте  жақсы.  Рас,  Алла  олардың  не  істегендерінен  хабар  алу-
шы. Мүмін əйелдерге де айт: «(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. 
Əрі  ұятты  жерлерін  (зинадан)  қорғасын.  Сондай-ақ  зейнеттерін 
көрсетпесін.  Бірақ  олардың  өзіндігінен  көрінгендері  басқа. (Беті, 
қол-аяқтары).  Жəне бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнет-
терін  керсетпесін.  Бірақ,  ерлеріне,  əкелеріне,  қайын  аталарына,  өз 
ұлдарына,  өгей  ұлдарына,  аға-бауырларына,  олардың  ұлдарына, 
əпеке-сіңлілерінің  ұлдарына,  мұсылман  əйелдерге,  қолдарындағы 
күңдеріне, əйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе əйелдердің 
ұятты  жерлерін  білмейтін  балаларға  көрсетулеріне  болады.  Жəне 
де  көмескі  зейнеттерін  басқаларға  білдіру  үшін  аяқтарын  ұрып 
жүрмесін.  Ей,  мүміндер,  түгел  Аллаға  тəубе  қылыңдар!  Əрине, 
құтыларсыңдар.
(Нұр сүресі, 30-31)
Некеленуден күдер үзіп, үйде отырған кемпірлердің зейнеттерін 
ашпай сырт киімдерін шешулері айып емес. Егер бұдан да сақтанса, 
олар үшін тағы жақсы. Алла толық естуші, əр  нəрсені  білуші. 
(Нұр сүресі, 60)
Зинақор əйел мен ердің əрбіріне жүз дүре соғыңдар. Егер Аллаға, 
Ақырет  күніне  сенсеңдер  оларға  жұмсақтықтарың  ұстамасын.  Əрі 
екеуінің жазасын мүміндерден бір тобы көріп тұрсын. 
(Нұр сүресі, 2)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет