325
Бұл үкімдер Алла тарапынан бекітілген. Күдіксіз, Алла терең білім,
хикмет иесі. Сендерге баласы болмаған жұбайларыңның қалдырған
нəрселерінің жартысы тиеді. Ал егер олардың баласы болса, олардың
қалдырған нəрселерінің сендерге төрттен бірі тиеді, олардың өсиеті
жəне борышы өтелгеннен кейін. Егер сендерде бала болмағанда,
қалдырған нəрселеріңнің оларға төрттен бірі, сендерде бала болса,
оларға сегізден бірі тиеді, өсиеттерің жəне борыш өтелгеннен кейін.
Ал егер мирас алынатын əке- шешесіз жəне баласыз (кəлала) ер не-
месе əйелдің бір еркек яки қыз туысы болса, онда əрбіріне алтыдан
бірі, олар бірден көп болса, сонда олар үштен біріне ортақ болады;
өсиет жəне борыш өтелгеннен кейін. Өсиет зиянсыз болу керек,
Алланың нұсқауы осы. Алла əр нəрсені білуші, өте жұмсақ.
(Ниса, 11-12)
Достарыңызбен бөлісу: