Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Айттыру, құда түсу, сырға салу, сөз байласу



Pdf көрінісі
бет314/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Айттыру, құда түсу, сырға салу, сөз байласу
Ал  (бұндай  ғыддат  ішіндегі)  əйелдерге  үйленуді  жақауратып 
ескертулеріңде немесе іштеріңде сақтауларыңда бір сөгіс жоқ. Алла 
негізінен  сендердің  оларды  еске  алатындықтарыңды  біледі.  Бірақ, 
олармен жасырын уəде байласпаңдар. Əрине, олармен əдеттегі сөз 
сөйлесу басқа. Ғыддаты жетбейінше неке байлауды ойламаңдар. Ра-
сында, Алланың жүректеріңдегіні білетіндігін біліңдер. Сонда Одан 
именіңдер əрі біліңдер. Алла тым жарылқаушы, ерекше  мұлайым.
(Бақара, 235)
Үйленуде теңдік
Сендерден біреудің мүмін азат əйел алуға шамасы келмесе, онда 
қолдарыңдағы  мүмін  күңдерден  алсын.  Алла  имандарыңды  жақсы 
біледі.  Бір-біріңненсіңдер. (Бəрің  адам  баласысыңдар.)  Ендеше, 
күңдерді қожайындарының рұқсатымен олардың мəһірлерін дұрыс 
беріп, абыройлы болулары, зинақор жəне астыртын көңілдес болма-
улары шартымен алсын. Егер олар үйленіп алып, арсыздық істесе, 
онда оларға азат əйелдерге болатын жазаның жартысы орындалады. 
Бұл (күңді алу) сендерден зинадан қорыққан кісі үшін. Егер сабыр 
етсеңдер,  өздерің  үшін  қайырлы.  Алла  аса  жарылқаушы,  ерекше 
мейірімді.
(Ниса, 25)
Зинақор  ер  зинақор  немесе  мүшрік  əйелмен  үйленуге  лайық. 
Зинақор əйел де зинақор немесе мүшрік ермен ғана үйленеді. Бұлар 
мүміндерге арам қылынды.
(Нұр, 3)


320
Олар: «Раббымыз!  Бізге  жұбайларымыздан,  ұрпақтарымыздан 
көзайымдық бер. Сондай-ақ бізді тақуалардың алды қыл!», – дейді.
(Фұрқан, 74)
Мəһір
Əйелдердің мəһірін (қалыңын) ықыласпен беріңдер. Сонда егер 
əйелдер өз көңілдерінше сендерге мəһірден бір нəрсе кеңшілік етсе, 
онда  оны  жеңдер, сіңімді, жүрімді  болсын.
(Ниса, 4)
Егер  бір  жұбайды  (ажыратып)  орнына  басқа  жұбай  алғыларың 
келсе, оған толып жатқан мəһір берген болсаңдар да, одан еш нəрсе 
алмаңдар. Оған  жала  қойып, ашық күнəлі  болып  аласыңдар  ма?
(Ниса, 20)
Нəпақа
(Ажырасып,  мерзім  күткен)  əйелдерді  шамаларың  келгенінше, 
үйлеріңде тұрғызыңдар. Оларға зорлау үшін түрткі салмаңдар. Егер 
олар  жүкті  əйелдер  болса,  сонда  оларға  босанғанга  дейін  нəпақа 
беріңдер.  Егер  ажыраған  əйелдер  сендер  үшін  бала  емізсе,  сонда 
олардың жалақыларын беріңдер. Өзара дұрыстықпен ақылдасыңдар. 
Егер (ер аз беріп, əйел көп тілеп) бір-біріңе ауырлық салсаңдар, бала-
ны басқа əйел емізуге болады. Кеңшілік иесі бай кісі өзіне Алланың 
бергені бойынша нəфақа берсін. Алла біреуге оған бергенінен артық 
жүктемейді. Алла  ауыршылықтан  кейін  жеңілдік  береді.
(Талақ, 6-7)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет