322
міндет. Əркімге шамасы келетін ғана жүктеледі. Ана баласы арқылы
əрі əке де баласы үшін зиянға ұшратылмайды. Сондай-ақ мұрагерге
де сол сияқты. (Бала емізушінің тиісті хақысы төленеді.) Егер əке-
шеше ризалықпен кеңесіп, (омыраудан) айыруды қаласа, сонда
екеуіне де күнə жоқ. Ал егер балаларыңды (бөгде əйелге) емізгілерің
келсе, хақысын жақсылап тапсырсаңдар сендерге күнə жоқ. Алладан
қорқыңдар да, біліңдер! Расында, Алла істегендеріңді толық көруші.
(Бақара, 233)
Адам баласына əке-шешесіне жақсылық істеуді нұсқадық.
Өйткені шешесі оны зорға көтеріп, əрең босанады. Сондай-ақ оған
жүкті болу, (сүттен) айыру отыз ай. Ақыры ол ержетіп, қырық жасқа
жеткен кезде: «Раббым! Өзіме əке-шешеме берген нығметтеріңе
шүкірлік етуімді, Өзің разы болатын түзу ғамал істеуімді маған нəсіп
ете көр! Менің ұрпақтарымды да түзелт. Шын мəнінде, мен тəубе
қылдым. Əрине, мен бой ұсынушыларданмын», – деді.
(Ахқаф, 15)
Достарыңызбен бөлісу: