Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет323/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Талас-тартыстың  ережесі
(Мұхаммед  ғ.с.)  аяттарымыз  жайында  олардың  ажуаға  (келе-
междеуге) кіріскенін көрген сəтте, басқа сөзге кіріскендеріне дейін 
олардан  бет  бұр.  Егер  шайтан  саған  ұмыттырса,  есіңе  түскеннен 
кейін  залымдар  тобымен  бірге  отырма.  Сондай  сақсынғандарға 
олардың есебінен (жауапкершілік) еш нəрсе түспейді. Бірақ, ескер-
туге болады. Бəлкім, олар сақсынар. Сондай діндерін ойын-сауыққа 
алғандарды  жəне  дүние  тіршілігіне  алданғандарды  қойып,  Құран 
арқылы ескерт. Біреу қылығы себепті зиянға ұшырамасын. Негізінен, 
оған Алладан өзге ешбір дос не қолдаушы жоқ. Жəне əрқандай төлеу 
берсе де одан алынбайды. Міне, сондай қылықтарының салдарынан 
жанышталғандар үшін қарсылықтары себепті қайнап тұрған судан, 
сусын əрі жан түршігерлік азап бар. 
(Əнғам сүресі, 68-70)
Іштеріндегі  зұлымдық  қылғандарынан  басқа  Кітап  иелерімен 
көркем  түрде  сөз  таластырыңдар. (Сыпайы,  дəлелді  түрде 
қанағаттандырыңдар).  Оларға: «Бізге  түсірілгенге  де,  сендерге 
түсірілгенге  де  иман  келтірдік.  Жəне  біздің  тəңіріміз  де  сендердің 
тəңірлерің де біреу-ақ. Біз Оған бой ұсынғандармыз» деңдер.
(Ғанкəбүт сүресі, 46)
Ей, мүміндер! Бір ел бір елді тəлкек қылмасын. Бəлкім, олар өз-
дерінен жақсы  шығар. Сондай-ақ əйелдер əйелдерді келе меж  демесін. 
Бəлкім, олар өздерінен жақсы шығар. Бір-біріңді міндемеңдер, жа-
ман ат тағыспаңдар. Иман келтіргеннен кейін сүркей ат нендей жа-
ман. Ал кім тəубе қылмаса, міне, солар – залымдар.
(Хужурат сүресі, 11)


329
 
Расында, күнəкарлар иман келтіргендерге күлетін еді. Олар жан-
дарынан өткенде ымдасатын еді. Олар үйлеріне қайтып барған кезде 
күңкілдесетін  еді. 
(Мұтаффифин сүресі, 29-31)
Адамдардың кейбіреуі білімсіз, жолбасшысыз жəне сəуле беруші 
кітабы  да  жоқ. Алла  жайында  таласады.
(Хаж, 8)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет