331
Ол сондай Алла, сендер үшін жерді көнпіс қылып жаратты. Ен-
деше, оның айналасында жүріңдер. Сондай-ақ Оның ризығынан
жеңдер. Жəне барар жерлерің Сол жақ.
(Мүлік сүресі, 15)
(Мұхаммед ғ.с.): «Маған уахи етілгенде жейтін кісіге жеуге
арам болған нəрсені таппадым. Бірақ жемтік немесе ағызылған қан
негізінен арам, доңыз еті немесе күнəлі болып Алладан басқаның
атымен бауыздалған мал арам. Біреу бас тартпай, шектен шыкпай
шарасыз қалса (жеуіне болады.) Күдіксіз, Раббың аса жарылқаушы,
ерекше мейірімді» де.
(Əнғам сүресі, 145)
Ал енді Алланың сендерге берген ризығының халал-тазасынан
жеңдер. Сондай-ақ егер Оған ғана құлшылық қылатын болсаңдар,
Алланың нығметіне шүкіршілік қылыңдар. Шын мəнінде, сен-
дерге жемтік, қан, доңыз еті жəне Алладан басқаның атын алып
бауыздалғанды арам етті. Сонда біреу зорланса, бас тартпаса, шек-
тен шықпаса, күдіксіз, Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.
(Нахыл сүресі, 114-115)
Достарыңызбен бөлісу: