Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Зекет – дəулеттілердің салығы



Pdf көрінісі
бет331/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Зекет – дəулеттілердің салығы
Олар ғибадатты нағыз Аллаға шынайы ынтамен, бір беткей түрде 
орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін əмір етілген. Міне, 
осы – тұп  тура  дін.   
(Бəйина сүресі, 5)
Сөзсіз,  мүміндер  Алла  еске  алынса,  жүректері  қобалжиды  да, 
оларға Алланың аяттары оқылса, сенімдері арта түсіп, Раббылары-
на тəуекел қылады. Сондай-ақ олар намазды толық орындап, оларға 
берген  несібемізден  тиісті  орынға  жұмсайды. 
(Əнфал сүресі, 2-3)
Шынайы  түрде  сендердің  достарың – Алла  мен  Оның  елшісі 
жəне де намазды толық орындайтын, зекет беретін əрі рукұғ қылушы 
мүміндер. 
(Мəида сүресі, 55)
(Мұхаммед с.ғ.с.) олардың малдарынан садақа ал да, ол арқылы 
оларды тазартып, берекелендіресің. 
(Тəубе сүресі, 103)
Сондай олардың малдарында белгілі хақ бар. Сұрағанға да сұра-
мағанға  да. 
(Мағариж сүресі, 24-25)
Тамақты  жақсы  көре  тұра  міскінге,  жетімге  жəне  тұтқынға 
жегізеді.  Олар: «Шын  мəнінде,  сендерді  Алланың  ризалығы  үшін 
тамақтандырамыз. Сендерден бір төлеу, алғыс тілемейміз», – дейді. 
(Інсан сүресі, 8-9)
Кім Аллаға көркем қарыз берсе (Алла жолында ықыласпен мал 
(қаражат)  жұмсаса),  сонда  Алла  ол  үшін  көптеген  есе  арттырып 
береді. 
(Бақара сүресі, 245)
Жəне  намазды  толық  орындаңдар  да  зекет  беріңдер.  Алла 
үшін  көркем  қарыз  беріңдер.  Жəне  өздерің  үшін  алдын  ала  қайыр 
істесеңдер,  оны  Алланың  қасында  жақсы,  зор  сыйлық  түрінде 
табасыңдар. 
(Мүззəмміл сүресі, 20)


336


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет