337
Əлбетте, Алланың кiтабын оқитын, намазды толық атқаратын
жəне Бiз оларға ризық етiп берген нəрселерден жасырын жəне
əшкере (Алланың разылығы үшін) жұмсайтындар ешқашан таусыл-
майтын (сауап-сый талап етуден) үмiткер, өйткенi, Алла олардың
сауаптарын толық етiп бередi жəне Өз кеңшiлiгiнен оларға жəне
қосымша сый да бередi. Əлбетте, Ол жарылқаушы жəне өте шүкiр
етушi (яғни, азғана игi амал үшiн көп сый берушi).
(Фатыр, 29)
(Ей, адамдар), Аллаға жəне Оның пайғамбарына иман келтiрiңдер
жəне де Ол сендердi орынбасар–халифа етiп қойған нəрселерден
(қаражаттарыңнан) қайыр-ихсан етiңдер! Сендерден иман келтiрген
жəне қайыр-садақа бергендер үшiн үлкен сауап-сый бар.
(Хадид, 7)
Неге сендер Алланың жолында қайыр-садақа жасамай жатыр-
сыңдар?! Негiзiнен, көктер мен жердiң мұрагерлiгi Жалғыз Ал-
ланыкi!
(Хадид, 10)
Сендердiң əрбiрiңе өлiм келiп, ол: «Раббым, менi азғана мерзiмге
(өмiрде) қалдырсаң, мен қайыр-садақа берiп, салиқалы (пенде)-
лерден болсам» деп қалудан бұрын Бiз сендерге ризық етiп берген-
дерден қайыр-садақа iстеңдер!
(Мунафиқун, 10)
Достарыңызбен бөлісу: