Мұрагерлердің мирастағы құқығы
Алла сендерге балаларың жайында бір еркекке екі əйелдің ми-
расындай үлес бұйырады. Егер əйелдер екінің үстінде болса, онда
қалған малдың үштен екісі олардікі. Ал егер жалғыз қыз болса, онда
жартысы оныкі. Өліктің баласы болса, əке-шешесіне қалған малдың
алтыдан бірі тиеді. Егер баласы болмай оның мұрагері əке-шешесі
ғана болса, онда шешесіне үштен бірі тиеді. Егер өліктің туыста-
ры болса, онда шешесіне алтыдан бірі тиеді. (Бұлар) етілген өсиет
жəне борыш өтелгеннен кейін орындалады. Сендер əкелеріңмен
ұлдарыңның пайда тұрғысынан қайсысы жақын екенін білмейсіңдер.
Бұл үкімдер Алла тарапынан бекітілген. Күдіксіз, Алла терең білім,
338
хикмет иесі. Сендерге баласы болмаған жұбайларыңның қалдырған
нəрселерінің жартысы тиеді. Ал егер олардың баласы болса, олардың
қалдырған нəрселерінің сендерге төрттен бірі тиеді; олардың өсиеті
жəне борышы өтелгеннен кейін. Егер сендерде бала болмағанда,
қалдырған нəрселеріңнің оларға төрттен бірі, сендерде бала болса,
оларға сегізден бірі тиеді; өсиеттерің жəне борыш өтелгеннен кейін.
Ал егер мирас алынатын əке-шешесіз жəне баласыз (кəлала) ер не-
месе əйелдің бір еркек яки қыз туысы болса, онда əрбіріне алтыдан
бірі, олар бірден көп болса, сонда олар үштен біріне ортақ болады;
өсиет жəне борыш өтелгеннен кейін. Өсиет, зиянсыз болу керек,
Алланың нұсқауы осы. Алла əр нəрсені білуші, өте жұмсақ.
(Ниса сүресі, 11-12)
Олар сеннен пəтуа сұрайды. Оларға айт: «Алла сендерге
«кəлала» жайында пəтуа береді: Егер əке-шешесі жəне баласы жоқ
біреу өлсе, оның бір қыз туысы болса, сонда оған қалған мирастың
жартысы тиеді. Егер өлген əйел болып, оның баласы болмаса, еркек
туысы оның мирасқоры болады. Егер өлгеннің қыз туысы екеу бол-
са, екеуіне қалған мирастың үштен екісі тиеді. Жəне мирасқорлар
ер, əйелдер аралас болса, сонда бір ерге екі əйелдің сыбағасындай
тиеді. Алла адасарсыңдар деп сендерге ашық түсінік береді. Алла əр
нəрсені толық біледі.
(Ниса сүресі, 176)
Əке-шеше жəне жақындардың қалдырған нəрселерінен еркектер-
ге де үлес бар. Əке-шеше жəне жақындардың қалдырған нəрселерінен
əйелдерге де үлес бар. Аз немесе көп болса да, одан өлшеулі несібе
бар. Бөліс кезінде ағайындар, жетімдер жəне міскіндер келсе, онда
оларды құр тастамай бір нəрсе беріңдер де, өздеріне сыпайы сөз
сөйлеңдер.
(Ниса сүресі, 7-8)
Жəне əке-шешеге жақындарға, жетімдерге, міскіндерге жақын
көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға жəне қол
астындағыларға жақсылық қылыңдар.
(Ниса сүресі, 36)
339
Достарыңызбен бөлісу: |