Пайғамбардың үкімі Кім пайғамбарға бағынса, расында, Аллаға бағынған болады.
Ал жəне кім бет бұрса (Мұхаммед ғ.с.) оларға сені аңдушы етіп
жібермедік.
(Ниса сүресі, 80) Пайғамбар атаулыны Алланың нұсқауымен бой ұсынылуы
үшін ғана жібердік. Егер олар өздеріне бір кесір істеген заманда
саған келіп, Алладан жарылқану тілесе əрі пайғамбар да олар үшін
жарылқау тілесе, əрине, олар Алланы тəубені өте қабылдаушы, ерек-
ше мейірімді түрде табар еді.
(Ниса сүресі, 64) Ал біреу өзіне тура жол айқындалғаннан кейін пайғамбарға
қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны
бұрылған жағына бұрамыз да, тозаққа саламыз. Ол нендей жаман
орын!
(Ниса сүресі, 115) Алланың, елшісіне бір кент тұрғындарынан қалдырған олжа-
лары; Аллаға, елшісіне, жақындарына, жетімдерге жəне жолда
қалғандарға тəн. Сендерден байлар арасында айналып жүрмеуі ке-
рек. Сендерге пайғамбар не берсе алыңдар да, неден тыйса одан
тыйылыңдар əрі Алладан қорқыңдар. Сөзсіз, Алла қатты азап иесі.
(Бұл аят бойынша пайғамбардың (ғ.с.) əміріне бой ұсыну уажіп).
(Хашыр сүресі, 7) (Мұхаммед ғ.с.) Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нəрселерінде
сені би қылып, сонан соң берген билігіңнен көңілдерінде ақау тап-
пай толық бой ұсынғанға дейін мүмін бола алмайды.
(Ниса сүресі, 65)