Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Жетімдердің ақысына қысым жасау



Pdf көрінісі
бет335/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   359
Жетімдердің ақысына қысым жасау
Негізінен, сондай жетімдердің малдарын зұлымдықпен жегендер, 
олар қарындарын отпен толтырған болады. Сондай-ақ жалындаған 
тозаққа кіреді.  
(Ниса сүресі, 10) 


340
Жинақтаушылық
Бүкіл  қорлаушы,  өсекшіге  нендей  өкініш!  Сондай  мал  жиып, 
оны санағандарға. Негізінен, малы (қаражаты) өзін мəңгі жасатады 
деп ойлайды. Олай емес, əлбетте ол «Хутамаға» тасталады. 
(Һүмəзə сүресі, 1-4)
(Мұхаммед с.ғ.с.) сондай алтын, күмісті жиып, оны Алла жолын-
да жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен сүйіншіле. 
(Тəубе сүресі, 34)
Еңбектеніп кəсіп ету 
Біз  түн  жəне  күндізді  (өзіміздің  илаһи  құдіретімізді  көрсетіп 
тұратын)  екі  белгі  қылып  қойдық. (Еш  нəрсе)  көрінбейтін 
қараңғылықты  түннің  белгісі  қылдық.  Күндіздің  белгісін  болса, 
Раббыларыңның  кеңшілігін  (яғни,  ризық-несібе)  іздеулерің  үшін 
жəне  де  жылдардың  санын,  есеп-қисапты  білулерің  үшін  жарық 
қылып қойдық. Жəне Біз барлық нəрсені ежелден-ақ толық баян етіп 
қойғанбыз.
(Исра, 12)
Сауда
Өсім жегендер (Ақырет күнінде қабірлерінен) тұрмайды, (тұрса 
да)  тек  жын  ұрған  мəжнүн  (жынды)  сияқты  тұрады.  Оған  себеп, 
олардың: «Сауда  да  өсімқорлықтың  өзі  ғой»  дегендері.  Негізінде, 
Алла  сауда-саттықты  адал,  өсімқорлықты  арам  еткен.  Енді 
кімде-кім  Раббысынан  уағыз-насихат  (осы  аят)  жеткеннен  кейін, 
(өсімқорлықтан) тоқтаса, онда бұрынғы өткендері-өзіне жəне оның 
ісі Аллаға тапсырылады (яғни, Алла Өзі қаласакешіреді). Енді кім 
өсімқорлыққа қайтса, олар-тозақ  иелері  жəне  онда  мəңгі  қалады.
(Бақара, 275)
Жетімнің малына балиғатқа жеткеніне дейін тек қана ең көркем 
жолменен  жақындаңдар.  Өлшеу  мен  таразыны  əділдікпен  толық 
тартыңдар. Біз ешбір жанға күш-жігерінен тыс нəрсені жүктемейміз. 
Сөйлегендеріңде  (күəлік  бергендеріңде),  егер  де  жақындарыңа 


341
 
(қарсы)  болса  да,  əділеттік  қылыңдар!  Аллаға  берген  уəделеріңді 
орыңдаңдар.  Əрине,  ескерту  (насихат)  аларсыңдар  деп  (Алла) 
сендерді  осы  нəрсеге  бұйырды.
(Əнғам, 152)
Мен бұл (дағуатым-шақыруым) үшiн сендерден сауап-сый сұра-
маймын. Менiң сауап-сыйым тек қана бүкiл əлемдердiң Раббысына 
мiндеттi. Өлшеудi толық өлшеңдер жəне кемейтiп (таразы тартушы-
лардан) болмаңдар! Жəне дұрыс таразымен тартыңдар! Адамдарға 
нəрселердi  кемiтiп  бермеңдер  жəне  жер  бетiнде  бұзақылық  етiп 
қаңғып  жүрмеңдер!  Əрі  сендерді  жəне  сендерден  алдын  өткен 
үмбеттерді  жаратқан  Алладан  қорқыңдар!»
(Шұғара, 181-184)
Өлшеуде  шектен  шықпаңдар.  Сондай-ақ  тартуды  əділетпен 
орындаңдар, таразыда  кемітпеңдер!
(Рахман, 8-9)
Пайыз
Олар адасуды туралықтың орнына, азапты жарылқаудың орны-
на ауыстырып алғандар. Сонда олар тозаққа қалай шыдайды?  Осы, 
Алланың Кітапты туралықпен түсіргендігі үшін. Негізінен, Кітап жай-
ында таласқандар ұзақ қайшылықта. (Яһудилер Месжід Ақсаны, хри-
стиандар оның шығыс жағын қыбла тұтып, əрқайсысы өз қыбласын 
жақсы  деп  ойлайды).  Жүздеріңді  шығысқа,  батысқа  жөнелту 
бір  игілік  емес.  Бірақ,  кім  Аллаға,  Ақырет  күніне,  періштелерге, 
кітаптарға,  пайғамбарларға  иман  келтірсе  жəне  жақындарына, 
жетімдерге,  міскіндерге,  жолда  қалғандарға,  қайыршыларға  жəне 
құл  азат  етуге  жақсы  көре  отырып,  мал  сарып  қылса  əрі  намазды 
толық  орындап  зекет  берсе,  өзара  байласқан  уəдесін  орындаушы, 
таршылықта, қиыншылықта жəне соғыс кезінде сабыр етуші болса, 
міне солар шыншылдар əрі солар тақуалар.  Ей, мүміндер! Сендер-
ге қысас (есе қайтару) парыз етілді: Азатқа азат, құлға құл, əйелге 
əйел  (өлтіріледі).  Дегенмен  оған  туыс  жағынан  кешірілсе,  оның 
ережеге  үйлесуі  екінші  жақтың  да  оған  дұрыс  төлеуі  қажет. (Егер 
қысас  кешіріліп,  құнға  тоқтаса,  алушының  орынсыз  егеске  қысас 
істемеуі, берушінің де дұрыс орындауы керек.) Міне осы, Раббыла-


342
ры жағынан жеңілдік жəне мəрхамет. Ал кімде-кім бұдан кейін шек-
тен шықса, (кек сақтаса) ол үшін ақыретте күйзелтуші азап бар.  Ей, 
ақыл иелері! Сендер үшін қысаста (кісі өлтіргенді өлтіруде) тіршілік 
бар. Əрине, сақтанарсыңдар.
(Бақара, 275-279)
Ей, мүміндер! Үсті-үстіне өсім жемеңдер, Алладан қорқыңдар. 
Əрине, құтыласыңдар. Сондай-ақ қарсы болғандар үшін дайындалған 
оттан қорқыңдар. 
(Əли Имран, 130-131)
Сендердің  адамдардың  малына  берген  өсімдерің  Алланың 
қасында  өспейді  де,  Алланың  ризалығын  тілеп  берген  зекеттерің 
өседі. Ал сонда, міне, солар – артықша сауапқа бөленушілер. 
(Рум, 39)
Қарыз
Егер  (сендерден  қарыз  алушының  жағдайы)  нашар  болса, 
байығанша күтіңдер. Егер білсеңдер-(берген қарыздарыңды) садақа 
етіп жіберулерің-өздеріңе одан да жақсырақ.
(Бақара, 280)
Аллаға  игі  қарыз  (сауапқа  жету  ниетінде  ықтиярлы  қарыз) 
беретін  кісі  бар  ма, (егер  болса,  əлбетте  Алла)  оған  бірнеше  есе 
етіп қайтарады. Өйткені (ризықтарыңды) тар жəне кең ететін Алла. 
Жалғыз Оған (Аллаға) қайтарыласыңдар. Кім Аллаға көркем қарыз 
берсе (Алла жолында ықыласпен мал жұмсаса) сонда Алла ол үшін 
көптеген есе арттырып береді. Алла тарылтады да кеңітеді. Əрі Ол 
жаққа қайтарыласыңдар.
(Бақара, 245)
Əлде кім Аллаға көркем қарыз берсе (тиісті орынға мал-қаражат 
жұмсаса), сонда Алла оны неше есе арттырады да, оған көркем сауап 
береді. 
(Хадид, 11)


343
 
Шүбəсыз,  садақа  беруші  ерлер  мен  садақа  беруші  əйелдер, 
сондай-ақ  Аллаға  көркем  борыш  бергендер  (тиісті  орынға  мал  са-
рып қылғандар), оларға неше есе арттырады əрі олар үшін көркем 
сыйлық бар. 
(Хадид, 18)


344


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет