Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет336/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   359
ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ.
ЗАҢ ЖƏНЕ МЕМЛЕКЕТ
Иелік пен үстемдік бір Аллаға ғана тəн
Бі лмедің бе? Көктер мен жердің иелігі Аллаға тəн. Сендер үшін 
Алладан  өзге  не  дос, не  жəрдемші  жоқ. 
(Бақара сүресі, 107)
(Мұхаммед ғ.с.): «Шынында, мен Раббым тарапынан ашық дəлел 
үстіндемін.  Сендер  оны  жалғандадыңдар.  Сендер  жедел  тілеген 
(азап) менде жоқ. Билік Аллаға ғана тəн. Ол туралықпен үкім етеді. 
Жəне  Ол  үкім  етушілердің  ең  жақсысы» де. 
(Əнғам сүресі, 57)
«Олардың  қанша  жатқанын  Алла  жақсы  біледі.  Көктер  мен 
жердегі  көместі  білу  Оған  тəн.  Ол  нендей  толық  көруші,  естуші. 
Оларға Алладан өзге бір көмекші жоқ. Ол Өз үкіміне ешкімді ортақ 
қылмайды» де. 
(Кəһф сүресі, 26)
Сонан соң (Алла) сендерге қайғыдан кейін тыныштық ұйқысын 
жіберді де, сендердің бір бөлімдеріңді баурап алды. Жəне бір топтың 
жандары қайғы болып, олар Аллаға орынсыз надандық ой ойлады. 
Олар: «Бұл істе бізде не ерік бар?», – десті. (Мұхаммед ғ.с.) оларға: 
«Барлық іс Алланың еркінде» деп айт. Ал олар іштерінде жасырған 
нəрселерін  саған  əшкерелемейді.  Тағы  олар: «Іс  біздің  еркімізде 
болса еді, осы жерде өлтірілмес едік» дейді. (Мұхаммед ғ.с.) оларға: 
«Егер сендер үйлеріңде болсаңдар да, өлтірілуі жазылғандар, əрине, 
өлтірілетін жерлерінде болар еді» деп айт. Алла көкіректеріңдегіні 
сынау жəне жүректеріңдегіні тазарту үшін осылай істеді. Сондай-ақ 
Алла  көкейлеріндегіні  толық  білуші. 
(Əли Имран сүресі, 154)
Сендердің  Одан  өзге  шоқынған  нəрселерің  сендер  жəне 
аталарың  атаған  құр  аттар  ғана.  Алла  оларға  табынуға  байланы-


345
 
сты  ешбір  дəлел  түсірмеген.  Үкім  Аллаға  ғана  тəн.  Ол  Өзіне  ғана 
құлшылық қылуларыңды бұйырған. Міне, осы – тұп-тура дін. Бірақ, 
адамдардың көбі білмейді.
(Юсып сүресі, 40)
Күдіксіз,  Раббыларың  сондай  Алла,  көктер  мен  жерді  алты 
күнде жаратқан. Сонан кейін ғаршыны меңгерген. Бірін-бірі қуалап, 
күндізді бүркеген түнді жəне күн мен айды, жұлдыздарды да əміріне 
бағындырған.  Сақ  болыңдар!  Жарату  жəне  бұйрық  беру  Оған  тəн. 
Өте жоғары Алла, бүкіл əлемнің Раббы. 
(Ағраф сүресі, 54)
Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге бой ұсыныңдар да, Одан 
өзгені дос тұтып ілеспеңдер. Нендей аз ғана үгіт тыңдайсыңдар!
(Ағраф сүресі, 3)
Талақ екі рет. Сонда не туралықпенұстау немесе жақсылықпен 
ажырасу керек. (Қайталай беру дұрыс емес.) Оларға бергендеріңнен 
еш  нəрсе  алуларың  халал  емес.  Бірақ  екеуі  де  Алланың  шегін 
орындай алмаудан (бірге жасай алмаудан) қорықса жəне сендер де 
екеуінің  Алланың  шегін  орындай  алмауынан  қауіп  қылсаңдар,  ол 
уақытта əйелдің еріне бодау беруінде екеуіне де күнə жоқ. Міне, осы 
Алланың шегі, сонда одан өтпеңдер. Ал кім Алланың шегінен өтсе, 
міне, солар – залымдар. 
(Бақара сүресі, 229)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет